Екінші бөлімді қайталау үшін сұрақтар мен тапсырмалар 1.Адамның пайда болуы туралы діни түсініктерді әңгімелеп беріңдер. 2.Алғашқы адамдар қашан және қай жерде пайда болған? Олар қалай тіршілік еткен? 3. Тас дәуірі қай уақытты қамтиды? Тас дәуірінің кезеңдерін сипаттап шығыңдар. 4.Қола дәуірінің басты ерекшеліктерін атап шығыңдар. 5.Сақтар тарихта қандай атаулармен белгілі болды, ол туралы деректер келтіріңдер? Сақтардың негізгі шаруашылығы туралы әңгімелеп айтып беріңдер. 6.Мөде шаньюйдік гщ мемлекетін құрудагы рөлі қандай? Құдіретті ғұн мемлекетінің ыдырауына қандай жағдайлар себеп болды? 7. «Түрік» атауы қандай мағынаны білдіреді? Көне түркі жазулары қалай зерттпеліп, ғылымға танылды? 8. Ұлы Жібек жолы қалай қалыптпасты? Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Қазақстан қалалары туралы әңгімелеп айтып беріңдер. 9. Неліктен әл-Фарабиді «екінші ұстаз» деп атайды? Сендер тагы басқа қандай ежелгі қазақ елінің ғалымдарын білесіңдер? 10.Ортатсырлық Қазақстан қалаларының сауда- экономикалық байланыстардағы рөлін сипаттап айтып беріңдер. 11. Қазақ халқының қалыптасуында қандай тайпалар маңызды рөл атқарды? 12. Қазақ хандығы қалай құрылды? Оның негізін салған хандар кімдер? 13. Қазақта ханды сайлауда қандай дәстур сақталды? Қазақтың қандай атақты хандарын білесіңдер? 14. Билер қандай әлеуметтік топқа жатады? Олар қандай қызмет атқарды? 15.Қазақтар мен жоңғарлар арасында болған қандай ірі шайқастарды білесіңдер? Қазақ батырларының қазақ-жоңғар соғыстары кезіндегі ерліктері туралы әңгімелеңдер. 16. Еліміздің Ресей бодандығын қабылдауына қандай жағдайлар себеп болды? 17. Абылайдың қазақ шекарасы мен қазақ хандығын нығайтудағы атқарған қызметі қандай? 18. Кенесары Қасымұлы, Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы басқарған ұлт- азаттық көтерілістердің себебі, қозғаушы күштері кімдер болды? 19. Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев қазақ даласында ғылым, білімнің дамуына қосқан үлесі қандай? 20. Абайдың қандай әндерін білесіңдер?