ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі Қанайналым мүшелері. Қан адам ағзасында ұдайы қозғалыста болады. Қанның қозғалуы – ағза мен сыртқы ортаның арасында газ бен зат алмасуды қамтамасыз етеді. Дененің барлық мүшелері мен ұлпалары қоректік заттар мен оттекті қабылдап, зиянды заттардан тазартылады. Ағзада қанның үздіксіз қантамырлардың бойымен ағуын (қозғалысын) қанайналым дейді. Қанайналым жүйесіне – жүрек және қантамырлар жатады. Қанның қантамырлардың бойымен тұйық түрде, яғни қанайналым шеңберімен ағатынын XVІІ ғасырда ағылшын ғалымы У. Гарвей ашты.