Сабақтың мақсаты: «Қазақстан тарихы бойынша әңгімелер»



бет15/126
Дата06.02.2022
өлшемі1,4 Mb.
#61151
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   126
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: баяндау
Сабақтың көрнекілігі: Әр түрлі күнтізбелер, құмсағат, сағат. Уақыт сызығы көрсетілген плакат.
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Үйге берген тапсырманы жалпы сыныптан тексеріп шығамын. Одан кейін үй тапсырмасын параграфтың соңындағы мына сұрақтар бойынша талқыға салу.
1. Тарихи өлкетанудың тарихты зерттеуде маңызы қандай?
2. Тарихи өлкетану ғылымы өз алдына қандай міндеттер қояды?
3. Өлкетану қашан жеке ғылым саласы болып қалыптасты?
4. Өлкетану тарихтың қандай салаларымен тығыз байланысты?
5. Мұрағат дегеніміз не, ол жерде қандай деректер сақталынады?
Қорытындылау. Біз өткен сабақтарда Өлкетану ғылымы және онымен тығыз байланысты тарих салаларымен таныстық. Олар бізге тарихи оқиғаларды тереңірек, жан-жакты меңгеруге көмектесетінін білдік. Ал осы әр түрлі тарихи оқиғалардың барлығының өзінің белгілі бір болған уақыты, тарихи кезеңдері бар. Бүгін біз сендермен осы тарихи оқиғалардың уақыты қалай белгіленгені немесе қалай анықталғандығы жөнінде білеміз, -деп қорытынды сөзді жаңа сабақпен байланыстырып жіберемін.
Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың жоспары.
1. Тарихи уақыт межесі.
2. Алғашқы уақытты жылмен есептеудің пайда болуы.
3. Ертедегі қазақтар арасында тараған уақытты өлшеу түрлерінің ерекшелігі.
4. Қазақша жыл санау. Мүшел дегеніміз не?
5. Хижра.
Алдымен үстелдің үстіне қойылған сағат түрлеріне балалардың көңілін аударып, олардан уақыт қалай өлшенетінін сұрайды. Әсіресе балаларға құмсағаттың жұмыс істеу тәртібін айтып шығып, көрсету оларға ерекше қызық болады. Оқушылармен бастауыш сыныптарда алған білімдері бойынша:
1. Бір сағатта неше минут бар?
2. Бір тәулік неше сағаттан тұрады?
Одан кейін тақтаға ілінген әр түрлі күнтізбелерді көрсетіп:
3. Бір жылда неше күн бар?
4. Жыл неше маусымнан тұрады деген сияқты сұрақтармен оқушылардың өздері білетін білімдерін қайталап шығамыз.
Оқушыларға тақтаға ілінген күнтізбелердің бір-бірінен айырмашылығы мен ұқсастықтарын табу тапсырмасы беріледі.
Уақыт ұғымының техника дамымаған ерте заманның өзінде адамзат баласы үшін зор маңызы болған. Ертеде адамдар уақыт межесін, оның ішінде, әсіресе жылдың белгілі бір мезгілде қайталанып отыратынын табиғат құбылыстары күннің жылынуы, суытуы, жаңбыр, қардың жаууы т.б. арқылы анықтай білген. Адамдар ерте заманда табиғатқа бас иіп, оның әрбір құбылысын бақылап отырған. Қазақ халқы өзіне тән шаруашылық дәстүріне байланысты уақытқа есеп жасап отырғанын айтып кеткен жөн. Ең алғаш уақытты жылмен есептеген ежелгі египеттіктер екенін айта отырып, қазақтарда осындай уакытты ірі тарихи тұлғалардың өмірімен есептеу сияқты түрлері болғандығының, оның ерекшелігін айтады. Бұдан кейін жер бетінде болып өткен оқиғалардың барлығы не б.з.б. немесе б.з-да болғанын айта келіп, б.з.б. деген шартты атау қай кезеңге дейінгі жер бетінде болып еткен тарихи оқиғаларға қатысты айтылатынын атап көрсетемін.
Жоспар бойынша берілген «Қазақша жыл санау» дәстүрі туралы қысқаша аңыз әңгімені айтып келіп, оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту мақсатында «Жұмыс дәптеріндегі» тапсырмаларды орындатқызамын.
«Хижра» деп аталатын мұсылмандардың жыл санауы туралы тақырыпшаны 1-2 балаға кезек-кезек оқытып, басқа балалардан оның мазмұнын сұрап шығамын. Егер оқушылардың жауабы толық болмаса, оларға төмендегідей сұрактар қоямын.
Мысалы:1. «Хижра» сөзі қандай мағынаны білдіреді?
2. Мұсылмандардағы жыл санау қандай тарихи оқиғамен байланысты?
3. «Хижра» жылы санауы қай жылдан басталады?
4. Мұсылмандардың Хижра жыл санауынан бері қазіргі күнге дейін қанша жыл өтті?
Осылайша жаңа тақырыпты меңгеріп шыққаннан кейін ой қорытындылап сабақты бекітеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет