5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер Сабақтың тақырыбы: § 15. Қола дәуірінің қоныстары Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қола дәуірі, оның адамзат тарихындағы маңызы, қола дөуірінің мәдениет ескерткіштері, оның ерекшеліктері туралы білім беру.
Дамытушылық: Қола дәуірінің адамзат баласының басынан кешірген тарихи кезеңдегі орны жөнінде, кола туралы түсініктері мен оның басқа металдардан артыкшылығы пен ерекшелігін ашып көрсете білу, картаның көмегімен қола дәуірінің Қазақстан аумағындағы аймақтарын аныктай білу кабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Адамзат дамуындағы ұлы жетістіктердің еңбектің аркасында келгендігін айта отырып, оқушыларды еңбекті сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу. Қазақ жерінің тарихы адамзат тарихының құрамдас бөлігі екенін үғыну.
Сабақтың түрі: аралас Әдісі: баяндау Пәнаралық байланыс: география Көрнекілік: 1.«Ежелгі Қазақстан» картасы.
2. Жергілікті өлкетану мұражайындағы қола дәуірінің ескерткіштері.
3. Тас бетіне түрлі суреттер салынған қола дәуірі адамдарының рухани мәдениеті туралы түсінік беретін суреттері.
Сабақтың барысы I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасы.
Үй тапсырмасын параграфтың соңындағы мына сұрақ-тапсырмалардың көмегімен бірнеше оқушыдан жеке-жеке сұрап шығамын.
1. Ежелгі тас дәуірінде қоршаған орта, табиғат кандай болды?
2. Орта тас дәуірінде қандай аң аулайтын құралдар шықты?
3. Мезолит дәуірінде қандай өзгерістер орын алды?
4. Мезолит аңшылары кандай жетістіктерге жетті?
5. Жаңа тас дәуірінде қандай ірі жаңалықтар болды?
Жаңа такырыптың жоспары: 1. Қола дәуірі.
2. Қола дәуірінің ерекшелігі.
3. Қола дәуірі (мық) мәдениеті.
4. Ескерткіштері.
Тас дәуірінен кейінгі ірі дәуір қола дәуірі деп аталады Ол б.з.б. II—I мыңжылдықты камтиды. Одан кейін коланың мыстан айырмашылығын ашып көрсетемін. Қола мыс пен калайының қосындысы. Бұдан кейінгі уақыттарда адамдардың негізгі шаруашылык құрал саймандары негізінен қоладан жасала бастағанын, оны игеруді адамдар калай үйренгені жөнінде кызықты етіп әңгімелеп беруге болады. Еуразияның далалы аймақтарында қоланы игеру ісі ерекше қарқынмен дамыды. Қола дәуірінде рулық қатынастар біржола ыдырап, арнайы шаруашылықпен айналысатын тайпалық бірлестіктер пайда болды. Одан кейін кола дәуіріндегі ерекшелігін мына кесте түрінде ашып көрсетемін.