Сабақтың мақсаты: «Қазақстан тарихы бойынша әңгімелер»


-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер



бет111/126
Дата06.02.2022
өлшемі1,4 Mb.
#61151
түріСабақ
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   126
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: § 53. Ғарышты игеру
Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: XX ғасырдың екінші жартысындағы адам баласының ғарышты игерудегі жетістіктері, оның ғылыми маңызы жайында оқушыларға білім беру.

  • Дамытушылық: тақырыпты оқыта отырып ғылыми жаңалықтардың маңызын түсіне білу қабілеттерін арттыру, ой-өрістерін, шығармашылық ізденістерін дамытуға көмектесу.

  • Тәрбиелік: ғылымға қызығушылықтарын арттыру, тақырыпты меңгерте отырып патриоттық, отаншыл тәрбие беру, ғарышкерлерге деген құрмет сезіміне тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: география
Көрнекілік: Т. Әубәкіров, Т. Мұсабаев, Ю.А.Гагарин портреттері. Байқоңыр ғарыш айлағының және планеталар суреті.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Ұйымдастыру кезеңін өткізген соң үй тапсырмасын тексеруге кірісемін.
Үй тапсырмасын мына бағытта әңгіме түрінде сұраймын:

  • Тың игерудің қажеттілігі.

  • Тың игерудің барысы.

  • Асыра сілтеушілік.

  • Тың игерудің тарихи маңызы.

  • Салдары.

Оқушылардың жауабын, пікірін тыңдап болғаннан кейін өткен тақырыпты, үй тапсырмасын қыскаша қорытындылаймын.
III. Жаңа сабақ.
Сабақтың тақырыбы мен жоспары тақтаға жазылады. Оқушыларға сабақтың мақсатын айтып беремін.
Тақырыптың жоспары.
1. Ғарышқа алғашкы қадам.
2. Қазақ ғарышкерлері.
3. Ғарышты игерудің маңызы.
Сабақты оқушыларға сұрақ қоюдан бастаймын.
Ғарыш дегеніміз не? Оны қалай түсінесіңдер?
Оқушылардың ойын білгеннен кейін планеталар суретін көрсетіп жалпы ғарыштық кеңістік туралы қыскаша түсінік беріп өтемін.
Ары қарай жоспардың бірінші бөлімін ауызша баяндап беремін.
Бағыты:

  • Ғарышқа талпыныс.

  • Адам баласының алғаш рет ғарышқа ұшуы. Ю.А. Гагарин.

  • Байқоңыр.

Оқушыларға негізгі мәліметтерді дәптерлеріне жазғызамын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет