Сабақтың мақсаты: «Қазақстан тарихы бойынша әңгімелер»


Төмендегі сұрақтар негізінде үй тапсырмасын сұрап шығамын



бет55/126
Дата06.02.2022
өлшемі1,4 Mb.
#61151
түріСабақ
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   126
Төмендегі сұрақтар негізінде үй тапсырмасын сұрап шығамын.
1. Құдіретті Шығыс ғұн мемлекеті қалай құрылды?
2. Ғұн мемлекетінің күшейген шағындағы аумағын картадан көрсетіңдер.
3. Мөде шаньюй туралы не білесіңдер?
4. Ғұн империясының екіге бөлінуіне қандай жағдайлар себеп болды?
5. Ғұндардың жауынгерлік өнері туралы қысқаша әңгімелеп беріңдер.
6. Ғұндардың тұрмысы, шаруашылығы туралы не білесіңдер?
Жаңа тақырыпты түсіндіру жоспары:
1. Батыс Ғұн империясынын құрылуы.
2. Ғұндардың жеңімпаз жорықтары және Халықтардың ұлы қоныс аударуы.
3. Рим және Ғұн империясы.
4. Оңтүстік Ғұн империясы және оның тағдыры.
5. Біртұтас ғұн империясының ыдырауы.
Б.з-дың V ғасырында өмір сүрген Еділ (Атти-ла) патшаның Батыс елдерін бағындырған жеңімпаз жорықтарының нәтижесінде Еуразия кеңістігінде көшпелілердің империясы құрылды. Еділ Алмания (Германия) мен Скандинавия тарихында Этқель, славяндарда Атыл есімімен белгілі болса, венгр (мадиар) халқы оны бабамыз деп есептейді. Осы жерді оқушыларға оның себебін ашып айту. Одан кейін Еділ Батыс ғұн империясының билігіне қалай келгендігі, оның жүргізген жеңімпаз жорықтарының сипаттайтын қосымша деректерден үзінді келтіремін. Қосымша әдебиет:
Т. Журтпбаев. Дулыга: Көне түркі батырлары туралы тарихи әфсаналар. - Алматы. 1994.
Еділдің тұсындағы ғұндардың жеңімпаз жорықтарын баяндай отырып картаның көмегімен ғұндардың мекендеген аумағы мен бағындырған елдерін картадан көрсетемін.
Оқушылар жақсы есте сақтау үшін Еділдің бағындарған елдері мен халықтарды дәптерлеріне жазғызып қоямын. Олар дәптерлеріне Рим империясы, угор /естек/, аландар, славяндар, Боспор патшалығы, вестгот, остгот сияқты герман тайпалары деп жазып алады.
Осы жерде ғұндардың батысқа жорығында қандай қарулармен қаруланғанын сипаттау мақсатында тақтаға ілінген сурет бойынша ғұндардың қару-жарақ түрлерін сипаттап айтып беремін. Одан әрі ғұндардың Еуропаны жаулауы Баламер патшаның тұсында басталып, Еділдің тұсында аяқталды. Ол қанша жерден жаулап алушы болғанмен, шамасы келгенше жаулап алған жерлерде қалалар мен мәдени ескерткіштерді қиратуға жол бермеген. Бұл дәуірдің ұлы оқиғасы деп 451 жылы болған Каталаун /Франқия жері/ шайқасын айтады. Рим мен ғұндар арасындағы соғыста 200 мың адам қайтыс болды деп жазады. Бұл шайқастың нәтижесінде ғұндар Рим империясының орталық бөлігін талқандап императордың қарындасын және оның жасауы деп Римнің қазынасын алуы Ғұндардың құдіреттілігін көрсетеді деп, оқушыларға осы сөйлемдерді мәтіннен тауып оқып беруге тапсырма беремін. Бұл оқиғаның әлемдік тарихта алатын маңызына ерекше тоқталып кетемін. Ғұндар бастаған «халықтардың ұлы қозғалысы» әлем тарихында орта ғасырлардың қақпасын ашып, феодалдык дәуірді бастан берді. Ғұн соғысынан кейін құл иеленуге негізделген Рим империясы ыдырап Еуропада ұлттық мемлекеттер пайда болды. Бұл Еуропа тарихы үшін үлкен прогресс еді деп ерекше тоқталып кетемін.
Одан әрі қандай мемлекет болмасын өз өмір сүру тарихында шарықтап өсу кезеңдері мен құлдырау кезеңдерін бастан кешірген, сол сияқты осындай ірі мемлекет ғұн империясы да түрлі себептерге байланысты дағдарысқа ұшырап, бірнеше иеліктерге бөлініп кеткендігін айтамын. Шығыс ғұн империясы ыдыраған уақытта біраз ел Оңтүстікке қоныс аударып Ақ Ғұн мемлекетін құрғанын, оның үлкен империяға айналып Үндістан мен Иран жерін бағындырғанын, қазіргі Түркістан мен Ташкент алқабы да Оңтүстік ғұн империясының құрамында болғанын баяндау. Оқушыларға мәтіннен осы ғұн империясының құлдырап, ыдырауының себебін тапқызып, бір оқушыға оны дауыстатып оқытқызамын.
Сабақтың келесі сатысы өткен сабақтағы жаңа сөздермен жұмыс түрі. Тақтаға Халықтардың ұлы қоныс аударуы, угор /естек/, Рим империясы, Боспор патшалығы, вестгот, остгот, Византия, феодалдық дәуір, эфталит, ақ ғұн деген сөздердің ұғымдарын жазып коямын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет