Өздік жұмыс. Оқушыларға рәміз белгілерді, немесе аттары жазылған қағаздар таратамын.
Олар: елтаңба, ту, әнұран. Оқушылар оларға сипаттама жасайды. 5-10 минуттан кейін жазғандарды жинап алып, үш оқушыға көрнекі құралдарды пайдалана отырып талдап айтқызамын.
Қорытынды кезең Өткен сабақты бекіту мақсатында төмендегідей сұрақтарды қоямын:
1. Рәміз дегеніміз не? 2. Мемлекеттік рәміздер қандай жағдайда колданылады? 3. «Таңбалы тас» туралы айт. 4. «Бөрілі байрақ» жайлы не білесіңдер? Неге солай аталады? 5. ҚР елтаңбасы мен туы қандай жағдайда қабылданды? 6. Әнұран жайлы не білесіңдер? Оқушылардың жауабын жалпылама толықтырып, бүгінгі тақырыпты қысқаша қорытындылап шығамын.
Бағалау: Үй тапсырмасы: 1. 57-параграфты оқу.
2. Рәміздер жайлы мәліметтер жинау.