Сабақтың жоспары Пән аты: Кәсіптік қазақ тілі Сабақ өткізілетін күн



Дата13.08.2017
өлшемі113,28 Kb.
#23581
түріСабақ
Бекітемін

Директордың ОІЖ орынбасары

________Г.Е.Садуакасова
Сабақтың жоспары
Пән аты: Кәсіптік қазақ тілі


Сабақ өткізілетін күн

Сабақ өткізілетін топ, курсы, мамандығы

Өткізілетін орны (аудитория нөмірі)

Сабақтың өткізілетін орын

19.10.2016

ЛФН-15-3р6 2-курс

31

15-00-16-20




МФН-15-3р6 2-курс









І. Сабақтың тақырыбы: Грамматикалық тақырып: Есімдік. Көмекші есімдік. Есімдіктің емілесі. Есімдіктің түрлері:

Лексикалық тақырып: Денесі күйген науқастарды күту.

ІІ. Сабақтың мақсаты:

А) Білімдлік: тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым, сөйлесу әрекеттері арқылы білімгерлердің тақырып бойынша білімін тереңдету.



Ә) Тәрбиелік: Білімгерлердің сөздік қорын молайту. Ой-өрісін кеңейту. Шығармашылық қабілеттерін кеңейту. өз бетімен жұмыс жасауға төселдіру.

Б) Ой-өрісін дамытушылық: білімгерлердің мамандық бойынша арнайы білімдерін қазақ тілінде дамыту, білім-біліктілігін арттыру, логикалық дағдыларын қалыптастыру.

ІІІ. Сабақтың типі: аралас сабақ

ІҮ. Сабақтың түрі: теориялық

Ү. Сабақтың өткізілу әдістері: түсіндірме –баяндау, сұрақ-жауап, миға шабуыл, ой қозғау, салыстыру, мәтінді құрастыру, қиын аудармалармен жұмыс.

ҮІ. Сабақтың көрнекілігі: карточка, сөз жұмбақ, тест тапсырмасы.

Пән аралық байланыс: Қазақ әдебиеті, Орыс тілі, Анатомия, Экология.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Журналды толтыру, білімгерлердің сабаққа дайындығын қадағалау.

  2. Білімгерлердің қызығушылығын ояту, сабаққа ынталандыру.


Үй тапсырмасын сұрау. Өткен сабақ бойынша білімгерлердің білімін тексеру.

  1. Үсігенде көрсетілетін алғашқы көмек.

  2. Үсіктің түрлері.

Сабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлау, мақсатын қою

Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар.

  • Есімдік

  • Көмекші есімдік.

  • Есімдіктің емілесі.

  • Есімдіктің түрлері.

  • Денесі күйген науқастарды күту.

Бекітемін

Директордың ОІЖ орынбасары

________Г.Е.Садуакасова


Сабақтың жоспары
Пән аты: Кәсіптік қазақ тілі


Сабақ өткізілетін күн

Сабақ өткізілетін топ, курсы, мамандығы

Өткізілетін орны (аудитория нөмірі)

Сабақтың өткізілетін орын

20.10.2016

ЛФН-15-3р6 2-курс










МФН-15-3р6 2-курс









І. Сабақтың тақырыбы: Грамматикалық тақырып: Етіс және оның түрлері. Көсемше және оның түрлері. Есімше және оның түрлері.

Лексикалық тақырып: Буын шыққанда көрсетулетін алғашқы көмек.

ІІ. Сабақтың мақсаты:

А) Білімдлік: етістің жасалу жолдары, түрлері туралы түсініктерін кеңейту. Етістің түрлеріне лексикалық тақырыппен байланыстыра отырып мысал келтіріп, талдау жасап, олардың айырмашылығын таныту, өз ойларын жүйелі айтуға үйрету. Елордамыз туралы ерекше пікір қалдыру.



Ә) Тәрбиелік: сауатты оқу-жазуға, жауапкершілікке тәрбиелеу; ұлттық құндылықтарды құрметтеуге үйрету; өнер-білімге, Отанымызға деген сүйіспеншілігін ояту; оқушылардың бойына адамгершілік, эстетикалық, ізгілік қасиеттерді, рухани байлығын қалыптастыру, пәнге деген  қызығушылығын арттыру.

Б) Ой-өрісін дамытушылық: оқушы қабылдауы мен ойлау аралығын зерттей отырып, ой қорытқызу және өз пікірлерін еркін жеткізе білуге баулу, жаңа сөздермен сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеу тілін, ой-өрісі мен дүниетанымын, есте сақтау, қабылдау, меңгеру қабілеттерін дамыту; білім, білік дағдыларын қалыптастыру.

ІІІ. Сабақтың типі: аралас сабақ

ІҮ. Сабақтың түрі: теориялық

Ү. Сабақтың өткізілу әдістері: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, зерттеу, жеке жұмыс, топпен жұмыс, ойын элементтері.

ҮІ. Сабақтың көрнекілігі: қалыптастырушы бағалау тапсырмалары, стикерлер, мұғалімдер үшін бағалау жаймасы, үлестірмелі кесінділер, бағалауға арналған тапсырмалар, кері байланыс жаймасы, оқулық, кеспе қағаздар, қосымша оқулық материалдары, семантикалық карталар.

Пән аралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих, музыка, өнер, бейнелеу өнері, орыс тілі, жағрапия.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:

    1. Журналды толтыру, білімгерлердің сабаққа дайындығын қадағалау.

    2. Білімгерлердің қызығушылығын ояту, сабаққа ынталандыру.


Үй тапсырмасын сұрау. Өткен сабақ бойынша білімгерлердің білімін тексеру.

  1. Денесі күйген адамдарды күту.

  2. Күйіктің түрлері.


Сабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлау, мақсатын қою

Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар.

  • Етіс және оның түрлері.

  • Көсемше және оның түрлері.

  • Есімше және оның түрлері.

  • Буын шыққанда көрсетулетін алғашқы көмек.


1.Етіс және оның түрлері.



р/с

 

Түрі

 

Ереже

 

Жұрнақтары

 

Мысалы:

 

1

 

Өздік етіс

 Іс-қимылды адам өзі істейді

 

-ын/-ін/-н

 

   Аз уақыт ішінде көркі көз қуантар керемет астана салынды

2

Өзгелік етіс

Адам  іс-қимылды өзге біреуге орындатқызады

 

1. -дыр/-дір, -тыр/-   тір,-ыр/-ір/-р

2. -ғыз/-гіз, -қыз/-кіз

3. -т

4. -сет

  ЭКСПО-ға дейін әлі де талай таңдай қақтырғызар ғимараттар салынуы мүмкін

3

Ырықсыз етіс

Іс-қимыл өздігінен жасалғандай көрінеді

 

1. -ыл/-іл/-л

2. -ын/-ін/-н

(түбірде «л»әрпі болса)

Осының барлығы елбасының көрегенділік саясатының арқасында жасалынды.

4

Ортақ етіс

 

Іс-қимыл бірлесіп, ортақтасып істелінеді

 

-ыс/-іс/-с

(жаз-ыс-ты)

 

Қаланың сәулетіне барлық елдердің ең керемет сәулетшілері тартылып, барлығы атсалысты


2.  Көсемше де –етістіктің ерекше түрі.

Есімше сияқты көсемше де екі түрлі мәнде,екі түрлі қызметте қолданылады.Іс-әрекеттің жай күйін білдіріп, пысықтауыш болады,жіктеліп немесе көмекші етістікпен тіркесіп,баяндауыш болады.                                                   Көсемшенің жұрнақтары

1 -а, -е, -й Айт-а, кел-е-, сөйле-й

2 -ып, -іп, -п Айт-ып, кел-іп, қара-п

3 -ғалы, -гелі, -қалы, -келі Ал-ғалы, бер-гелі, бас-қалы, төк-келі

Көсемшенің –а,-е, -й және –ып,-іп,-п  жіктеледі, -ғалы, -гелі,-қалы,-келі жіктелмейді(Ауызша бір-екі етістікті алып жіктету)                                                                                                                                                           



Көсемшелер көптік, септік,тәуелдік жалғауларды қабылдамайды

2.1-2оқушыны тақтаға шығарып, мақалдарды сөз табына талдату. 

Мыс: 1. Әкеге қарап ұл өсер,   Шешеге қарап қыз өсер.

           2.Батыр жауда көрінеді.   

  3. Сыныпта 257-жаттығу көсемшелерді теріп жазыңдар(Дәптерлеріне теріп жазады да, оқиды.)    

№3 Тапсырма.        

№6.Көсемше жұрнақтарын қатыстыра отырып,мағынасы сәйкес сөзбен тіркестір.

1.Таң----------------------жымыңда+ п тұр

2.Жұлдыз---------------------ағар+ып атты

3.Ай-----------------------------жау+ғалы тұр

4.Боран------------------------- сыңғырла+й соғылды

5.Қоңырау-----------------------жарқыра+й+ды

6.Жаңбыр------------------------- гуілде+й соқты

№4   «Ойлан, тап!» ойыны(плакатқа 1-бағанның тапсырмасын сызу.Қалғанын оқушылар өздері орындайды.)

 

Көсемшелерді етістіктермен тіркестіріп, күрделі етістіктер жаса.

Етістік     Көсемше Күрделі етістік

1. Жабу


2. Көрсету

3.Қону


4. Жүру

5.Айту


6.Түсу

7. Сынау


8 Бару

9. Шегіну

10. Сөйлеу
Есімше және оның түрлері.

1. – қан, - кен, - ған, - ген - өткен шақ есімшелері.


2. – ар, - ер, - р - болжалды келер шақ есімше.
3. – мақ, - мек,- пақ,- пек,- бақ,- бек - мақсатты келершақ есімшелері.
4. – атын,- етін, - итІн,- йтын - ауыспалы кңелер шақ
Жазылған қағаз

Оқыған кітап

жиналған үй

болған оқиға

қызған ойын

сынған әйнек

жуылған киім
Буын шыққанда көрсетулетін алғашқы көмек
1.Байламдардың созылуы.

Оқыс қимылдағанда, буында сүйектердің ығысуы шамадан асып кеткенде байламдар зақымдалады немесе созылады.

Зақымдалған буын айналасы ісіп, қатты ауырады. Байлам созылғанда тамырлар үзіліп, жарақаттанған жерге қан құйылады.

Алғашқы көмек: алдымен, зақымданған жерге мұз, қар немесе мұздай шүберек басу. 20минуттан соң таңғыш салып, медициналық мекемеге жеткізу.

2.Буынның шығуы.

Буын басы буын ойысынан шығып кеткенде беттерінің жанасуы бұзылады.. Мұндай жағдайда зақымданған жерге салқын зат басып, зардап шегушіні қозғалтпай, медициналық мекемеге жеткізу керек.

3.Сүйек сыну. Сүйек тұтастығының бұзылуы сыну деп аталады.

Сүйек сыну ашық, жабық түрлері болады. Ашық сынуда сүйек қана емес, тері, бұлшықет, қан тамырлары да зақымдалады. Алдымен қан кетуді тоқтату керек, шендеуіш салып таңу.

4.Кеуде қуысы сүйектерінің сынуы.

Бұғана мен жауырын зақымданса, орамалмен қолды мойынға таңып, қолтыққа кез-келген мата қояды.

Қабырға сынса, зардап шегушіні орындыққа отырғызып, терең дем шығартады да, кеуде қуысын қысып дәкемен орап тастайды.

Бассүйек пен омыртқа жотасының сынуы өте қауіпті. Зардап шеккен адамды қозғалтпай, тез жедел-жәрдем шақыру керек. Омыртқа жотасы зақымдалса зардап шегушіні етпетінен тақтайға жайлап жатқызып, басы мен иығының астына матаны бүктеп қояды.



Бассүйек сынса жай зембілге жатқызып апару керек. Басты қозғалмайтындай етіп, жан-жағына киім не көрпе қояды.

Сабақты қорытындылау.-5 минут. Білімгерлердің жаңа сабақта алған білімдерін қорытындылау.

Білімгерлердің білімін және сабаққа белсенділігін бағалау 2 минут.

Үй тапсырмасы 5-минут

Әдебиеттер: Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, III том

Сабақтың аяқталуын хабарлау: құрметті оқушылар, осымен бүгінгі сабақ аяқталды, көңіл қойып тыңдағандарыңызға және сабаққа белсенді қатысқандарыңызға рахмет сау болыңыздар!
Оқытушының қолы:____________
Каталог: uploads -> doc -> 1323
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1323 -> Сабақ өтілетін уақыт: Орны: биология кабинеті Барлық оқушы саны: 9 Қатысқаны: 9 Сілтеме
1323 -> Сабақ тақырыбы Сағат саны Мерзімі Саяхатқа шығайық 5 с 1
1323 -> Сабақ Тақырыбы: «Азық-түлік» дүкен ойыны» Орындаған: Алпейсова Ж. С. Рудный қаласы 2015 ж 03. 12. 2015ж. Сабақтың тақырыбы: «Азық-түлік» дүкен ойыны. Сабақтың мақсаты
1323 -> Сабақтың тақырыбы: Табиғат зоналары Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
1323 -> Конденсатор


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет