2 -Жүргізуші: Абай - сазгер. Оның көп өлеңдері өз әнімен тараған 30 - дан астам әні бар, 3 күйі бар. Бүгінгі таңда нотаға түскен, орындалып жүрген классикалық туындылар.
КиЛ -111 тобының студенті Сагатова Жасминаның орындауында «Әсемпаз болма әр неге» әнің қабыл алыңыздар!
1- Жүргізуші: Абай – озық мәдениетті насихаттаумен қатар, әлеуметтік - азаматтық санасы өскен, халықтың үлкен қайраткері – дей келе ортаға
КиЛ-111 тобының студенті Нуртаза Назираның орындауында «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңін қабыл алыңыздар!
2- Жүргізуші: Абай – әдебиеттегі шебер аударма жасаудың үлгісін көрсетті. 70 - 80 шақты аудармалары өзге тілден дәл, нақ аударылған.
1- Жүргізуші Абайдың поэмалары: «Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі».
Бұл поэмалары қазақ өмірінің шындығын суреттеуге құрылмаған. Шығыстық оқиғалар сарынында жазылған. Идеясы – ұстаздық, тәрбиелік ой - мақсаттарға бейімдеп, көпке үлгі көрсету.
1- Жүргізуші Абайға дейін қазақ әдебиетінде болмаған үлгі – ол Абайдың қара сөздері.
Абайдың қара сөздері – көркем шығарма түрінде емес, ақынның өмір сабақтары туралы ойларын, содан туындайтын даналық, философиялық түйіндерді жинақтаған публицистикалық үлгіде жазылған ақыл - өнеге, өсиет, ғибрат сөздер. Жалпы қара сөздер саны 46. Оның 46 - сы аяқталмаған. Абайдың қара сөздері өз кезі үшін де, бүгін де бағасы зор.
КиЛ -111 тобының студенті Тілебалды Даниярдың орындауында А.Құнанбайұлының 31 қара сөзі
2- Жүргізуші Абай әндері өзінің терең сырлылығымен, әсемдігімен көптеген сазгерлердің шабытын оятып, қияалдарын ұштап келеді. Көптеген сахналарда Абай әндері орындалуда.
КиЛ -111 тобының студенті Тілебалды Даниярдың орындауында «Желсіз түнде жарық - ай» әнің қабыл алыңыздар!
1- Жүргізуші Парасатты болып туған,
Шыңғыстаудың Абайы.
Ән мен жырын мұра қылған,
Сарыарқаның Абайы.
Нақылымен сана құйған,
Қазағымның Абайы.
Ақылымен дана болған,
Бүкіл әлем Абайы!
2- Жүргізуші Құрметті, әдебиет сүйер қауым! Абайдың шығармашылығына арналған тағылымды кеш соңына жетті. Поэзия әлемінде келесі кездескенше қош, сау болыңыздар!