Сабақтың әзірлемесі Пән: Тартымды жылжымалы құрам құрылысы


Автотіркегіштің тіреулері



бет3/3
Дата17.06.2018
өлшемі1,8 Mb.
#42843
түріСабақ
1   2   3

Автотіркегіштің тіреулері жақтау(рама) мен кузовқа созылу,сығылу күштерін жібереді. Тіреулер П тәрізді пішінде жасалады. Автотіркегіш құрылғысы сенімді әрі ұзақ мерзім жұмыс жасауы үшін, оның негізгі бөлшектерін аз қоспалы 20ГЛФ немес 20ГЛ,20ФЛ болаттан құйып жасайды.
Автотіркегіштің тіркеу механизмдері.

Автотіркегіштің тіркеу механизмдеріне: құлып, құлып ұстағыш, сақтандырғыш, көтергіш, көтергіштің білікшесі (валигі) және болт жатады.



Құлып - тіркелген екі автотіркегіштерді бекіту үшін арналған. Күрделі құрылыстан тұратын жазық бөлшек. Құлыптың жоғары жағында сақтандырғышты ілуге арналған ілгек , ортаңғы бөлігінде көтергіштің білікшесі (валигі) өтуге арналған ойық, төменгі жағында қызыл түске боялған белгі өсіндісімен бағыттауыш тісі бар.
Құлып ұстағыш – тіркелген автотіркегіштерде, сақтандырғышпен бірге құлыпты төменгі жағдайда ұстап тұрады. Ажыратылған автотіркегіштерде вагондар толығымен ажырағанға дейін, көтергішпен бірге құлыпты жоғары жағдайда ұстап тұрады. Құлып ұстағыш - табан (лапа), сопақша ойық, қарсы салмақтан тұрады.
Сақтандырғыш – екі иықты тұтқа пішінді. Ол үстінгі және астыңғы иықтан, дөңгелек ойықтан тұрады. Сақтандырғыштың ойығы арқылы құлыптың ілгегіне ілінеді.
Көтергіш – сақтандырғыштың үстіңгі иығын көтеріп, құлып ұстағыш екеуі құлыпты копустың ішіне кіргізіп сол жағдайда ұстап тұрады. Көтергіш кең және тар саусақтан тұрады.

Көтергіштің білікшесі (валик)– автотіркегіштерді ажырату кезінде көтергішті бұрып, тігінен ұстап тұрады. Көтергіш теңгергіш (балансир) және стерженнен тұрады. Теңгергіштің (балансир) ойық арқылы сыммен ағытушы жетекпен жалғанады.

Болт, шайба арқылы автотіркегіштің тіркеу механизмдері бекітіліп тұрады.

Термин сөздер

Автотіркегіш құрылғысы


Автосцепное устройсто

Тартымды-соққылы

Ударно-тяговый

Корпус

Корпус

Орталықтандырушы құрылғы

Центрирующий прибор

Жеңілдету құрылғылары

Упряжное устройство

Ағытушы жетек

Расцепной привод

Құлып

Замок

Құлып ұстағыш

Замкодержатель

Сақтандырғыш

Предохранитель

Көтергіш

Подъемник

Көтергіштің білікшесі -

Валик подъемника

Тартымды қамыт

Тяговый хомут

Біріктіруші сына

Клин

Орталықтандырушы балка

Центрирующая балочка

Соққы розеткасы

Ударная розетка

Маятникті ілме

Маятниковая подвеска

Алдыңғы,артқы тіреулер

Задние и передние упоры

Кронштейн

Кронштейн

Жетек

Привод

Белгі өсіндісі

Сигнальный отросток

Сақтандырушы тақтайша

Поддерживающая планка

Үлен тіс

Большой зуб

Кіші тіс

Малый зуб

Зев

Зев

Катты

Жесткие

Катты емес

Нежесткие

Жартылай қатты

Полужетские

Теңгергіш

Балансир

Рама

Жақтау

Балансир

Теңгергіш

Балка

Белдем


ІV. Жаңа сабақты бекіту: (10 мин)

Сәйкестендіру тесті

І топ

Корпус

Ол үлкен тіс және кішкене тістен тұрады.Олардың қосындысы зев деп аталады.

Маятникті ілме

Диаметрі 25 мм өзектен және екі бас бөліктерден (үстіңгі кеңірек және астыңғы) тұрады. Үстіңгі бас жақ бөлігімен соққы розеткасына ілініссе, төменгі жағы орталықтандырушы белдемге (балкаға) бекітіледі.

Тартымды қамыт

Жақтау (рама) тәрізді жасалған. Оның ішінде жұту аппаратымен тақтайша орналасқан, бас жағында корпуспен жалғану үшін ойық орналасқан.

ІІ топ

Автотіркегіш құрылғысы

Қозғалыс кезінде пайда болатын соққыларды, өзіне қабылдап, женілдетуге және вагондардың арасында белгілі бір ара-қашықтықты сақтап тұру үшін арналған.

Орталықтандырушы құрылғы

жұту аппаратынан кейінгі артық күштерді өзіне қабылдайды және автотіркегіштің корпусынан орталықтандырып тұрады

Сына (клин)

Тартымды қамытпен корпусты жалғап тұру үшін арналған.

ІІІ топ

Орталықтандырушы құрылғы

соққы розеткасы,маятникті ілме,орталықтандырушы белдемнен (балкадан) тұрады

Жеңілдеткіш құрылғысы

Ол алдыңғы және соңғы тіреулердің арасында орналасқан.Оған тартымды қамыт(хомут),жұту аппараты, сына (клин),тіреуіш тақтайша, сақтандырушы тақтайша жатады.

Ағытушы жетек

Автотіркегішті ағытуға арналған құрылғы


Әр топқа жекелеген тапсырма


І - топ. Суреттегі автотіркегіштің

бөлшектерінің атауларын жазу.




ІІ – топ. Термин сөздің қазақша атауын жазу



Автосцепное устройсто




Ударно-тяговый




Корпус




Центрирующий прибор




Упряжное устройство




Расцепной привод




Замок




Замкодержатель




Предохранитель




Подъемник




Валик подъемника




Тяговый хомут




Клин




Центрирующая балочка




Ударная розетка




Маятниковая подвеска




Задние и передние упоры




Кронштейн




Привод




Сигнальный отросток




Поддерживающая планка




Большой зуб




Малый зуб




Зев



ІІІ – топ. Автотіркегіштің тіркеу механизмдерінің атауын және жинап-шашу ретін жазу.



V. Жаңа сабақты қорытындылау: (5-6 мин)

Салыстырмалы диаграмманы аяқтау.



Студенттерге стикер таратып бүгінгі сабақтан қандай әсер алғаның жазып тақтаға ілу

VI. Бағалау. (3-5 мин). Бағалауды әр топтың топ жетекшісі жүргізеді, екі бағалау парағы болады.

VII. Үйге тапсырма.(1-2 мин) Автотіркегіш құрылғысының қолданылуы, жіктелуі, құрылысы жайлы оқып келу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет