Сабақтың көрнекілігі: бағдаршам, жол белгілері, қызыл, жасыл, сары түсті жетондар Сабақтың түрі: кездесу, практикалық сабақ



бет2/3
Дата25.08.2017
өлшемі1,09 Mb.
#27197
түріСабақ
1   2   3

Өзгермейтін тұрағын

Бір орында тұратын

Қызыл шамы жанғанда

Қадам баспа бір адым

Бұл тоқтаудың белгісі

Білу керек бар кісі

Бас иеді тәртіпке

Келмесе де көнгісі

Сары түсті белгілері бар оқушылар

Сары көзін жаққанда

Өтемін деп мақтанба

Бұл дайындық белгісі

Кідіре тұр аттанба

Сары шамы жағылса

Сақ, абай бол барынша

Жасыл түсті белгілері бар оқушылар

Төксе жасыл шырағын

Қауіптенбе, шырағым

Жолың ашық, өте бер

Жасап алға мың адым

Жасыл жарық – жол ашық

Зымырай бел, бел асып


Мұғалім: Бағдаршам – өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек. Оның беретін сиқырлы әмір сөздері бар.
Динара:Менің үш көзім бар.
Бір көзім «кідір» дейді,
Бір көзім «жүгір» дейді.
Бір көзім «абайла» дейді,
Қарап қалма маңайға дейді.
Аружан: Жолдар қиылысында,
Қалтарысып қысылма.
Көлденеңнен жол болса,
Кібіртектеп тоспа оны.
Бос болмаса алайда,
Сақтық жаса абайла.
Қалмас үшін соқтығып,
Ол өткенше тос тұрып.
Ақбота: Көреген дәу қырағы,
Көшемізде тұрады.
Ол бергенде команда,
Бағынамыз әманда!
Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін.
Тоқта! Сақтан! Жол ашық!
Жүрме жолға таласып.
Динара Қ:Қызыл көзін ашқанда
Сынық сүйем баспа алға.
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда
Өте бергін жасқанба!


Мұғалім: Балалар жол белгілерін білеміз бе? Ендеше таныстырып өтейік.

  1. Тыйым салатын белгілер:

  • Мотоциклдердің қозғалысына тыйым салынады

  • Аялдауға тыйым салынады

  • Велосипедпен жүруге тыйым салынады

  • Жаяу жүргіншілердің қозғалысына тыйым салынады

  • Қозғалысқа тыйым салынады

  1. Ақпараттық- көрсеткіш белгісі:

  • Автобус және троллейбус тоқтайтын жер

  • Трамвай тоқтайтын жер

  • Жаяулар өтпесі

  • Жер асты жаяулар өтпесі

  • Біржақты қозғалыстағы жол

  • Тұрақ орны

  1. Басымдылық белгісі

  • Аялдамасыз қозғалуға тыйым салынады

  • Басты жол

  • Жол беріңіз

  • Басты жолдың аяқталуы

  1. Нұсқау белгісі:

  • Велосипед жолы

  • Жаяу жүргінші жолы

  • Айналма жол

  1. Ескерту белгісі

  • Шлагбаумы жоқ темір жол өтпесі

  • Балалар

  • Шлагбаумы бар темір жол өтпесі

  • Екіжақты қозғалыс

  • Басқа қауіптіліктер

  • Тайғақ жол

  • Қиыршық тас шашырау

  • Жол жөндеу жұмыстары

(Әр оқушы жол белгілерін көрсетіп, таныстырады)

Мұғалім: Ал енді көшеде жүру ережесін қаншалықты білетіндіктерімізді тексерейік.

1) Жүргіншілер деген кімдер? (көшеде жаяу жүрген адамдар)

2) Қала көшелерінде жаяу адамдар қандай жолмен жүруге тиіс? (тротуармен)

3) Тротуар деген не? (жаяу адамдарға арналған жол)

4) Автобусқа қай есіктен мініп, қай есіктен түседі? (алдан түсіп, арттан мінеді)

5) Адамға машинаны жүргізуге қандай құжат керек? (жүргізуші куәлігі)

6) Жолаушылар таситын қоғамдық көлікті қай жерден күтіп, міну керек (аялдамалардан)

7) Көлік жүріп келе жатқанда жолаушыға жүргізушімен сөйлесуге бола ма? (болмайды)

8) Қала көшелерінде велосипедпен жүруге неше жастан бастап рұқсат етіледі? (14 жастан)

9) Көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек? (Көшеде жүре білу көлік апатынан сақтайды?)

10) Көшеде жүру тәртібін не басқарады? (бағдаршам)

11) Бағдаршам нені реттейді? (бағдаршам жол қозғалысын реттейді?)

12) Бағдаршамда сигналдар (яғни белгілер қалай орналасқан? (қызыл, сары, жасыл)

13) Жаяу жүргіншілерге арналған жол қалай аталады? (ақ жолақты жол- жаяу жүргіншілер жолы)

14) Көшедегі кездейсоқ қауіп-қатерден аман болу үшін нені білуіміз қажет? (көшеде жүру ережесін білуіміз керек)

15) Жүріп келе жатқан көліктің қай жағынан өту керек? (көлік өтіп кеткенше күтіп, көліктің артынан өту керек)

16) Бағдаршамның Абайла! Дайындал! белгілерін білдіретін қай түсті сигнал? (сары сигнал)

17) Велосипед те екі, таксиде төртеу болады? (дөңгелек - яғни аяғы)

18) Қандай көліктің түрлеріне бағдаршамның қызыл жарығына жүруге рұқсат етеді? (жедел жәрдем, полиция, өрт сөндіру машиналарына)

19) Жаяу адамға қай жермен жүруге рұқсат етілмейді? (көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді)

20) Бағдаршамы жоқ көшеден қалай өтеміз? (әуелі сол жаққа, көшенің ортасына келгенде оң жаққа қараймыз)

21) Балаларға қай жерде ойнауға болады? Қай жерде ойнауға болмайды? (балаларға арналған ойын алаңына ойнауға болады, көшеде, жолда ойнауға болмайды)

Мұғалім: Сонымен жол жүру ережесі бойынша өз пікірлерімізді ортаға салайық.

1 Жүріп келе жатқан машинаның алдынан өтіп кетемін деуші болма, ол тоқтағанша, не өтіп кеткенше тоса тұр.
2 Мектепке келе жатып үлкен жолдың шетімен жүр. Алдыңнан машина шықса, жол бер. Тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт.
3 Көше тәртібін орындамау көліктің жүріп тұруына кедергі келтіреді. Жұмысшылар жұмысқа, оқушылар сабаққа баратын жерлеріне дер кезінде жетпеуі мүмкін.
4 Мектепке келе жатқанда, өзіңе қауіпсіз болатын жолды таңдай біл, өткел тар болса, қарсы кездескен үлкен кісіге жол бер.
5 Көшеден өтерде әуелі сол жағыңа, көшенің орта тұсына жеткенде оң жағыңа қара. Егер келе жатса, өтіп кеткенше сол орныңа ақ жолақ сызылған тұста күте тұр.
6 Аялдамада тұрған автомобиль, автобус, троллейбустің артқы жағынан айналып өт. Сонда сен келе жатқан машинаны дер кезінде көресің.
7 Тротуармен келе жатып, қақпадан көрінген машинаны байқасаң, өткізіп жібер. Көшеде тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт, машина есігін ашып қалуы мүмкін.
8 Жол үстінде ойнама, сырғанақ теппе. Жер тайғақ болса, жолда абайла

Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар. Ал енді балалар бүгінгі біздің шарамыздың құрметті қонағы Аудандық Ішкі істер бөлімінің жол патруль полиция қызметкері Сәрсенов Нұрлыбек Өміртайұлына сөз кезегін берейік.



(Жол патруль полиция қызметкері оқушыларға көшеде жүру, әсіресе тротуарлдарда жүру, көшені қиып өту туралы түсінік береді)

Мұғалім: Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Абайлаңыз,жүргінші!» іс-шарамыз өз жалғасын Әйтеке би көшесінде жалғасын таппақ. Барлығыңызды практикалық сабаққа шақырамыз. Балалар сендерге айтарым жолда жүру ережесін әрқашан есте сақтап, бұлжытпай орындап, сақ жүріңдер демекпін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет