Сабақтың мақсаты : білімділік Іскерлік қарым -қатынастағы жазбаша тіл үлгілерін жаза білуге үйрету



Дата03.06.2020
өлшемі15,28 Kb.
#72222
түріСабақ
Байланысты:
Э-78 Іскерлік қарым қатнас тілі жазбаша


Сабақтың  тақырыбы :    Іскерлік қарым-қатынастағы жазбаша тіл үлгілері       

Сабақтың мақсаты : білімділік –   Іскерлік қарым -қатынастағы  жазбаша тіл үлгілерін жаза білуге  үйрету;

дамытушылық – оқушылардың жеке өнімді қызметтерін дамытушылық тапсырмалар арқылы байқау,логикалық тапсырмалар арқылы жұмыстану, практикалық тапсырмалар арқылы оқушы қызметінің әрекетін арттыру;

                                  тәрбиелік – лексикалық тапсырмалар арқылы оқушының сезіміне әсер ету,жан дүниелерін байыту.



Сабақтың түрі :                                аралас  сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі :                   кеспе қағаздар, үлгі парақшалар

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет,тарих

Сабақтың барысы : 

  Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын

                                б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

 

Ресми тілде қолданылатын құжаттардың қатарына анықтама, өтініш, түрлі ресми хаттар,  бұйрық, мінездеме, өмірбаян, қолхат, сенімхат, хаттама, жарғы, келісім-шарт, жеке іс парағы, қаулы түрлерін алуға болады.



Іс қағаздарының өзіндік тілдік жүйесі, белгі, құрылымы бар. Ал осы жүйе, белгі, құрылымның өзі әр іс қағазында түрлілігіне қарай бірінен бірі бөлектенеді.

 Жаттығумен жұмыс:  Хабарландыру  жазыңдар



  1. 1. Әдебиет үйірмесінің отырысы;

  2. 2. Кітап көрмесі;

  3. 3. Журналистермен кездесу;

 

ІІІ тоқсандағы сынып оқушыларының оқу үлгерімі , тәртібі, қоғамдық жұмысқа қатысты туралы мәселе қаралған хаттама жазыңдар.

 

Шығармашылық жұмыс:  Өздеріңнің достарыңа мінездеме  жазыңдар.

 

 Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.



 

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

 

Үйге тапсырма:          2-курстағы   жүргізген жұмыстарының есебін жазып келу.



 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет