Толтырылған схеманы тақтаға іліп бір оқушы түсіндіріп береді.
Қорытынды кезең. Сабақты қорытындылау мақсатында қойылатын сұрақтар:
1. Конституцияның мемлекет өміріндегі орны қандай?
2. Ата Заңның басты ерекшелігі қандай?
3. Референдум дегеніміз не?
4. Азаматтардың конституциялық құқықтарын атап беріңдер.
5. Конституцияда Қазақстан мемлекетіне қандай сипат берілген?
6. Неліктен Конституцияны құрметтеу біздің борышымыз болып саналады?
Оқушылардың жауабын тыңдап болған соң бүгінгі тақырыпты қысқаша қорытындылаймын.
Бағалау: Үй тапсырмасы. 1. 56-параграфты оқу.
2. Конституцияны оқып мазмұндау.