Сабақтың жоспары: Дидактика пәні, негізгі ұғымдары. Дидактиканың негізгі міндеттері



бет18/20
Дата06.02.2022
өлшемі71,89 Kb.
#79990
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Дидактиканың негізгі ұғымдары

Оқытушы iс-әрекетi



Мектептегі оқушыларды оқыту үдерісі мұғалімнің жетекшілігімен жүзеге асады. Мүғалімнің оқытудағы іс-әрекеті қызметі оқушылардың белсенді және саналы танымдық іс-әрекетін басқару болып табылады. Мұғалім окушылардың алдына міндеттер қояды, оларды біртіндеп күрделендіре отырып, балалардың ойлауын, таным жолымен ілгері қарай дамуын қамтамасыз етеді. Сонымен бірге мұғалім оқудың тиімді үйымдастырылуына қажетті жағдайларды жасайды: қойылған мақсаттарға сэйкес мазмұнды таңдайды, түрлі оқыту формаларын ойластырады жэне қолданады, мазмүнның оқушы қол жеткізген жетістікке айналуына көмектесетін түрлі әдістерді қолданады.
Оқыту үдерісін басқарудың мәні оны педагогикалық үдеріс пен педагогикалық іс-әрекет қүрылымына сәйкес келетін белгілі бір кезеңдерден өткізуді негіздейді. Мүндай кезеңдерді оқыту кезеңдері ретінде бөліп көрсетейік: жоспарлау, ұйымдастыру, реттеу (ынталандыру), бақылау, нэтижелерді бағалау мен талдау.
Мақсатқұрышылық оқытушы іс-әрекетіне оның кәсіби еңбегінің ажырамас бөлігі ретінде кіреді. Мақсатқұрушылық:
өз өмірін құрып, қазіргі заман мәдениеті мен өмір сүре алатын қазіргі адам тұлғасын дамытудың қандай да бір дәрежесіне жету объективті, әлеуметтік-психологиялық және мәдени қажеттілігін кәсіби тұрғыда ойластыру жүйесі;
мұндай адамның идеал бейнесін максималды дұрыс анықтамасын іздеу – бұл балалық шақтың тұлға дамуының мәні мен жекелік табиғатының тәрбиелеу мақсатын қабылдауды рұқсат ететін шаралар ретінде аналитикалық бағасы;
нақты бала бар болған нақты жағдайларды талдау жүйесі және қойылған тәрбие мақсаты мен мазмұнымен сәйкестендіру.
Оқытушылық іс-әрекеттің мазмұны дамудың негізі мен шарты болатын пәндік әлеуметтік-мәдени тәжірибені меңгеруге бағытталған оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру үрдісі мен өзінің іс-әрекетін ұйымдастыру үрдісі болып келеді.
Оқытушы іс-әрекетінің құралдары:
негізі мен көмегімен оқушылар тезаурусы құрылатын ғылыми (теориялық және эмпирикалық) білім;
білімдерді тасымалдаушылар ретінде оқулықтар мәтіндері немесе оқытушы ұйы
А. Б. Орловқа сәйкес мұғалімнің жекелік орталықтандырылуы педагог іс-әрекетінің интегралды және жүйеқұрушы сипаттамасы болып табылады. Мұнда дәл айтқанда мұғалімнің центрацияларды бұл іс-әрекеттің стиль, қатынас және т.б. көптеген формаларын анықтайды.
А. Б. Орлов педагогикалық іс-әрекетте жалпы, әрі нақты педагогикалық жағдайларында басыңқы бола алатын жеті негізгі центрацияларды көрсетті:
– эгоистік (өзінің «Мен» қызығушылықтарындағы центрация)
– бюрократтық (әкімшілік, жетекшілер қызығушылықтарына центрация)
– конфликттік (әріптестер қызығушылықтарына центрация)
– авторитеттік (оқушылар ата-аналарының сұраулары, қызығушылықтарына центрация)
– танымдық (оқыту мен тәрбиелеу құралдарының талаптарына центрация)
– альтруистік (оқушылар қызығушылықтарына (қажеттіліктеріне) центрация)
– гуманистік (мұғалімнің өзінің мағынасының қызығушылықтарына және басқа адамдардың (администратор, әріптестер, ата-аналар, оқушылар) мағынасына центрация)
Гуманистік центрация дәстүрлі оқытуды көрсететін центрациялардың алғашқы 6 түріне қарсы қойылады. Осылайша, қарама-қайшылыққа және әртүрлі тенденциялар күресіне толы күрделі де қазіргі заманғы өмірге қадам басқан келер ұрпақ бақытты келешегіне қамқорлық мотиві педагогтың кәсіпқойлығын жоғарылату, өзінің педагогикалық аспаптар қоймасына жаңа әдістер мен технологияларды қосып меңгерудің үнемі талпынысын қамтамасыздандыруға шақырады, мұғалім іс-әрекетіне гуманистік бағыттылық беріп, оның кәсіби өмір ұзақтығына жағдай жасайды. Бұл жайлы «ақыл, жақсылық, мәңгілік еккендер» іс-әрекеті мен қалыпты тіршілігі үшін қажетті жағдайларды қамтамасыздандыратындарға ұмытпау керек.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет