Сабақтың мақсаты: «Қазақстан тарихы бойынша әңгімелер»



бет110/126
Дата06.02.2022
өлшемі1,4 Mb.
#61151
түріСабақ
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   126
Кесте толтыру




Әлия Молдағұлова

Мәншүк Мәметова

Бауыржан Момышұлы

Талғат Бигелдинов

Өмір сүрген жылдары













Туып-өскен жері













Соғысқан майданы













Ерлік істері













Жоспардың бесінші бөлімін төмендегіше түсіндіремін.
Түсіндіру бағыты.

  • Қазақстандық батырлар.

  • Ұлы жеңіс.

  • Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы.

  • Соғыстың зардабы.

  • Ұлы жеңістің тарихи маңызы.

Мәтінмен жұмыс.
Оқушыларды төрт топқа бөліп, мәтінді таратамын. Мәтін негізінен соғыс қимылдары, яғни оқиға жайында болады. Ол газет қиындысы немесе басқа материалдардан тұрады.
Бес минуттай уақыт оқушылар топпен оқып шығып, кезекпен талқылайды. Осыған байланысты әр топқа сұрақ қоямын.
Қорытынды кезең:
Сабақты қорытындылау мақсатында төрт топқа батырлар портретін таратып, осыған байланысты сұрақтар беремін. Осыдан кейін сыныпқа жалпылама сұрақ қоямын.
1. Ұлы жеңіске қазақстандықтардың қосқан үлесі.
2. Соғыстың зардабы қандай болды?
3. Ұлы жеңістің тарихи маңызы туралы айт.
Бұдан әрі өткен сабаққа шолу жасай отырып, қысқаша қорытындылап шығамын.
Бағалау:
Үй тапсырмасы: 1.51-параграфты оқу. Толтырылған кесте бойынша оқушылардың дәптерлерін тексеріп шығып бағалаймын.
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: § 52. Тың игеру
Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: оқушыларға тың және тыңайған жерлерді игеру, оның негізгі ерекшеліктері жайында жалпы мағлұмат беру, тың игерудің тарихи маңызын, нәтижесі мен салдарын түсінуге жағдай жасау.

  • Дамытушылық: тақырыптың негізгі мәселелерін меңгерту арқылы тарихи оқиғаларға жан-жақты баға бере білу дағдыларын қалыптастыру. Басты мәселелерді, себеп-салдарларды ажырата білуге үйрету, ойлау қабілеттерін дамытуға көмектесу.

  • Тәрбиелік: өткен оқиғаларға сыни көзбен қарау арқылы шығармашылық әрекетке тәрбиелеу, ез елінің тарихын құрметтеу сезімін оятуға көмектесу. Өткеннен тағылым алуға үйрету.

Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: география
Көрнекілік: Қазақстан Республикасының картасы, тың игеру көрінісінің суреттері.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Ұйымдастыру кезеңін өткізіп болғаннан кейін үй тапсырмасын сұрауға кірісемін. Өткенді қайталау мақсатында Ұлы Отан соғысына қатысты үш параграф бойынша оқушылардың білімін тексеремін. Онда алдын ала дайындаған тест тапсырмаларын қолданамын.
Тапсырма :

  • Фашистік Германияның КСРО-ға соғыс ашу жоспары (Барбаросса.)

  • Ұлы Отан соғысы басталған уақыт (1945 жылы 22-маусым).

  • Фашистік Германия КСРО-ны неше айдың ішінде басып алуды көздеді? (3-4 айдың ішінде).

  • Қазақстанда құрылған, Мәскеуді қорғауға қатысқан әйгілі дивизия (316-шы дивизия).

  • Ленинградты қорғауда кеудесін оққа тосып, ерлік көрсеткен батыр (Сұлтан Баймағамбетов).

  • Невель қаласы үшін болған шайқаста ерлікпен қаза тапқан батыр қыз (Мәншүк Мәметова).

  • КСРО-ның екі мәрте батыры, ұшқыш (Талғат Бигелдинов).

  • Ұлы Отан соғысында қаза тапкан КСРО азаматтарының саны (27 миллион) т.б.

Оқушылар жазып болған соң дәптерлерін жинап алып, жаңадан сұрақтар қоямын. Сұрақтар:

    • Ұлы Отан соғысының әлем тарихында және Қазақстан тарихында алатын орны.

    • Ұлы жеңістің тарихи маңызы.

    • Соғыс зардабы.

Оқушылардың жауабын тыңдаған соң, өткен тақырыптарға шолу жасап үй тапсырмасын қорытындылап шығамын да жаңа сабаққа кірісемін.
III. Жаңа сабақ.
Сабақтың тақырыбымен, жоспарымен және мақсатымен оқушыларды таныстырып өтемін.
Тақырыптың негізгі жоспары:
1. Тың және тыңайған жерлерді игеру.
2. Тың жерлерді игерудің нәтижесі.
Біздің еліміз осындай ірі астықты республика дәрежесіне қалай жетті? Оқушылар бұл сұраққа өз білгендерінше жауап береді.
Соғыстан кейінгі жылдары КСРО-ның ауыл шаруашылығы өте төмен дәрежеде болды. Коммунистік партияның алдында азық-түлік мәселесін тезірек шешу міндеті тұрды. 1954 жылы компартия «Тың және тыңайған жерлерді игеру» туралы шешім қабылдады. Жаңадан игерілуге тиіс тың жерлердің басым бөлігі Қазақстанда орналасты.
Қазақстанда тың игеру жүргізілген облыстар.
Алғашқы жылы Қазақстанда 6,5 мың га жер жыртылды. Ал тың игеру жылдары Қазақстанда барлығы 25 мың га жер жыртылған екен. Тың игеру үшін одақтас республикалардан көптеген адамдар келді. Олар мемлекет тарапынан көмек алып Қазақстан жерінде қалып қойды.
Мәтінмен жұмыс.
Параграфты оқушылармен бірге оқып шығып, төмендегі кестені толтырамын.

Тың және тыңайған жерлерді игеру нәтижесі

Жағымды (пайдасы)

Жағымсыз (зияны)







Тың игерудің пайдасы мен зиянын салыстыра отырып кестені толтырып шығамыз.
Қорытынды кезең
Сабақты бекіту мақсатында төмендегідей сұрақтар қоямын:
1. Тың және тыңайған жерлерді игерудегі басты мақсат не болды?
2. Неліктен тыңайған жерлерді игеру көбінесе Қазақстанда жүргізілді?
3. Тың жерлерді игерудің пайдасын айт.
4. Тың жерлерді игеру мал шаруашылығының дамуына неліктен кері әсер етті?
5. Тың жерлерді игерудің экологияға тигізт ең зардабы қандай болды?
6. Тың жерлерді игеру қазақ халқының ұлттык ерекшелігіне қандай зиян тигізді?
7. Тың игерудің тарихи маңызы?
8. Тың жерлерді игеру неліктен солтүстік және орталық облыстарда жүргізілді деп ойлайсың?
Оқушылардың берген жауабын басқа оқушыға толықтыртып отырамын. Барлық сұраққа жауап алғаннан кейін басты мәселелерге тоқтала отырып өткен сабақты қорытындылаймын.
Бағалау:
Үй тапсырмасы: § 52.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет