Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызба, Сабақтың пәнаралық байланысы: Химия



бет2/2
Дата24.04.2017
өлшемі337,75 Kb.
#14657
түріСабақ
1   2

Нәруыздың қасиеттері. Әр түрлі жануарлардың, өсімдіктер мен микроорганизмдердің нәруыздарын зерттегенде, олар физикалык ж\е химиялық қасиеттері ұқсамаған. Бұл айырмашылықтар аминкышқылдарының алуан түрлілігімен түсіндіріледі, яғни әрбір түрдің өзіне тән құрылымдары жөнінен күрделі айырмашылыктары бар нәруыздары болады. Осыған байланысты бір түр фенотипі жөнінен екінші түрге ұқсамайды (БЖ дамыған егізден баска).

Нәруыздардын көбісі суда жаксы, кейбіреулері нашар ериді, ал кейбірнәруыздар мүлде ерімейді. Нөруыздардьщ ерітіндісі коллоидті сипатта болады. Олардьщ кейбір кышқылдарда ж\е тұз ерітіндісінде еритін түрлері де бар. Нәруыздардың барлығы сілтілерде жақсы ериді, ал органикалык еріткіштерде мүлде ерімейді. Нәруыздар лиофильді (грекше «йо» ерітінді, «рһпіо» — сүйетін) коллоидті ерітінді түзеді. Нәруыздың коллоидті касиеттері коллоидті бөлшектердің мөлшеріне, ерітіндінің рН мәніне, сырткы ортаның температурасына ж\е т.б. байланысты. Нәруыздар табиғи пішіндеріне қарай: фибрилдік және глобулдық болып екіге белінеді. Фибрилдік нәруыздардың түрлері жіп тәрізді болады. Оларга миозин, кератин (шаштың кұрамында болады) т.б. жатады. Бұлшык ет нәруызы — миозинтң ұзындығы жүздеген нано-метрге жететін жіп төрізді болып келеді. Олар ұзара да, қыскара да алады. нәтижесінде қимыл-қозғалыс реакциялары жүзеге асып отырады. Молекулаларының диаметрі 5—7 нм болатын шар төрізді гемоглобин оттекті тасымалдау қасиетіне ие. Глобулдық нәруыздар — полипептидтік тізбектері шар төрізді болатын нәруыздар. Сонымен фибрилдік нәруыздар құрылымдык және жиырылу, ал глобулдық нәруыздар зат алмасу қызметін аткарады.



Нәруыз молекуласының тағы бір касиетіне оньщ әр түрлі әсерлерден табиғи құрылымының өзгеруі жатады. Мысалы, қыздырудың, сәулелендірудің, химиялық заттардың әсерінен және механикалық әсер етудің салдарынан нәруыздың, алдымен, үшінші реттік, одан кейін екінші реттік құрылымдарының арасындағы байланыс үзіледі. Соңынан молекула пішіндерін өзгертеді. Бұл құбылысты денатурация деп атайды. Денатурация: қайтымды және қайтымсыз болып екі топка болінеді. Денатурациядан кейін нәруыздың қасиеттері өзгереді. Ол өзінің ерігіштігшен айырылып, арнаулы қызмет атқаруы бұзылады. жұмыртқа қыздырғаннан кейін тығыздалып, мөлдірлігін жоғалтуы дәлел бола алады..

Нәруыздың қызметтері.

құрылыс қызметі. Жасуша мен цитоплазма органоидтерінің мембраналары жасуша мембранасының ішкі, сыртқы қабықшасы, митохондрияның ішкі мембранасының 70%-ы нәруыз молекуласынан тұрады. Жануарлардьщ мүйізі, тұяғы, қауырсыны, түктері, сіңірлері, шеміршектері мен қан тамырларының қабырғасы жөне т.б. нәруыздан құралган.

Тасымалдау қызметі гемоглобин нәруызы өкпеден сіңіріп алған оттекті дененің барлық ұлпалары мен мүшелеріне тасымалдап, оларды оттекпен қамтамасыз етедіде, ыдырау өнімі — СО2-шығарылады.

Қозғалыс қызметі. Организмнің қозғалыс қызметіне бұлшық еттің талшығы мен ұлпалардың түрлі жиырылғыштық жүйесіне әсер ететін арнайы нәруыздар катысады. Мұндай нәруыздар жасушаның ішіндегі протоплазманың козғалысына да әсер етеді. Жасушаның бөлінуі кезінде ахроматин жіпшелерінің жиырылуы салдарынан, хромосомалар экватордын полюстеріне тең таралатындығы белгілі. Қорғаныштық қызметі. Нөруыздар организмді әр түрлі жұқпалы аурулардан қорғайды. Егер жануарлардың немесе адамның организміне зиянды нәруыздар (токсиндер) енетін болса, оған қарсы туратын нәруыздар — антиденелер түзіледі. Антиденелер бөгде денелермен күресіп денені зарарсыздандырады. аурумен ауырғаннан кейін организмде иммунитет пайда болады.

Ферменттік (катализаторлыц) қызметі. Организмдегі заттардың өзін-өзі жаңартуы ферменттердін әсерімен жүзеге асырылады. Орыс ғалымы И.П.Павлов ферментті «тіршіліктің қоздырғышы» деп атады, өйткені ол организмдегі зат алмасуды реттейтін көптеген реакцияларды тездетеді-

Антидене

Антидене жасап

шығаратын

жасуша
7-сурет. Антиденелердің түзілуі



ІІІ.Биологиялық диктант.

ІV. §7


V. Мына терминдерге анықтама беріңдер: пептид, дипептид, полипептид, пептидтік байланыс

2. Нәруды зерттеулің әдістеріне тоқталып,мысал келтіріңдер.

3.Нәпуыздың 4-реттік құрлымына сипаттама беріңіздер?
1-зертханалык жұмыс. Зат алмасу реакциясының фер-менттік сипаты

Мацсаты: 1) зат алмасу реакциялары кезіндегі ферменттердід маңызын дөлелдеу; 2) ферменттердің белсенді әрекеттерін анықтау.

Қ^рал- жабдықтар. Шикі және піскен картоп түйнектері, элодея жапырағы, 3%-дьщ сутек пероксиді, тамшуыр (пипетка), препараттык инелер, заттык шыны және жабын әйнек, Петри тостағаншасы жөне микроскоп.

Жрмыс барысы. 1. Шикі және ліскен картоп кесінділеріне сутек лероксидін тамызыңцар. Қай кесіндіде өзгеріс байкалады? Байқалған кұбылысты түсіндіріндер. 2. Су тамшысында жатқан элодея жапьгра-гын микроскоп аркылы карандар. 3. Жапыракда сутек пероксидін тамызып, кандай өзгеріс байкалатынын бакылаңдар.

Жаңа сабақтың сұрақтары

1. Нуклеин қышқылдары дегеніміз не?

2. Нуклеин қышқылдарын алғаш тапқан кім, қай жылы неден алды?

3. ДНҚ құрамындағы мономерлерді ашқан кім олар қалай аталады?

4. Пуриндік негізбен пиримидиндік негіздерді атап, олардың сәйкестігін сипатта?

5. ДНҚ-ны зерттеуде М.Уилкинс пен Р. Франклин еңбектері қандай, ДНҚ-кұрылысын қалай сипаттаған?

6. Дж. Уотсон мен Ф.Крик зерттеулері бойынша ДНҚ моллекуласын сипаттау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет