ІҮ. Сергіту сәті. “Ойлан тап” жұмбақ шешу
Берілген ұяшықтарды таңдау арқылы ұяшықтарға жасырылған жұмбақтарды шешу керек.
1 – ұяшық: Қадам бас алға сүрінбей,
Болашақ кілті- білімде.
Қандай мағына береді
“Сақ” сөзі парсы тілінде? («құдіретті еркектер»)
2- ұяшық: Арайлап таңы атады,
Маужырап күні батады.
Түйе сүтін балмен тең,
Сақтар қалай атады? (Шұбат)
3- ұяшық: Басынан кешкен шақтарды
Тарихшы тізіп ақтарды
Кімдер деп тағы атады
Грек Геродот сақтарды? (“массагеттер” )
4- ұяшық: Білімді алтынға теңедік,
Достарға ашық, кең едік.
Әйгілі сусын жасаушы,
Сақтарды кімдер деп едік? («Хаумаварга» )
5- ұяшық: Ағаға тыныс іні еді,
Тарих өткеннің үні еді.
Сақ әйелінің ерлігін
Сипаттап берген кім еді? («Ктесий» )
6- ұяшық: Көгенге құлын байлады,
Бес қаруды да сайлады.
Айтып берші, қай сақтар,
Арал мен Сырды жайлады? («Парадарайа»)
Тест
1. Қазақстанда ең алғашқы пайда болған тайпалық одақтар қалай аталады?
А) Ғұндар В) Үйсіндер С) Қаңлылар Д) Сақтар Е) Түркілер
2. Мына тайпалардың қайсысы "Азиялық скифтер"атына ие болды?
А) Қаңлылар В) Сақтар С) Монғолдар Д) Түріктер Е) Үйсіндер
3. Иран жазбалары сақтарды:
А) "Дала скифтері" В) "Азиялық скифтер" С) "Күймелер" Д) "Көшпелілер" Е) "Жүйрік атты турлар" деп атайды.
4. Қай сақ тайпалары Жетісуды мекендеді?
А) Массагеттер В) Хаомоварга С) Тиграхауда Д) Апасиактар Е) Аримаспалар
5. Сақ тайпаларының бірі массагеттер жайлы жазған грек тарихшысы:
А) Страбон В) Диоген С) Птоломей Д) Геродот Е) Аристотель
6. Сақ тайпалар одағының жоғарғы билеушісінің титулын атаңыз:
А) Патша В) Қаған С) Хан Д) Елтебер Е) Гурхан
7. Сақ абыздарына қандай түс тән?
А) Ақ В) Қызыл С) Көк Д) Жасыл Е) Сары
Тапсырма Бетпе – бет сұрақтары:
1- оқушыға:
-Бүгін қазақ халқының арғы тегі болған Қазақстанды мекендеген тұңыш ьайпалық одақ – сақтар туралы ашық сабақ өтілді. Сен бұл сабақтан қандай мағлұмат алдың?
-Сақтарғдың Қазақстанда өмір сүрген уақыты
- Сақтар қандай тайпа екен?
2- оқушыға:
- Сақтар туралы қандай деректерден алынды?
- Сақ көсемдері туралы тарихшылар не айтады?
- Әйелдері туралы Ктесий не деп жазды?
3- оқушыға:
-Сақтарды гректер қалай атаған?
- Шошақ бөрікті сақтар Қазақстанның қай жерлерін мекендеген?
-Сақтарға тән ерекшелік
Тапсырма “Түртіп алу” стратегиясы (Тақырыптың ішінен кездескен сөздер)
Парадарайа сақтары – Теңіздің арғы жағындағы сақтар – Қара теңіздің солтүстігі, Арал теңізінің маңында, Cырдария мен Әмударияның төменгі ағысында мекендеді.
Тиграхауда сақтары – Шошақ бөрік киетін сақтар – Сырдарияның орта ағысы, Тянь-Шаньда, Жетісуда мекендеді.
Хаумаварга сақтары – Хаома сусынын дайындайтын сақтар – Муграб аңғарын мекендеді.
Қортындылау.
Достарыңызбен бөлісу: |