Сабақтың жоспары: Психологияға ғылым ретінде анықтама. Ғылыми және тұрмыстық психологияның айырмашылығы



бет16/22
Дата05.10.2022
өлшемі95,03 Kb.
#151829
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22
Байланысты:
Дәрістер (2)

Әдебиеттер:

  1. Жарықбаев Қ.Б. Жантану оқулығы: ҚР жоғары оқу орындары студенттеріне арналған / Қ.Б. Жарықбаев. - Өңделіп, толықтырылып сегізінші басылуы.- Алматы, 2008. - 638 б.

  2. Жарықбаев Қ., Жалпы психология: Оқулық / Қ. Жарықбаев.- Өнделіп, бесінші басылуы.- Алматы: Эверо, 2004.- 378 б.

  3. Намазбаева Ж.И., Жалпы психология: Оқулық / Ж.И. Намазбаева.- Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2006. - 296 с.

  4. Жалпы психологияға кіріспе: Оқу құралы / Жауапты ред. С.М. Жақыпов.- Алматы: Қазақ ун-ті, 2007. - 230 б.

  5. Жарықбаев Қ., Қазақ психологиясының тарихы / Қ. Жарықбаев.- Алматы: Қазақтан, 1996. - 160 б.



12 дәріс. Ойлау мен сөйлеу
Сабақтың жоспары:

  1. Іс-әрекеттегі ойлаудың рөлі.

  2. Көрнекі-бейнелі, көрнекті-әрекетті ойлау, сөздік-логикалық ойлау.

  3. Ұғынымды ойлау. Сөздік ойлау.

  4. Практикалық және теориялық интеллект.

  5. Ырықты және ырықсыз ойлау.

  6. Шығармашылық ойлау. Ойлаудың индивидуалды ерекшеліктері.

  7. Ойлау және ішкі ыңғайлану.

  8. Ойлау іс-әрекетін эмоциялық реттеу.

  9. Ойлау және қарым-қатынастың эмоциялық компоненттері.

  10. Ойлаудың даму сатылары.

  11. Ойлау және сөйлеу. Л.С.Выготскийдің зерттеулері.

Жоғарыда айтылған түйсіктер, қабылдаулар мен елестер адамның түрлі анализаторларына бетпе-бет әсер еткен заттар мен құбылыстардың өзін, я жеке сипаттарын бейнелейтінін анықтадық. Бұл психикалық процестер біздің дүние тануымыздың сезімдік негізі болып табылады. Бірақ адам баласы өзінің айналасындағы шындықты бейнелеу әрекетінде танымның бұл сатысымен қанағат етіп отырмайды, оның таным өрісі де өресі де бұл алғашқы сатыдан әлде қайда кең және биік. Өзі нақты тура түйсінбесе де, қабылдамаса да, бетпе-бет кездеспеген заттар мен құбыластар туралы адамның толық мағлұматы болады. Мәселен, Жердің қозғалмай бір қалыпта тұратынын, Күннің жерді айналып жүретінін қабылдаймыз, «күн шығады», «күн батады» дейміз. Шынында, олай емес екен. Күнді айналып жүретін – Жер. Бұл – ақиқат сезімдік таным арқылы емес, диалектикалық ойлау арқылы табылып отыр. Дүниеде көптеген құбылыстар кездеседі, біз оларды қабылдай, елестете алмаймыз, ал олар туралы ойлауға болады. Мысалы, елестету арқылы 1 секундта 300.000 км жылдамдықпен болатын қозғалысты білуге болмайды, ал ойлау арқылы біле аламыз (бұл жарықтың жылдамдығы).
Бiрақ елестетiп көрейiкшi, егер бiздiң дүние туралы барлық бiлiмдерiмiз тек заттарды түйсiнумен және қабылдаумен тамамдалса, не болар едi? Онда бiз атомның құрылысын бiлмеген болар eдiк, себебi ол өте нәзiк және бiздiң көзiмiзге көрiнбейдi, бiздiң құлағымыз естiмейтiн ультрадыбыстардың барлығы туралы бiлмеген болар едiк, жерден күнге дейiнгi қашықтықты (аралықты), жұлдыздардың температурасын және көптеген табиғаттың сырын бiлмеген болар едiк.
Бiрақ бiзге атомның құрылысы да, ультрадыбыстардың қасиеттерi де, жұлдыздардың температурасы да және т.б. бiздiң қолымыз жетпейдi, оларды бiздiң көзiмiз көрмейдi, құлағымыз естiмейді. Демек, сезiм органдарымен қатар бiзге тiкелей түйсiнy мен қабылдауға мүмкiн болмайтын салаларды ашып беретiн танымның ерекше тәсiлi бар. Бұл тәсiл - ойлау.
Ойлау аса күрделі психикалық процесс. Оны зерттеумен бірнеше ғылым айналысады. Бұлардың ішінде логика мен психологияның орны ерекше. Осы екі ғылымның ойды зерттеудегі әдіс тәсілдерінде де өзіндік айырмашылық бар. Мысалы: психология түрлі жас мөлшердегі адам ойының пайда болуы, дамуы, қалыптасу жолын, яғни жеке адамның ойлау ерекшеліктерінің заңдылықтарын қарастырса, логика бүкіл адамзатқа ортақ ой-әрекетінің заңдары мен формаларын айқындайды. Адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пікір, ой формаларының табиғатын зерттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет