Сабақтың тақырыбы: Атмосфералық құбылыстар.
Сабақтың мақсаты:Атмосфера құбылыстары туралы түсінік қалыптастыру;
Әртүрлі білім көздерімен жұмыс жасауды дамыту; оқушылардың өз беттерінше жұмыс істеу арқылы ойларын дамыту;ой-қиялдарына ерік бере отырып өз пікірін айтуға төселдіру;
Қоршаған ортаны қорғай білуге, өзжеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
Сабақ түрі:оқыта үйрету ойын сабағы.
Сабақ жабдығы: тақырыптық суреттер,құралдар,слайд,ашық журнал.
Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап,талдау,ұжымдық,фронтальды.
Сабақ барысы:Ұйымдастыру.Оқушыларды түгендеу,сабақ мақсатымен таныстыру.Ой шақыру.
Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің.Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.
(Ауа)
Кел, балалар ойнайық,
Ойнайық та ойлайық.
Қандай сұрақ болса да,
Шешпей оны қоймайық.
1-ойын:»Адасқан мағыналарды табу». (өткен материалдардан сұрақ)
Мосаферат-атмосфера. Тоза-азот. Тегіто-оттегі. Рафратосеп-тропосфера. Тосферастра-стратосфера. Онызагоз-озон газы.Теомерит-метеорит.Озондирад-радиозонд. Мотербар-барометр.Лиматуда-амплитуда. Морметтер-териометр. Ғалылдық-ылғалдық.
2-ойын: «Біз бәріміз білгірміз » (ұжымдық тапсырма).
1-Судың сұйық күйден газ тәрізді күйге өтуін не дейміз? (Булану).
2-Жер шарын жан-жағынан қоршап жатқан ауа қабаты? (Атмосфера).
3-Ауа қысымын немен өлшейміз? (Барометр).
4-Тропосфера үстіндегі ауа қабатын ата? (Стратосфера).
5-Ылғалдылықты қандай құралмен өлшейді? (Гигрометр).
6-Ауа-райын болжайтын станция не деп аталады? (Метерология).
7-Тропосфераның грекше мағынасы? (Бұзылыс).
8-Ауаның температурасын қандай құралмен өлшейміз? (Термометр).
9-Ауаның жер бетіне жақын қабатындағы су булары су тамшыларына айналғанда қандай құбылыс болады? (Тұман).
10-1000метр биіктікте түзілетін бұлт түрі? Одан қандай құбылыс пайда болады? (Будақ ,нөсер жаңбыр,қар).
11-Аспанды түгел бұлт торлаған,одан қандай құбылыс болады? (Қабат бұлт,ақ жауын).
12-Жауын-шашын түрлерін ата? (жаңбыр,қар,бұршақ).
13-Жер бетіне жақын түсетін ылғал? (шық,қылау,қырау).
14-Жауын-шашынды қалай өлшейді? (қалқанмен қоршалған шелек,өлшеуіш стакан).
3-ойын:Не ? Қашан ? Қайда? Венн кестесі бойынша ауа-райының құбылыстарын талдау, салыстыру.
4-ойын:Теңіз толқыны тулайды, ол келсе орман шулайды.(жаңа сабақ).
Оқушылар дәптерімізді алып бетімізге желпиміз.Біз нені қозғап жатырмыз? Ауаны не арқылы қозғап жатырмыз?
Электронды оқулықпен жұмыс.Жел тақырыбы.
Жел көкжиектің қай жағымен соқса, сол бағыттың атымен аталады.
Көкжиек тұстарын еске түсіру.Сонымен желдің бағытын қалай ажыратамыз? Оқушыларға тапсырма:жұмыс дәптеріндегі бағыттар бойынша желдің бағытының атын жазу.
-СШ 2. Солтүстіктен 3. – ОШ
4. Оңтүстіктен 5. ОБ 6. СБ
Желдің соққанда жылдамдығы әртүрлі болады. Оны секундына метрмен өлшейді. (м /сек). Желдің жылдамдығы мен бағытын желбағар құралымен анықтайды.(флюгер).Ортасында С әрпі бекітілген айыр қанат жебе орналасқан. 8 көрсеткіш таяқша көкжиек тұстарын білдіреді, яғни бұл желдің бағытын білдіреді.Ұшар басында қалақша орналасқан, доға тәрізді. Желдің соғу жылдамдығына қарай қозғалады, осы қалақша арқылы желдің жылдамдығы анықталады. (4-қосымша кесте).
