Қазақ тілі мұғалімі Умарова Назгүл Сейпатталқызы
Сабақтың лексикалық тақырыбы: Тұңғыш ғалымдар.
Грамматикалық тақырыбы: Құрмалас сөйлем
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың қазақтың тұңғыш ғалымдары туралы алған білімдерін пысықтау, ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, салалас құрмалас сөйлем бойынша білімін тиянақтау.
Дамытушылық: ойлай білу, шапшаңдық, тапқырлық таныту, ойын әдеби тілмен өрнектей білу, салалас құрмалас сөйлемдерді ажырата білу.
Тәрбиелік: ұлы адамдарды қадір, мақтан тұтуға, ынтымақтастыққа, байқампаздыққа жетелеп, рухани, патриоттық тәрбие беру.
Көрнекіліктер: портреттер, нақыл сөздер, сөзжұмбақ, қобыз, әліппе, таға, шие суреттері, компьютер.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, топтық жұмыс, кубизм стратегиясы, сын тұрғысынан ойлау стратегиясы.
Сабақтың түрі: білімді бекіту сабағы.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, орыс тілі, музыка.
Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылықты ояту.
а) Үй жұмысын «Өрмекші» ойыны арқылы сұрау (әр партадағы тапсырмаларды орындайды):
№ 1. Ш. Уәлиханов туралы құрастырған диалогты оқы.
№2. Құрмалас сөйлемге синтаксистік талдау жаса.
№3. Тұңғыш ғалымдардың еңбектерін ата.
ә) Сабақтың мақсаты мен міндетін айту
-Бүгінгі сабақта сабақтас құрмалас сөйлемді қайталаймыз және тұңғыш ғалымдар туралы алған білімдеріңді тиянақтаймыз.
II. Жаңа сабақ. Мағынаны ашу.
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
- Қазақ халқының әйгілі кемеңгер, ағартушылар, өз істерін халық үшін атқарған, еңбектері жанып, халқымыздың тарихында осы күнге дейін айтылып келе жатқан ғұламалар туралы әңгімелейміз.
- Бүгінгі сабақты С.Торайғыровтың сөздерімен бастаймыз.
«Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып, күн болам!
Қараңғылықтың көгіне күн болмағанда, кім болам?!»
(С.Торайғыров)
- Қазақтың тұңғыш ғалымдары кімдер?
- А.Байтұрсынұлы, Ы. Алтынсарин, Ш. Уәлиханов.
- Ендеше, өткенді есімізге түсірейік.
1) Топтық жұмыс: 3 топқа бөлініп, мына тапсырмаларды орындаймыз.
«Топтастыру» стратегиясы.
1 топ 2 топ
3 топ.
... ...
...
...
2) «Ы. Алтынсарин» сөзжұмбақты шешіңдер.
Көлденеңінен:
1.Қазақ даласының жарық ...
2.Ол оқушыларды неге шақырды?
3. Балалар үшін не жазды?
4. Ы.Алтынсариннің туған жері.
5. Ы.Алтынсарин алғашқы ...
6. Алтынсарин немен шұғылданды?
Тігінен:
Ы.Алтынсариннің өлеңі
Ұстаздың қызметі.
Табиғатты суреттеген өлеңі.
Ұстаз жазған оқулық.
Ы.Алтынсарин қандай ұстаз?
Ы.Алтынсарин өз еңбегінде қай халықтың оқыту әдісіне сүйенді?
Қай орыс ұстазын өнеге санады?
Ол халықтың салт-дәстүрін зерттеуші ...
3) Жазбаша жұмыс. Салалас құрмалас сөйлем құрастыру.
1 топ: Ы.Алтынсарин туралы
2 топ: А. Байтұрсынов туралы.
3 топ: Ш. Уәлиханов туралы.
4) Әңгіме құрастыру. Ш. Уәлихановқа байланысты тапсырманы орындау.
(әр топ әңгіме құрастырып, әңгімелейді).
1 топ: Бала Шоқан.
2 топ: Жас Шоқан.
3 топ: Ғалым Шоқан.
5) Ой толғау жазу.
Шоқан шешесі үшін биік Шоқы.
Қазақ халқы үшін асқар тау.
Ғылым үшін баға жетпес қазына.
Біреулерге аспандағы жұлдыз.
Ал сен үшін Шоқан кім? Ойды толықтырып, жаз.
6) Суретпен жұмыс. Таға мен шие, әліппе, қобыз суреттері берілген.
- Балалар, мына суреттерге қарап, қай сурет қай ғалымның өміріне қатысы бар екенін түсіндіріңдер.
Балалардың жауабы:
- Таға мен шие Ы.Алтынсариннің «Әке мен бала» деген әңгімесінен алынған. (қысқаша әңгімені айтып бер)
- А. Байтұрсынұлы тұңғыш рет қазақ тілінде әліппе шығарған.
- Ш. Уәлихановтың өлімін әкесіне естіртушілер қобызбен естірткен.
7)Мәтінмен жұмыс. А. Байтұрсынов туралы мәтінді «кубизм» стратегиясымен өткізу.
«Ахметтің жазушылық қызметі мысал жазудан басталды. Оның
И.А. Крыловтан аударған мысалдары 1909 жылы «Қырық мысал» деген атпен басылып шықты. Ақын мысал тілімен ел ішіндегі жағымсыз қылықтарды, әділетсіздіктерді аяусыз сынады.
Ақынның өз өлеңдері кірген «Маса» кітабы 1911 жылы жарық көрді. Ахмет өз ойларын «Қырық мысалда» тұспалап жеткізсе, «Масада» ашық айтады. Қазақ халқының қоғамдық дамуда артта қалғандығын көріп қынжылады. Халқының ұйықтап жатқан қалпын көріп, оятуға тырысады. Бейғам жатқан елін маса болып, шағып оятқысы келеді. Кітпатың «Маса» аталуы да сондықтан».
«Талқыла», «Сипатта», «Зертте», «Аудар», «Еңбегі», «Толықтыр».
Әр топ кубикті екі рет тастап, екі тапсырманы орындау керек.
8) Оқулықпен жұмыс. Қ. Сәтбаев туралы мәтінді оқып, жоспар құрастыр.
III. Сабақты қорытындылау.
- Балалар, енді сабақтың эпиграфына тағы оралайық. Неге бұл өлең эпиграф ретінде алынған?
- Міне, бүгінгі сабақты қорытындылай келе, қазақ тілінің болашағы өткенді білумен құнды болмақ. Қазақ тілінің мәні де, сәні де тек қазақ топырағында ғана бағаланады, жарқырайды, дамиды. Оған осы сабақ аз ғана үлес қосып жатса, біздің мақтанышымыз.
IV. Үй жұмысы. Ғалымдарға хат жолда.
V. Бағалау. Кестеге «ия» немесе «жоқ» сөздерін жазып, өзіңе баға қой.
Үй жұмысын орындадың ба?
|
Сабаққа белсенді қатыстың ба?
|
Тапсырмаларды дұрыс істедің бе?
|
Өзіңе қандай баға қояр едің?
|
|
|
|
|
Қолданылған әдебиеттер: «Солтүстік Қазақстан» газеті, 2004жыл тамыз.
«Қазақ тілі» оқулығы орыс мектебіндегі 9 сыныптар үшін, авторы Т.М. Артықова, А.С. Қабдыракишева, Г.М. Акимбаева .
Қазақ энциклопедиясы.
«Егемен Қазақстан» газеті, 2003 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |