Фразеологизм – қазақ әдеби тілінің айшықты да, мәнерлі
де бай тіркестер топтамасы. Бұлар өзінің бейнелілік, әсерлілік,
экспрессивті-эмоциялық, суреттеме қасиетімен көзге түседі. Осындай көркем, пәрменді, бояуы қанық алуан түрлі тұрақты тіркестерді халық орынды пайдаланып ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келеді.
Фразеология мәселесіне арналған ғылыми зерттеулер, еңбектер көп. Бірақ, әлі де болса, фразеологизмнің кейбір теориялық мәселелері жөнінде бір тұжырымға тоқтам жасай алмай келе жатқан пікір
алалықтары да баршылық.
Айталық, кейбір зерттеуші ғалымдар фразеологизмге тек
идиомдарды жатқызады да, фразеология көлемін тым тарылтады. Бұған жүгінсек, тілімізде идиомнан басқа да сан түрлі бейнелі тиянақты тіркестер сырттап қалады. Ал енді бір топ зерттеушілер фразеология көлемін өте молайтып, тілге тиянақты тіркес атаулыны түгелдей (күрделі атаулады) қамтиды да, фразеологизмнің бас белгілері анықтамасынан шалғайлап кетеді.
Проф. А.И. Ефимов, Г.Х. Ахунзянов мақал- мәтелдерді, қанатты сөздерді фразеологизмнің айрықша бір түрі деп қарастырады. «Мақал мен мәтелде, қанатты сөздер
фразеологизмдердің қатарына жатқызылғанда, олардың сөйлеу кезінде тыңнан жасалынбай, даяр қалпында жұмсалатынын, құрамының тұрақтылығы ескеріледі.
Мақал-мәтелдер – талай ғасыр жемісі. Сондықтан әбден ой елегінен өтіп екшелеген,сөйтіп тұрақталған тіркестер.
Афоризм, қанатты сөздер – ұлы адамдардың артқыға қалдырған өнеге, өсиеттері. Олар да тілде
жиі қолданыс тауып тұрақталған, мақал, мәтелдер сияқты түйдегімен тұтас бір-ақ айтылады. »
Біз де осы ғалымдардың пікірін құптаймыз.
Фразеологизмдер
Тұрақты сөз тіркестері
Мақал мәтелдер
Нақыл,қанатты сөздер
Тіліңмен жүгірме,
Біліміңмен жүгір.
Сүңгі жарасы бітер,
Тіл жарасы бітпес
Толғауы тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең өзің біл...
(Абай)
Өлең – сөздің патшасы, сөз
сарасы...
(Абай)
І. Кітаппен жұмыс
А) “Кім жылдам?”. Берілген мақал-мәтелдердің орыс тіліндегі баламасын тауып, оларды жатқа айту.