Павлодар облысы Май ауданы Баскөл ауылы
А.Иманов атындағы жалпы орта білім беретін лицей-мектеп
Тарих пәні мұғалімі: Мухамедиярова А.К.
Сабақтың тақырыбы: Ғұндар тарихы. Ғұн мемлекетінің қалыптасуы.
Сабақтың мақсаты:
1) Ғұн атауы, «халықтардың ұлы қоныс аударуындағы» ғұндардың рөлі, ғұн мемлекеттік бірлестігінің қалыптасу тарихы туралы білім беру;
2) мемлекеттердің қалыптасуының алғы-шартын, оның белгілерін анықтай білуге дағдыландыру;
3) тарихи аңыз деректер негізінде балаларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу, ірі саяси тұлғаны үлгі қылу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: альтернативті жарыс сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, талдау,іздену, өз бетінше жұмыс,ой-қозғау.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық , слаидтар
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі
Ізгі арманын, үмітін
Бабалардың жалғаймыз!
Білім көкжиегінде
Жалындаймыз, самғаймыз!- дегендей қазір бізде қай сабақ?
-Қазақстан тарихы сабағы
-Қазақстан тарихы пәніне дайын болу үшін біз не айтамыз?
А) Психологиялық дайындық
«Өз елінің тарихын білмеген адам, басқа елдің тарихын біліп жарытпас» (хормен айту)
Міне балалар бүгін бізге қонақтар келіп отыр.
«Келгенше қонақ ұялады,
Келген соң үй иесі ұялады»,-демекші,біз ұятқа қалмауға тырысайық. Бар білімімізді ортаға салайық.
-Балалар бүгінгі сабағымызда Астана қаласына саяхатқа шығамыз.Ол үшін берілген тапсырмаларды толығымен орындау керек. Астанаға бару үшін біз поездға мінеміз.
Поездға міну үшін үй тапсырмасын тексерейік.
Ә) Үй тапсырмасын тексеру
-Балалар үйге қандай тапсырма берілді?
(Қаңлылар туралы деректер. Қаңлы қоғамы.Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы.)
-Дұрыс,міне поездға міндік.
-Астанаға бару үшін жолдың ақысын төлеу керек.Яғни билет алып,Астана қаласына түсу үшін өткен сабақты еске түсірейік.
Б)Өткенді қайталау
1. Қаңлылар туралы қандай деректер бар? Оларда қаңлылар туралы не айтылады?
2. Қаңлылар мекендеген жерлердің табиғи-климаттық жағдайын сипаттап беріңдер?
3. Қаңлылардың қоғамдық жағдайы туралы не білесіңдер?
4. Қаңлыларда егін шаруашылығы мен мал шаруашылығы қалай дамыған және өзіндік ерекшеліктері қандай?
5. Тағы басқа қандай кәсіппен айналысқан?
6. Шет елдермен сауда байланысы болғанын дәлелдейтін нәрселерді ата.
7. Мәдениеттің қандай түрлері жақсы дамыған?
Берген жауаптарың өте дұрыс.
-Міне пойыздан да түстік. Пойыздан түскен бетте алдымызда не тұрады?
Астана Вокзалы
2.Жаңа сабақ
Б.з.д. 1 мыңжылдықта қазіргі Монғолияның оңтүстігінен Каспий өңіріне дейінгі Орталық Азияның кең-байтақ кеңістігін әр түрлі тайпалар мекендеген. Қытай деректерінде, «ғұн» атауы б.з.б. 3 ғасырдың аяғында пайда болған. «Ғұн» сөзі «гун, руң, хун» т.б. атаулармен берілген. Қытайлар ғұндардың басшысын «шаньюй» деп атаған. Ғұндар кезеңі б.з.б. 4 ғ. мен б.з.3 ғасыры аралығын қамтиды.Б.з.б. 55 жылы ғұн мемлекеті оңтүстік және солтүстік ғұндар болып екіге бөлінді. Ғұн қоғамы ұшы-қиыры жоқ кең-байтақ жерді жайлап, көптеген тайпаның басын біріктірді, әскери соғыс қуаты орасан зор құдіретті мемлекетке айналды. Еділдің (Аттиланың) жеңімпаз жорығы оның атын бүкіл әлемге әйгілі етті. Аттила (Еділ) шамамен 400-453 жж. өмір сүрген.
Президенттік Мәдениет орталығы
Достарыңызбен бөлісу: |