6. Үй тапсырмасы: 8.3. тақырып. Сұрақ 4-5. №23-24
Сабақ №__36__
Күні:______
Сынып:_11___
Тақырыбы: Пирамиданың көлемі.
Мақсаты:
Пирамиданың көлемі формуласымен таныстыру. Есептер шығару дағдыларын қалыптастыру.
Кеңістікті елестету арқылы бейнелеу дағдыларын, талдау жасай білу, жалпылау, жүйелеу және қорытынды жасай алу біліктерін дамытуға жағдай жасау.
Оқушыларды белсенді танымдық іс-әрекетке жұмылдыру арқылы пәнге деген ынтасын, қызығушылығын арттыруға, кәсіби бағдар беруге мүмкіндік туғызу.
Типі: Жаңа сабақ.
Сабақтың көрнекілігі:түрлі сызбалар
Оқыту әдісі: тірек-сызбамен жұмыс
Оқыту технологиясы: деңгейлік, сарамандық оқыту.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа дайындығы және оқу бөлмесінің, ақпараттық техниканың дайындығы тексеріледі. Оқушылармен сәлемдесу.
2.Үй тапсырмасын тексеру
Үй есебінің орындалуын тексеружәне шығару жолын талдау.
3.Жаңа тақырыпты түсіндіру
31-анықтама. Пирамиданың көлденең қимасы деп пирамида мен оның табанына парллель жазықтықтың қиылысуы аталады.
20-теорема. Табаны мен төбесінің арасында жатқан қима үшбұрышты пирамиданың табанына ұқсас үшбұрыш болады. Егер пирамиданың биіктігі Н және төбесінен көлденең қима жазықтығына дейінгі қашықтық d-ға тең болса, онда көлденең қиманың ауданы табанының ауданын шамасына көбейткенге тең.
21-теорема. Егер екі пирамиданың табандарының аудандары бірдей және биіктіктері тең болса, онда олардың көлемдері де тең болады.
22- теорема. Үшбұрышты пирамиданың көлемі оның табанының ауданы мен биіктігінің көбейтіндісінің үштен біріне тең.
23- теорема. Кез келген пирамиданың көлемі оның табанының ауданы мен биіктігінің көбейтіндісінің үштен біріне тең.
V═ Sтаб∙Н
Қиық пирамиданың көлемінің формуласы
V═ Н(S1 ++S2)
Достарыңызбен бөлісу: |