Сабақтың көрнекілігі: а түрлі сызбалар Оқыту әдісі: Практикалық жұмыс Сабақтың барысы: Ұйымдастыру



бет5/60
Дата27.05.2018
өлшемі6,22 Mb.
#41001
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60

6. Үй тапсырмасы: 1.2. тақырып. Сұрақ 1-3.

Сабақ №__

Күні:______

Сынып:_11___



Тақырыбы: Цилиндр – айналу денесі. Цилиндрдің қимасы..

Мақсаты:

  1. Цилиндр және цилиндрдің қималары туралы ұғыммен таныстыру және олардың салу әдістерін меңгеру бойынша оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру.

  2. Кеңістікті елестету арқылы бейнелеу дағдыларын, талдау жасай білу, жалпылау, жүйелеу және қорытынды жасай алу біліктерін дамытуға жағдай жасау.

  3. Оқушыларды белсенді танымдық іс-әрекетке жұмылдыру арқылы пәнге деген ынтасын, қызығушылығын арттыруға, кәсіби бағдар беруге мүмкіндік туғызу.

Типі: Жаңа тақырып

Көрнекілігі: Сызбалар

Сабақтың барысы:

Ι.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа дайындығы және оқу бөлмесінің дайындығы тексеріледі. Оқушылармен сәлемдесу.


ΙΙ. Жаңа тақырып
Цилиндр деп бір жазықтықта жатпайтын екі дөңгелектен және осы дөңгелектердің сәйкес нүктелерін қосатын, параллель көшіргенде дәл беттесетін, барлық кесінділерден құралатын денені атайды.

Дөңгелектерді цилиндрдің табандары деп, ал дөңгелектердің сәйкес нүктелерін қосатын кесінділерді цилиндрдің жасаушылары деп атайды.

Цилиндрдің табандары тең.

Цилиндрдің табандары параллель жазықтықтарда жатады.

Цилиндрдің жасаушылары параллель және тең болады.

Егер цилиндрдің жасаушылары табан жазықтықтарына перпендикуляр болса,

онда оны тік цилиндр деп атайды.

Цилиндрдің радиусы деп оның табанынң радиусын атайды.

Цилиндрдің биіктігі деп табан жазықтықтарының ара қашықтығын атайды.

Цилиндрдің осі деп табандарының центрлерінен өтетін түзуді атайды .

Цилиндрді осіне параллель жазықтықпен қиғанда қимасы тік төртбұрыш болады.

Цилиндрдің табанына параллель жазықтық оның бүйір бетін табан шеңберіне тең болатын шеңбер бойымен қиып өтеді.


ΙΙΙ. Есептер шығару

11, №12, №13, №14


ΙV. Қорытынды

Дөңгелек цилиндр (цилиндрдің жасаушысы, цилиндрдің табаны, цилиндрдің бүйір беті) деген не?

Цилиндрдің радиусы, цилиндрдің биіктігі, цилиндрдің осі, цилиндрдің осьтік қимасы деген не?

Тік цилиндр деп қандай цилиндрді айтады?


V. Үйге тапсырма беру: §5, т 5.1-5.2, №, сұрақ 1-5, №15-16

Сабақ №__

Күні:______

Сынып:_11___



Тақырыбы: Цилиндрдің жазбасы мен бетінің ауданы.

Мақсаты:

  1. Цилиндрдің жазбасы мен бетінің ауданының формуласымен таныстыру. Формуланы пайдаланып есептер шығару дағдыларын қалыптастыру

  2. Кеңістікті елестету арқылы бейнелеу дағдыларын, талдау жасай білу, жалпылау, жүйелеу және қорытынды жасай алу біліктерін дамытуға жағдай жасау.

  3. Оқушыларды белсенді танымдық іс-әрекетке жұмылдыру арқылы пәнге деген ынтасын, қызығушылығын арттыруға, кәсіби бағдар беруге мүмкіндік туғызу.

Типі: Жаңа тақырып

Көрнекілігі: Сызбалар

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа дайындығы және оқу бөлмесінің дайындығы тексеріледі. Оқушылармен сәлемдесу.



Үй тапсырмасын тексеру

1).Үй есебінің орындалуын тексеру

2). Бақылау сұрақтары:

Дөңгелек цилиндр (цилиндрдің жасаушысы, цилиндрдің табаны, цилиндрдің бүйір беті) деген не?

Цилиндрдің радиусы, цилиндрдің биіктігі, цилиндрдің осі, цилиндрдің осьтік қимасы деген не?

Тік цилиндр деп қандай цилиндрді айтады?


Жаңа тақырып
Цилиндрдің бүйір бетінің ауданын

S=CH=2

формуласымен есептеп шығарады, мұндағы R –цилиндрдің радиусы, ал Н –оның биіктігі



Цилиндрдің толық бетінің ауданы

Sт.б.. =Sб.б.+2Sтаб=2+2=2


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет