Коучинг тақырыбы:
|
Сабақты жоспарлау. ҚМЖ құру
|
Мақсаты:
|
Мұғалімдер өздерінің іс-тәжірибесіне сүйеніп сабақ жоспарлайды, ұсынылған ресурстардың негізінде топта әзірленген критерийлердің көмегімен бағалайды.
|
Оқу нәтижесі
|
Мұғалімдер өз сабақтарында құрылған оқыту тәжірибесін дамытудың жеке жобасын қолдап, өз пәні бойынша екі сабақтың жоспарын жасайды, әріптестері мен коучтер қалыптастырушы пікір алады.
|
Түйінді идеялар:
|
Сабақты жоспарлау күнделікті мұғалімнің тәжірибесі болып табылады.Жоспарлаудың әдістері мен тәсілдерін білу, сабақтың мақсат пен міндеттерін нақты белгілеу сабақты интербелсенді және инклюзивті етуге мүмкіндіктбереді.Бұл сабақты жоспарлау тізбектелген сабақтар топтасасының орта мерзімді жоспарын құруға даярлық болып табылады.Жоспарлау алдынғы сабаққа дейін, яғни апта бойында өткізілетін сабақтарға қатысты болуы маңызды.
|
|
Сабақ барысы:
|
Уақыт
|
Коуч іс- әрекеті
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Бағалау
|
10 мин
Жеке жұмыс
|
Зейінді шоғырландыру: «Сіздің бүгінгі күнгі жоспарыңыз қандай»
|
Әрбір мұғалім осы күнгі жоспарларын құрады
Жоспар құру – 5 мин
Жоспарларын талқылау – 3 мин
Сұрақтарға жауап беру – 2 мин
|
Осы жоспарыңыздың маңыздылықтарын ұқтыңыздар ма?
Сіз үшін жоспардың қай тұсы маңызды?
Күніңіз сәтті өту үшін Сізге жоспарды қалай реттеуге болады?
|
15 мин
Жеке жұмыс
|
Эйзенхауэр матрицасына салып маңыздылықтарды айқындайық
Кестені түсіндіру-3 мин
Жоспардағы істерді матрицаға түсіру – 5 мин
Топта талдау – 7 мин
|
1. Маңызды, шұғыл
2. Маңызды емес, шұғыл
3. Маңызды, шұғыл емес
4. маңызды да емес, шұғылда емес
|
Өздерінің маңызды істерін Эйзенхауэр кестесін орналастыра отырып анықтайды, істерін бағалайды
|
1 тапсырма
7 мин
|
1. Ой шақыру
1. Сабақ жоспарын қандай үлгіде құрасыздар? Сабақ жоспары не үшін керек деп ойлайсыз?
2.Сабақтың қай кезеңі ең маңызды деп санайсыз?
3.Блум таксономиясы сіздерге таныс па?
|
Мұғалімдер өз ойларымен бөліседі – 5 мин
Сұрақтарды талқылайды – 5 мин
|
Жоспар құруда қандай жүйеге сүйенесіздер?
Сіздерге жоспар құру оңай ма?
Жоспарда барлық кезеңдер ескеріле ме?
|
5 мин
|
Топқа бөлу.
|
3 топқа бөлініп отырады«Блум», «Таксономия», «Білім пирамидасы» атаулары бойынша топқа бөлінеді
|
Топтар
«Блум таксономиясы», «Білім пирамидасы» сөз тіркестерінің мағынасы туралы түсінік береді.
|
45 мин
|
Жұптық жұмыс
Үлестірмелі материал 337 бет
Сабақ жоспарының шаблоны
|
Мұғалімдер шаблонға сала отырып жоспар құрайды. 45 мин
|
Дайын шаблонға сабақ жоспарын салу оңай болды ма?
Сіздер үшін қай тұстары қиын болды?
Күнделікті сабақ жоспарын жасауда осы шаблонды ескеру мүмкін бе?
|
5 мин
|
Өзара бағалау, жұптық бағалау
|
Бір-біріне бере отырып жұптар өзара бағалайды
|
|
5 мин
|
Рефлексия
|
«Аралдар»
|
|