Сабақтың мақсаты:1.білімділік: зат есімнің тәуелденуі туралы түсінік беру, яғни заттың , қандайда бір нәрсенің біреуге тән , соның меншігі екенін білдіретін қосымша тәуелдік жалғау деп аталатынын түсіндіру;
2.Дамытушылық: сөйлеу дағдыларын жетілдіру, тілін дамыту,
қызығушылықтарын арттыру;
3.Тәрбиелік: адамгершілік тәрбие беру, таза ,әдемі жазуға баулу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, пікірлесу, түсіндіру, талдау, ішінара ізденіс.
Сабақтың көрнекілігі: кесте, слайдтар
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың барысы. 1.Ұйымдастыру кезеңі 2. Үй тапсырмасын сұрау.
Көптік жалғауын қабылдайтын зат есімдерді қатыстырып, қазақтың салт-дәстүріне байланысты шағын шығарма жазу.
38-жаттығу. Тапсырма. Мәтіннен көптеліп тұрған және көптелмейтін зат есімдерді тауып, себебін түсіндіру.
Өткен сабақты еске түсіру мақсатында сұрақтар:
- Зат есім қалай жасалады?
- Көптік жалғау нені білдіреді?
- Қазақ тілінде неше жалғау бар? түрлері
Достарыңызбен бөлісу: |