Сабақтың мақсаты : Бабалардың «даналық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту



бет4/4
Дата07.02.2022
өлшемі28,43 Kb.
#92326
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Бабалар

Күтілетін жауаптар.

1-топ: Отанды қорғау-парыз.
Күзетінде тұру-парыз.
2-топ:

  • Білім берген ұстаз қымбат

  • Ақыл берген досым қымбат

  • Мұғалім оқушылардың ойларын түйіндейді. Иә, дұрыс айтасыңдар, балалар, туған жерді, отанды туған-туысты, табиғатты сүю – ол біздің парызымыз.

Дәйексөз:
«Әдептілікті данадан үйрен » деген мақалға баллардың назарын аударады оның мәніне тоқталады.

  • Ата-бабалардың дана сөздері әдептілікке, кішіпейілділікке қамқорлыққа, сүйіспеншілікке баулиды.

  • М.Әлімбаевтың өнегелі батасын аяқтап жазыңдар.

  • «Атаның батасы»

Дер кезінде тамақтан.
Кешікпей кел.....
Оқуда зейінді бол,
....бейімді бол.
Кір шалмасын беттерін
Таза болсын.....
Алдын торып дүкеннің
Жолын кеспе.....
Мәнгі сақта есте,
Көптің жолын.....
Жұлқылама бұтақты
Ұқыпты ұста...  

  • Керек сөздер: сабақтан, еңбекке, дәптерің, үлкеннің, кеспе, кітапты.

Екінші тапсырма: Өлеңді оқып, мәнін түсініңдер, жаттап алыңдар.
Ата сөзі –қасиетті,киелі.
Ата сөзі –жанға жылы тиеді.
Ата сөзі – өміріме өнеге.
Ата сөзі – тек шындықты сүйеді.
Қорытындылау.
Балалар, бүгінгі сабақтан түсінгендей ата-бабаның өнегелі нақыл сөздері бізге тәлім, білім беретіндіктен даналықтың көзі болып табылады. Кешеге күнсіз келешек жоқ. Бүгінгі жас ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата – бабаларымыздың мол мұрасы мен сусындату біздің міндетіміз. Ұлдың батыр, қыздың әдепті болып қалыптасуы, бабалар мұрасына байланысты. Демек, бабаларымыздың өнеге өсиетін пайдалана отырып тәрбиелеу ұлттық тұлғаны қалыптастырады Сондықтан да ол өшпес мұра, оны оқып біліп өскен біз әрі жақсы, әрі дана адам болып өсеміз. Қанеки, тағы да бір рет аталар сөзіне құлақ салайықшы. Оқушылар мақал-мәтелдер айтады.
Жүректен жүрекке.
Оқушылар бір-біріне және келген конақтарға жүректен шыққан жақсы тілектерін айтады
Мұғалімнін оқушыға тілегі.
Алтын сөз.
Ұсақ болма, ірі бол!
Өз ортаңның гүлі бол!
Ата-анаңның көзінің
Сөнбейтұғын нұры бол!
Кім болсаң да әйтеуір,
Азаматтың бірі бол!
Туған елдің ұлы бол!
Ойға тоқы,парқын сез,?
Ата сөзі – алтын сөз.деп ата сөзін қадірлеп қастерлеп жүрейік балалар!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет