II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.
5 мин.
|
Үй тапсырмасын тексеру. («Стикердегі диалог» әдісі)
«Жамандық неден болады?» (Ертегі)
Мұғалім: Ертегі қалай басталады ?
1
-Ертегі «Ертеде орманда бір жалғыз адам тұрыпты.Бұл кісіден аң, құстар қорықпай , адамша сөйлесіп жүреді екен» - деп басталады.
-Аң, құстар өзара әңгімелесіп, бір- бірінен не деп сұрады ?
2
Аң, құстар өзара әңгімелесіп, бір- бірінен: «Осы дүниеде жамандық не себептен болады?»- деп сұрады.
-Сонда ең бірінші кім сөйлейді?
3
-Сонда ең бірінші қарға сөйлейді.
-Қарға дүниедегі жамандық неден болады дейді?
4
-Қарға «дүниедегі жамандық аштықтан болады»,- дейді.
-Қарға өз сөзін қалай түсіндірді?
5
-Қарға өз сөзін былай түсіндірді: «Ашықсаң, жүрегің қарайып, ешкімді
тыңдағың келмейді.»
Қарғадан кейін кім сөйледі?
6
-Қарғадан кейін жылан сөйледі.
- Жылан жамандық неден болады деді?
7
-Жылан: «Жамандық ызақорлықтан болады»,- деді.
-Жылан өз ойын қалай түсіндірді?
8
Жылан өз ойын былай түсіндірді: «Кейде қатты ашуланғанда ызаланып біреуді шағып аламыз.Ол кейін өзіңді өлтіреді»
Жыланнан кейін кім сөйледі?
|
Слайд 1
|
Сабақтың ортасы III. Тақырып бойынша жұмыс
6– мин.
|
Үй тапсырмасын бекіту. (Сөзжұмбақ)
Шешуі:Жақсыға жанас, жаманнан адас.
Түйін: Қолыңнан келгенше бәріне жақслық жасауға тырыс. Ешқашан жамандық жасама.Кекшіл болма, кшірімді бол.
Жаңа тақырыпқа кіріспе жұмыс
-Наурыз айы –қасиетті ай. Тек осы айда адамдар барлық өкпе –ренішін ұмытып, бір*бірімен достасады.Достықтың белгісі ретінде бір-бірімен құшақтасып, төс қағыстырады.
Бұны халқымыз Көрісу күні деп те атайды.
Осы наурыз айында тағы қандай мерекелер бар?
Біз бүгін тек қазақ халқының ғана емес, күллі түркі тіледс халықтың аса бір қасиетті мерекесі наурыз туралы танысамыз.
Жаңа тақырып: Әз- Наурыз туралы аңыз
-Бұл мереке жайында не білесіңдер?
(Оқушылар пікірін тыңдау)
Оқушылар пікірін «Қызғалдақтар сыр шертеді» атты айдарымен толықтыру.
*Наурыз сөзі парсы тілінен аударғанда «Жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Яғни, Наурыз, (парсыша «нау» (жаңа) және «руз» (күн). Орталық Азия халықтары арасында Жаңа жылдың басы болып саналады. Бұл күн, яғни наурыз айының 21-нен 22-не қараған түні - күн мен түн теңеледі. Сондықтан халық санасында ол - Әз Наурыз деп аталады. Наурыз мерекесінің халық арасында аталып келе жатқанына, кейбір деректер бойынша 5 мың жылдай болған.
*Наурызек – наурыз айында ұшып келетін көктем құсы.
*22 наурызға қараған түнді «Қыдыр түні» атайды. Қыдыр ата - барлық адамға бақыт, береке, өмір сыйлаушы қасиет иесі. Ол Ұлыстың ұлы күнінде әр шаңыраққа соғып бата береді деген сенім бар. Сондықтан әр үй Қыдыр атаны күтіп, үйдің іші-сыртын тазартып, ағаш егеді. Мұндай үйге Қыдыр ата бата беріп кетеді деп түсінген. «Қыдыр қонған», «Қыдыр дарыған» деген сөздер осындайдан шыққан.
Автор туралы дерек:
Нұрқасым Қазыбеков 1 мамыр 1936 жылы ҚХР ІлеҚазақавтономиялықоблысы, Текесауданында дүниеге келген. 2011 жылы өмірден өтті. ҚазақстанЖазушылародағының мүшесі болды. "Тұсаукесер" , "Шалғайдағы мектеп" ,"Ауылдағы ағайындар" ,"Дала өрнектері" т.б. шығармалары бар.
Оқулықпен жұмыс
Мәтінді бөліктерге бөліп оқу, тапсырманы топта талдау.
«Джексо», «жуан, жіңішке сұрақтар» әдісі.
І ТОП:
Наурыз ата екі ағайынды болыпты.Өзінен туған ұрпақ болмапты. Ал інісінің балалары көп екен.Олардың Наурыздың кемпірі бауырына тартып, жақсы көріпті.
Тапсырма:
1.Қарамен жазылған сөздердің мағынасын қалай түсінесіңдер?
2. Наурыз ата мен оның кемпірі қандай адамдар?
3. Сендердің ата- әжелерің бар ма? Олар сендерді қалай жақсы көреді?
4. Мәтінге қандай тақырып қоюға болады?
ІІ ТОП:
Көктемнің алғашқы айының соңында, жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағында ет, құрт, тары,бидай, кеспе (Тұз бен суды қосқанда кем дегенде жеті дәм), тағы басқа тапқанын қосып, көже жасайды. Бәрін аузы –мұрнынан шығара бір тойғызады екен.
Тапсырма:
1.Қарамен жазылған сөздердің мағынасын қалай түсінесіңдер?
2.Наурыз көжені ішіп көрдің бе?
3.Наурызкөжеге неліктен 7-еуден кем тағам түрін салмайды?
4.Мәтінге қандай тақырып қояр едіңдер?
ІІІ ТОП:
Наурыз ата мен кемпірі дүниеден өтеді. Жыл сайын сол мезгілде балалар Наурыз атаның үйінен ішетін көжесін сағынады. Сөйтіп , әр жыл сайын атасының үйінің көжесіндей көже жасайды.
Тапсырма:
1 .Қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндіріңдер
2 .Балалар көжені сағынғанда не істеді?
3. Сендер ата-әжелеріңді сағынғанда не істейсіңдер?
4. Мәтінге тақырып қойыңдар.
ІҮ ТОП:
Ағайын –туыстар бірін – бірі шақырып, бөлісіп ішеді. Наурыз атаны еске алады. Келесі жылы «Наурызда» өстіп аман-есен көрісуді тілейді. Өзара мейірлесіп, ықылыс білдірісіп, тарасады екен. Осы әдет бірте - бірте «Наурызкөже» атанып, салтқа айналады.
Тапсырма:
1 .Қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндіріңдер
2 .Көжені халық неліктен «наурызкөже» деп атады?
3. Сендер көжені басқаша қалай айтар едіңдер?
4. Мәтінге тақырып қойыңдар
Дәптермен жұмыс
Сөздік жұмысы
Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағы – наурыз айының соңында қысқа сақтаған тамақ азайып, күн ұзарып, қарын ашып жүретін кез.
СЕРГІТУ СӘТІ (жарапазан айту)
ТОПТЫҚ ЖҰМЫС
Наурыз» тобы:
1.Ұлттық ойындарды топтастырып жазыңдар
2. «Ойын» сөзін үш тілде айтып беріңдер.
«Бәйшешек » тобы:
1.Ұлттық тағамдарды топтастырып жазыңдар
2. «Тағам» сөзін үш тілде айтып беріңдер.
«Жауқазын» тобы:
1.Наурыз көженің құрамын жазыңдар
2. «Көктем» сөзін үш тілде айтып беріңдер.
«Қызғалдақ » тобы:
1.Наурыз мерекесін сипаттаңдар
2. «Мереке» сөзін үш тілде айтып беріңдер.
|
Жақсылық пен жамандық туралы ертегі
Слайд 2
Слайд 3
Слайд 4
Наурыз туралы бейнедерек
Слайд 5
|