Ауырсыну орналасуы бойынша:
1. Асты жұтынған кезде төс сүйегінің артындағы ауру - өңеш дерттеріне тән;
2. Эпигастрий тұсындағы ауру – асқазан дертіне тән;
3. Пилородуоденалдық аймақтағы аурулар – 12 елі ішек дерттеріне тән;
4. Кіндік тұсындағы аурулар – көбінесе аш ішектің дерттерінде кездеседі;
5. Мықын аймағында немесе іштің екі бүйіріндегі ауру – тоқ ішектің
зақымдануында кездеседі;
6. Дефекация кезінде ауырсыну – тік ішектің немесе анустың
зақымдануында кездеседі.
Тәбеттің бұзылуы:тәбеттің төмендеуімен, жоғарлауымен, жойылуымен сипатталады.
Кекіру– асқазандағы ауаның немесе оның ішіндегі астың өңешке түсуі.
Қыжылдау – төс сүйегінің артында пайда болатын өте күшті күйдіру сезімдері.
1. астың мінезіне байланысты- қышқыл, тәтті, ащы, сұйық;
2. ас қабылдаған соң аш қарынға, еңкейгенде, жатқанда, күшенгенде пайда болады.
Жүректің айнуы-құсу алдында пайда болады, астың мінезіне байланысты болады; құсып болған соң жеңілдік әкеледі немесе әкелмейді.
Құсу:асқазанның ішіндегі заттардың ауыз кейде мұрын арқылы сыртқа шығуы. Астың мінезіне және мөлшеріне байланысты болып келеді, құрамы – асқазандағы ас, кілегей, қан аралас, «кофе тұнбасы», запыран (өт құсу) т.б.
Іштің толып, басылып тұрған сезімдері: метеоризмде, ішектердің эвакуациясы бұзылғанда; түйілу кезінде пайда болады.
Диспепсия – ас қорытылудың бұзылу
Достарыңызбен бөлісу: |