5.Ақпарат негіздері ойыны. (оқулық мәтінімен жұмыс).
Жүйрік өзі тұлпардан, Ұшқыр өзі сұңқардан.
Күні-түні жүйіткиді, Кең далада бір тарлан. (Жел).
Жел қалай соғады? Қайда?
Желдің түрлерін анықтау, жазу. 1-топ: Даналар тобы. Оқушыларға плакат, түрлі қарындаш беріледі, сурет арқылы бриз, муссон желдерін бейнелеп ,түсіндіреді.
2-топ: Белсенділер тобы. Сәйкесін тап.
Жел 1 м/сек
Жылдамдық Ауаның ауысуы
Бриз Жылына бағытын өзгертеді
Муссон Тәулігіне бағытын 2 рет өзгертеді
Жел туралы не білдің? Сызбаны толтыр
Жел
3-топ: Жел, желбағар, бриз, муссон. (бес жолды өлең құрастыру) .
5. Баға беру . Жинақтау. Желдің пайдасы. Желдің зияны.
Ауаны тасымалдайды, мұхит ағыстарын қалыптастырады. Жел-табиғат байлығы, таусылмайтын ресурс. Жел двигателі-суретпен жұмыс. Оқушылардың пікірін тыңдау. Сонда желдің күшімен диірмендерді айналдырып, су күшін тарту, ЖЭС-да жұмыс жасауға болады,әрі ауаға өнеркәсіп орындарындағыдай зиянды заттар тарамайды. Ал атмосферада ауыр металдардың болуы қауіпті,сондықтан табиғаттағы таусылмайтын ресурсты пайдаланған тиімді.Мысалы: адам тұмаумен ауырғанда не себепті бөлмені желдету қажет?
Желдің түрлерін атап өту(дауыл,құйын,цунами,тайфун). Оқушылар зиянды құбылыстарға тоқталып,талдйды. Ауаның маңызы.Табиғатты қорғау шараларына тоқталады.
Сергіту сәті: Жел уледі-у-у, Құйын келіп биледі-зу-зу.
Қатты жел соқты-гу-гу, Жапырақтар қол соқты ду-ду.
Оқушыларды бағалау. Ашық журнал.
Үйге тапсырма: № 30.Венн диаграммасы бойынша Бриз және муссон желдерін салыстыру. «Жергілікті жерде желдің пайдасы мен зияны».Эссе жазу.
Құмсай орта мектебі бойынша аудандық пән олимпиадасына география пәнінен қатысқан 11-сынып оқушысы Снежана Тағыбергенованы дайындау мақсатында жүргізілген жұмыстар туралы мәлімет
2013-2014 оқу жылы
Тағыбергенова Снежана 11-сыныптың белсенді оқушыларының бірі. Оқу екпіндісі, мектепішілік іс-шараларға белсене араласады, байсалды оқушылардың бірі, пәндерді үлгеріп оқиды. Оқушының география пәніне деген қызығушылығын үнемі дайындалып жүретіндігінен, оқулықтармен, қосымша әдебиеттермен дайындалып жүретіндігінен көруге болады. Оқушыны олимпиадаға дайындау мақсатында қосымшадағы берілген жоспарлар бойынша сипаттама беру үйретілді, картамен және оқулықпен жұмыс жасай отырып дүние жүзі елдерінің географиялық орнын, басқарылу құрылымы, ақша бірлігі, астаналарын табу, шаруашылық жүйелері, маманданған салалары, көлік түрлері, сыртқы экономикалық байланыстары, басты сауда әріптестері, елдердің аумақтық ерекшеліктері туралы тусіндіріліп жұмыс жасалды. Оқулықтар бойынша термин сөздерді анықтау, тест тапсырмаларын орындады. Алдыңғы сыныптарда оқылған жалпы географиялық заңдылықтар, ұғымдар туралы,халықаралық байланыстар, халықаралық ұйымдар туралы оқытылып үйретілді. Экономикалық-географиялық әдебиеттен қажетті материалдарды жинақтау үйретілді, интернетпен жұмыс жасау дағдысы меңгертілді.
География пәнінің мұғалімі: Сарина Алмажан Ахкаликовна.
Құмсай орта мектебі
(ашық сабақ )
6 қазақ класы
Өткізген: география пәнінің мұғалімі Сарина А.А
2013-2014 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |