Сабақтың жоспары: Психологияға ғылым ретінде анықтама. Ғылыми және тұрмыстық психологияның айырмашылығы



бет3/22
Дата05.10.2022
өлшемі95,03 Kb.
#151829
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
Дәрістер (2)

Әдебиеттер:

  1. Алдамұратов Ә. Жалпы психология: Оқу құралы Алматы: Білім, 1996.- 224 б.

  2. Алдамұратов Ә., Рақымбеков Қ., Іргебаева Н. Және т.б. Жалпы психология: Оқу құралы. - Алматы: Білім, 1996. - 224 б.

  3. Жалпы психологияға кіріспе: Оқу құралы / Жауапты ред. С.М. Жақыпов.- Алматы: Қазақ университеті, 2007. - 230 б.

  4. Жарықбаев Қ.Б. Жантану оқулығы: ҚР жоғары оқу орындары студенттеріне арналған / Қ.Б. Жарықбаев. - Өңделіп, толықтырылып сегізінші басылуы.- Алматы, 2008. - 638 б.

  5. Першина Л.А., Общая психология: Учебное пособие для студентов высших учебных заведений / Л.А. Першина. - М: Академический Проект, 2004.- 436 с.

  6. Маклаков А.Г., Общая психология: Учебник для вузов / А.Г. Маклаков.- СПб.: Питер, 2004.- 583 с.:ил..- (Серия " Учебник нового века").

  7. Вопросы психологии познавательной деятельности: Сб.науч.тр. / Моск.гос.пед.ин-т им.В.И.Ленина; И.Л.Баскакова и др..- М., 1981.- 144 с.



3 дәріс. Іс-әрекет психологиясы
Сабақтың жоспары:

  1. И.М.Сеченов іс-әрекет физиологиясы туралы.

  2. Әрекеттің рефлекторлы тұжырымдамасы.

  3. Әрекетті ұйымдастыруының механизмдері.

  4. Н.А.Бернштейн физиологиялық әрекет теориясы.

  5. Іс-әрекеттің қоздырушы себептері.

  6. Іс-әрекеттің мақсаты.

  7. Іс-әрекет құрылымы.

  8. Іс-әрекеттің орталық құраушысы ретіндегі әрекет.

  9. Әрекеттің негізгі сипаттамалары.

  10. Іс-әрекет психологиялық теориясының негізі.

Психология ғылымындағы іc-әрекет туралы жалпы мағлұмат
Іc-әрекетсiз адам өмірі мүмкін емес. Ic-әрекет үрдісінде адам қоршаған дүниені, оның заңдылықтарын танып бiледi, әртүрлі құбылыстарды қабылдайды.
Ic-әрекет үрдісінде өнiмдер және материалдық заттар киiм - кешек тамақ, тұрғын үй жасалады, оларсыз адам өмір сүре алмайды. Ic-әрекет үрдісіңде рухани құндылықтарды - саз, бейнелеу өнepi, поэзия, рьmымды жасау іске асады. Сонымен, ic-әрекет - бұл адамның қоршаған дүниеге белсеңдi қатынасының түрі.
Адамның ic-әрекетi жануарлар мінез-құлқынан ол қанша күрделі болғанмен ерекше айырмашылығы бар. Адамның ic-әрекетi саналы сипатқа ие болады, ол мақсатына бағытталған, демек адам мақсатты және оған жетудiң тәсілдерін түсінеді, iс-әрекеттің кейбiр бөлiмдерiн жоспарлайды, мүмкін болатын қиындықтар мен кедергiлердi ескерiп отырады, қажет болған жағдайда iс-әрекеттi қайта құрады, нәтиженi алдын ала көре бiледi.
Адамның ic-әрекетi еңбек құралдарын дайындаумен, пайдаланумен және сақтаумен байланысты. Адамның ic-әpeкeтi қоғамдық сипатқа ие болады, ол ұжымда және ұжым үшін іске асады. Ic-әрекет үрдісінде адам басқа адамдармен күрделі қатынастарға енедi.
Ic-әрекет қоғамдық - тарихи жағдайлармен анықталады. Адам өзінiң iс-әрекетiн қоршаған өмiрден, өзі өмір сүрген қоғамның талаптарынан бөлiп қарай алмайды.
Барлық уақытта да және кезеңде де адам еңбекпен айналысты, ол қоғамның қажеттiлiгiн (материалдық және рухани) немесе жеке қажеттiлiктердi қанaғаттандыратын өнім берiп отырды. Ic-әрекет адамның өзіне де өзіңдiк таңбасын қалдырады. Психика тек көрiнiп қана қоймайды, ол ic-әрекетте қалыптасады.
Жеке тұлға iс-әрекетте қалыптасады, адам ежет, ержурек қасиет танытады. өздерiңiздi қоршаған адамдарды бақылап қарасаңыздар, мамәндық адамның сыртқы келбетiн, оның рухани дуниесiн өзгертедi. әр мамәндықтың өзіне тән ерекшелiктeрi бар, мәселен, ескери адамның психологиясыңда өзіндiк ерекшелiктерi кездеседi. Сол сияқты мұғалiмдiк дәрiгерлiк мамандықтардың өзіндiк ерекшелiктерi болады.
Адамның ic-әрекетi алдына қойған мақсаттарымен, мiндеттерiмен анықталады, адамды осы ic-әрекетке итермелеген, себеп болған белгiлi түрткілермен байланысты. Алдына қойған мақсаттары мен мiндеттерiн іске асыра отырыл, адам ic-әрекетте өзінiң белсендiлiгiн бiлдiредi.
Кез-келген белгiлi бiр түрткілер пайда болады және іске асады, белгiлi себептермен анықталады. Сiз неге оқыдыңыз? Неге адыңызға университеттi бiтiру туралы мақсат қойдыңыз? Осы сұрақтарды алдыңызға қойып көріңiз, бiрден сiздің есiңiзде осындай шешiмге келуге итермелеген түрткілер пайда болады. Олар әртүрлі болуы мүмкін, бiрақ барлығыда сiздiң оқу iс-әрекетiңiздiң мақсатын анықтайтын қаңдай да болмасын түрткілер болады.
Ic-әрекет оның құрылымына қарай қарастырылады. Кез-келген iс-әрекетте темендегiдей беөлiктердi атап көpceтyгe болады (құрамдас бөлiктeрi, бөлiмдерi, iс-әрекеттің кезеңдерi): мақсат қою кезеңi (нақты мiңдeттepді анық түсіну); жұмысты жоспарлау, әрекеттің тиiмдi тәсілдерін таңдау кезеңi; ic-әрекетті орыңдау, іске асыру кезеңi; одан әpi нәтижелерiн тексеру, қатесiн түзеу, алынған нәтижелердi жоспарланған нәтижелермен салыстыру, жұмысты қорытындылау.
Оқушының нақты оқу әpeкeтін талдай келiп, барлық бұл кезеңдердi аңғару қиын емес. Адамзат ic-әрекетiнiң қажеттi шарттары - психикалық үрдicтер. Олар адамның кез-келген iс-әрекетiнің мiңдеттi жағы болып табылады: ойын үстiңдегi бала, оқушының оқуы, адамның еңбек eтyi - әруақытта да iс-әрекеттің барлық түрлері зейiнмен, қабылдаумен, еспен, ойлаумен және басқа да үрдістермен тығыз байланысты, онсыз адамның ешқандай ic-әрекетi іске аспайды.
Психикалық үрдістер адамды қоршаған opтaғa бащарлайды, оның ic-әрекетiн бағыттайды, оны ойлап iстейдi, әрекеттердi іске асатын жағдайларға сәйкес ретке келтiредi. Екiншi жағынан, бүкiл психикалық үрдістер іске асады, қалыптасады және ic-әрекет үрдісінде реттеледi. Осылай психикалық үрдістер мен адамның ic-әрекетi өзара байланысты және өзара тәуелді іске асады.
Баланың ic-әрекетiн бақылай отырып, бұл үрдіске толық сенуге болады. Бала психикасы оның iс-әрекетiнде қалыптасады. Мектепке дейiнгiлердің ойын әрекетінде оның есiнiң, зейiнiнiң, ойлауының қалыптасуын аңғаруға болады. Мектеп оқушыларында оқу әрекеті ерекше рөл атқарады, осы жетекшi әрекеттің әcepiмeн оқушылардың психикалық үрдістерi сапалы өзгерістерге ұшырайды - олардың зейiн, үрдістерi бiрте-бiрте мақсатты басқарyға және реттеуге бейiм келедi, оның көлемi, қозғалыстығы және басқа да сапалары артады.
Ic-әрекеттің мақсаты және түрткілері психикалық үрдістердi реттеп және оны басқарып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет