Сабақтың тақырыбы: Жазықтықтар арасындағы бұрыш. Екі жақты бұрыш, оның сызықтық бұрышы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жазықтықтар арасындағы бұрыш, екі жақты бұрыш, оның сызықтық бұрышы туралы білімдерін қайталау
Дамытушылық: Ой қорытындылау, логикалық ойлау қабілетін дамытуға жетелеу.
Тәрбиелік: Ұқыптылық пен байқағыштыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау сабақ
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа дайындығы және оқу бөлмесінің, ақпараттық техниканың дайындығы тексеріледі. Оқушылармен сәлемдесу.
II. Қайталау, шолу сұрақтарына жауап алу
Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыш
Жазықтықтар арасындағы бұрыштың анықтамасы
Екіжақты бұрыш (бұрыштың жағы, бұрыштың қыры,) деген не?
Екіжақты бұрыштың сызықтық бұрышы деген не?
Екіжақты бұрыштың өлшеуіші сызықтық бұрыштың қалай таңдап алынғандығына тәуелді болмайтындығы неліктен?
Достарыңызбен бөлісу: |