Сабақтың мақсаты: «Қазақстан тарихы бойынша әңгімелер»


-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер



бет113/126
Дата06.02.2022
өлшемі1,4 Mb.
#61151
түріСабақ
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   126
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: §54. Қазақстанда ғылым мен өнердің дамуы./2 сағат/
Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: оқушыларға XX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы ғылым мен мәдениеттің дамуы жайында мағлұмат беру, ғылыми-техниқалық прогрестің Қазақстан шаруашылығына тигізген әсерін анықтауға жағдай жасау. Қазақстанның ғылым, мәдениет және өнер саласындағы жетістіктерін анықтау.

  • Дамытушылық: тақырыптағы өзекті мәселелерге назар аударта отырып, нақты мәліметтерді ажырата білу дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасау, шығармашылық әрекеттерін дамытуға көмектесу.

  • Тәрбиелік: ғылымның жетістіктері мен озық мәдени үлгілерді оқыта отырып, білімділікке, азаматтыққа, адамгершілікке тәрбиелеу, мәдени құндылықтарды үлгі түта білуге үйрету.

Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: география
Көрнекілік: Қ. Сәтбаев, Ш. Айманов суреттері, Қазақстан картасы.
Сабақтық барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Ұйымдастыру кезеңін өткізіп болған соң үй тапсырмасын сұрауға кірісемін. Алдымен оқушыларға өткен сабақты естеріне түсірулерін тапсырамын.
Өткен тақырыпқа байланысты төмендегідей сұрақтарды қоямын.
1. Адам баласының ғарышты игеруінің маңызын айт.
2. О. Сүлейменовтың «Адамға табын, жер енді!» өлеңінің мағынасы.
3. Қазақстанның ғарышты игерудегі орны қандай болады деп ойлайсың?
4. Байқоңыр ғарыш айлағының Қазақстан үшін маңызын көрсет.
Оқушылар өткен тақырыптан түсінгендері бойынша сұрақтарға жауап береді. Оқушылардың жауабын тыңдаған соң қысқаша өткен сабақты қорытындылап шығамын.
III. Жаңа сабақ.
Бүгінгі өткелі отырған сабақтың басты мақсатымен оқушыларды таныстырып өтемін. Сабақтың тақырыбы, жоспары алдын ала тақтаға жазылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет