Өзін- өзі тану . 4-сынып.3-тоқсан
19-ші сабақ.19-қаңтар.2010- жыл.
Сабақтың тақырыбы: Ақылды тыңдай білу де өнеге
Ата-анаңның ақылы,сайрап жатқан жолмен тең.
Ақылдының ақылы,сарқылмайтын көлмен тең.
Халық мақалы.
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
* ақылды тыңдай білудің өмірдегі маңыздылығын түсіндіру;
* ақылды тыңдай білу іскерліктерін дамыту;
* ақыл,өнеге,өсиеттерді тыңдауға,бағалауға тәрбиелеу.
Мақсаты: Оқушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Көрнекі құралдар: оқулық,дәптер,үнтаспа. «Даналық сөздер» сандығы,үлестірмелі кеспе қағаздар.
Шаттық шеңбері Оқушылыр шеңбер құрып тұрады.Барлығы үнтаспаға қосылып «Бақытты балалық шақ» атты көңілді әнді шырқайды.
Мәтінмен жұмыс
«Қорада малың болсын,көшеде талың болсын» атты мәтінмен танысу.
Дәйексөз
-Әңгімедегі әке өсиетін мүлтіксіз орындаған балалары өмірде ештеңеден қиындық көрмей,жақсы өмір сүрген екен.Ал өсиет сөзге құлақ түріп тыңдамайтын адамның ісі алға баспай,сол күйі қалады.Ата сөзін,әке сөзін,ұстаз сөзін,үлкендер сөзін,халық даналығын,өсиетін дұрыс ақылға салып тыңдай білген адамның ақылы толыса түседі,адаспайды.Ақылды тыңдайтын бала да ақылды атанады.Сондықтан да халық:
«Ата-анаңның ақылы,сайрап жатқан жолмен тең.
Ақылдының ақылы,сарқылмайтын көлмен тең»-деп айтқан болатын.
Түйіндеме Данышпан атаның ақыл-кеңесін білдіретін түйіндемемен таныстыру:
1. Адамдарға ізет білдіріңдер!
2. Түсінбегенді сұрап алыңдар!
3. Айтылған сөзге мән беріңдер!
4. Әңгімені мұқият тыңдап алыңдар!
5. Сөйлеушінің сөзін бөлмеңдер!
6. Сөйлеп тұрған адамға көңіл бөліңдер!
Жағдаяттарды талдау Жағдаят бойынша суреттегі балаларға қандай ақыл-кеңес берер едіңдер деген тапсырма беру.
Жаттығу 1.Ақботаның қоржынынан әр оқушы кеспе қағаздарға жазылған даналық сөздерді дәптерлеріне жазып,жария етеді,есіне сақтайды.
2. Өздері тыңдап өскен,қолданып жүрген ақыл сөздерді естеріне түсіріп,дәптерлеріне жазып,жария етеді.
Дәптермен жұмыс Дәптерде берілген бұлбұлдың,күйшінің,ұстаздың,баланың,әженің суреттері тұстарына қалдырылған бос жолдарға олардың қандай ақыл сөздерін тыңдағылары келетіндігін жазу.
Қорытындылау -Бізге үлгі-өнеге болатын үлкендердің,даналардың ақыл-өсиеттерін, даналық сөздерін тыңдап, оларды өмірде қолдана білсек,өмірден өз орнымызды нақты таба аламыз.Сол себепті қолдан келгенше үлкендердің кеңесін,ақылын құлақ түріп,тыңдаған жөн.
Жүректен жүрекке
Балалар шеңбер құрып тұрады.Үнтаспаға қосылып «Ізеттілік әліппесі» атты әнді шырқайджы.
Өзін- өзі тану . 4-сынып.3-тоқсан
20-шы сабақ.26-қаңтар.2010- жыл.
Сабақтың тақырыбы: Өзімшілдік пен көпшілдік
Болмағын кекшіл,болсайшы көпшіл.
Абай.
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
* «көпшілдік», «өзімшілдік» ұғымдары туралы түсінік беру;
* өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;
* көпшіл болуға тәрбиелеу.
Мақсаты: Оқушылардың «бірлік» құндылығы және «көпшілдік» адами қасиеті туралы түсініктерін кеңейту.
Көрнекі құралдар: үнтаспа,ақ қағаздар,оқулық,дәптер.
Шаттық шеңбері Оқушылыр шеңбер құрып тұрады,сәлемдеседі.Мұғалім өлең жолдарын айтады,оқушылар қайталайды.
-Күн,кімнің досысың? Кәдімгі көліңдей түсетін,
-Бәріңе ортақпын! Кәдімгі суыңдай ішетін,
Сен кімнің жолысың? Ауадай бәріміз жұтатын,
-Бәріңе ортақпын! Барлығы әулие тұтатын,
Бәріңе ортақпын!
Мәтінмен жұмыс
Ж.Байбұланованың «Қызғаныштың кесірі» атты мәтінін оқушыларға оқыту.
Дәйексөз
-Өзімшіл адам түбінде жалғыз қалады.Ал жалғыз ойнау қызық болмайтыны сияқты,жалғыз жүру де адамды жалықтырады,жалғыз еңбектенудің де жемісті нәтижесі болмайды.Көппен бірге жұмыс істеп,барын көппен бөлісе алатын,жеке басының қамын ғана емес,көптің қамын ойлайтын адамды көпшіл дейді.Ол адам көптің көмегімен үлкен жетістіктерге жетеді.Ұлы Абайдың «Болмағын кекшіл,болсайшы көпшіл» дегенінің мәнісі осы.
Жаңа ақпарат Өзімшіл адам басқалардың мүддесімен санаспайды,тек өз мүддесін ойлайды.Ондай адам туыстары,достары,сыныптастары арасында тек өзінің ғана қамын көздейді.Бұл жақсы қасиет емес.Ал көпшіл адам көп көңілінен шығып,айналасындағылармен тіл табысады.Кеңпейіл,көпшіл болу,сыйласа білу жақсы қасиет.
Жаттығыу-ойлану. Балаларға сұрақтар қойылып,жауаптары тыңдалады.
Тапсырма Өзімшіл және көпшіл адамдарға тән қасиеттерді ажыратып айтыңдар:
Өз басының пайдасын ойлау,бауырмалдық,ақкөңілділік,басқалармен санаспау,өз қамын ойлау,белсенді,жомарттық,өркөкіректік,менмендік,тәкаппарлық,қауымшыл.
Дәптермен жұмыс Оқушылар дәптерде берілген кестеге өзімшіл адам мен көпшіл адамға тән белгілерді жазады да,оларды салыстырып қорытынды жасайды.
Тапсырма «Өзімшілдік пен көпшілдік туралы күнделікті өмірден мысал келтіріп айту.»
Қорытындылау -Көпшіл адамды бәрі жақсы көреді,өзімшілді ұнатпайды.Көпшілдің көпке көмегі тиеді және оған көпшілік көмектеседі,өзімшілдің өзіне ғана көмегі тиеді.Көпшілдің жолдастары,достары көп,өзімшіл жалғыз.Сондықтан да көпшіл болуға ұмтылып,өзімшілдіктен қашық болайық.
Жүректен жүрекке Балалар шеңбер құрып тұрады.Өлең оқиды.
«Сіз», «біз»деген жылы сөз Баршаға керек жақсылық!
Жылытады жүректі. Жақсылық сүйер жанымыз,
Жақсылық билеп жаныңды тез, Баршаға жетер жақсылық,
Оятар игі тілекті. Қызғанбай бөліп алыңыз!
Біреуге біреу жақсылық «Сіз» , «біз» деген жылы сөз-
Тілесе әр кез жаны ашып, Жақсылықтың мейірі.
Осы бір шырын –тәттілік, Бір-біріне болып көз,
Тұрмай ма жанға жарасып!? Кең болсын адам пейілі.
Өзін- өзі тану . 4-сынып.3-тоқсан
21-ші сабақ.02-ақпан.2011- жыл.
Сабақтың тақырыбы: Батыл болмай, батыр болмайды.
халық даналығы.
Мақсаты:
* оқушылардың «халық», «Отан», «махаббат» құндылықтарды туралы түсініктерін кеңейту;
Міндеттері:
-батылдық, өжеттік ұғымдары туралы түсінік беру;
-шешім қабылдай білу іскерліктерін дамыту;
-батылдыққа, өжеттікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар : оқулық,үнтаспа
Шаттық шеңбері
Балалар мұғаліммен бірге шаттық шеңберін құрып тұрады.
Көңілді ән шырқайды.
Балдырғандар әні
сөзін жазған О.Әубәкіров
Әнін жазған Ш. Қалдаяқов
Қуанышқа бөленген әр күніміз,
Бақыттымыз,балалар, барлығымыз.
қайырмасы:
Өмір тым жайдары,
Қызықтың қайнары,
Бақшамыз жайнады.
Біз-Отанның балдырған ұлдарымыз,
Әдептілік, батылдық-ұранымыз.
қайырмасы
Мәтінмен жұмыс
Сабақ тақырыбының мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелеу жүргізу.
Балалардың өздігімен мәтінді түсініп оқып шығып,пікірлерін тыңдау.
«Қойшы Қаһарман» ертегісі.
Балалардың пікірін білу мақсатында сұрақтар қою:
* Қаһарман батырдың ержүрек батырлығын қандай іс-әрекетінен байқадыңдар?
* Қаһарман батырдың тағы қандай жақсы қасиеттері туралы айта аласыңдар?
* Өздеріңнің бойларыңда батылдық бар деп ойлайсыңдар ма? Неліктен?
* Батылдық,өжеттік көрсеткен кездерің болды ма?
* батыл болу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?
Дәйексөз
Балалардың жауаптары дәйексөздің түсіндірілуімен және жаттығу жұмысының орындалуымен түйінделеді.
-Бойында батылдығы бар адам батыр бола алады.Ал батыл болу үшін өжет, төзімді,шыдамды,сабырлы, ата-анасын,елін,жерін сүйетін, қорқуды бімейтін адам болу керек. Ондай адам батыр бола алады. Сондықтан да халық «Батыл болмай, батыр болмайды» деп тегін айтпаған.
Жаттығу
Оқушыларға тарихтағы батырларды еске түсіру ұсынылды.Олардың бойындағы қасиеттерді еске түсіре отырып, батылдық ұғымына топтастыру жасайды.
Күтілетін жауаптар: өжет адам, қорықпайтын, төзімді,сабырлы, денсаулығы мықты, шыныққан, Отанын сүйетін, қайсар және т.б.
Сергіту сәті
Адам бойына батылдықтың қалыптасуына жене жаттығуларының да әсері бар екендігі еске түсіріліп, балалардың денесі сергітіледі және ойын ұйымдастырылады.
Шынығамыз жастай біз, (Орындарынан тұрады)
Жаттығуды бастаймыз. (Қоладарын бүйірлеріне қояды)
Бір,екі,үш, (қолдарын алға, жоғары, жанына созады)
Бір,екі, үш, (қолдарын алға, жоғары, жанына созады)
Бойға жинап күш. (Қолдарын ішке бүгеді)
Ойын
Балалар жарты шеңбер құрып тұрады.Ортаға ұзындығы 2-3 метр болатын түзу сызық сызылады.Меже белгіленеді.Ортаға бір ойыншыдан шығады .Ойыншыны ойын басқарушы онында тұрып айналдырады.Бірнеше рет айналғаннан кейін сызылған сызықтың бойымен екі қолын жайып түп-түзу жүру керек.Кім межеге сызықтың бойынан ауытқымай түзу жүріп жетсе, сол батыл, жеңімпаз атанады.Жеңімпаздарды марапаттайды, қол шапалақтап қошеметтеу.
Тапсырма
«Өмірде ерлікке орын жетеді» тақырыбында әңгімелеу.
Дәптермен жұмыс
Оқушылардың сабақта алған білімдері пысықталады.
1-тапсыпма.
Дәптерде берілген сөзжұмбақты шешу.
2-тапсырма : Халқымыздың батыр, өжет азаматтарының бірі туралы шағын әңгіме жазу.
Қорытындылау
-Батылдық-адам бойындағы жақсы қасиеттердің бірі.Адам батыл болу үшін бала күнінен денесін шынықтырып, салауатты өмір сүру керек. Халықбатырларының өмірін мақтаныш,үлгі тұта білейік.
Жүректен жүрекке
Балалар бір –біріне жылы лебіздерін білдіреді:
-Бір-бірімізді қиын сәтттерде қодай білейік.
-Деніміз сау болсын.
-Бойымызға батылдықты, батырлықты дарыта білейік және т.б.
Өлең оқыту
Батыр ата
Ө. Тұрманжанов
«Батыр !» деген барша сүйген жақсы сөз,
Алтын туы сияқты ол ғасырдың.
Батыр ата: « Батыр бол!»- деп ұрандар!
Естіңдер жас жеткіншек қырандар!
Батыр болып,туған жерді қорғауды-
«Шын бақыт!»- деп тілек етіп сұраңдар.
Өзін- өзі тану . 4-сынып.3-тоқсан
22-ші сабақ.09-ақпан.2011- жыл.
Сабақтың тақырыбы:Еңбекқорлық пен еріншектік
Еңбек-қуаныш, жалқаулық-айырылмас азап.
Абай.
Мақсаты:Оқушылардың «еңбек» құндылығы туралы түсініктерін кңейту;
Міндеттері:
-еңбекқор мен еріншек туралы түсінік беру;
-еңбекке қызығушылықтарын арттыру;
-еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: үнтаспа, ақ қағаздар, оқулық, дәптер.
Шатттық шеңбері:
Балалар шеңбер құрып тұрады. «Болайықшы осындай» әнін үнтаспаға қосылып айтады.
Әңгімелесу
Мұғалім оқушылардың еңбекқорлық пен еріншектік туралы түсініктерін білу мақсатында төмендегідей әңгімелесу сұрақтарынберіп, пікірлеседі.
* Еңбектену адамға не үшін қажет?
* Еңбекқорлық адамды тағы қандай қасиеттерге баулиды?
* Өзіңді еңдекқомын деп манайсың ба? Неліктен?
Мәтінмен жұмыс
Сабақтың тақырыбын таныстыра отырып,еріншек пен еңбексүйгіш туралы балаларда түсінік қалыптастыру мақсатында әңгімелеу ұйымдастыру.
Мәтінді әңгімелеп беру. «Еңбексүйгіштік пен Еріншек» ертегісі.
Балалардың түсініктерін байқау мақсатында сұрақтар қою.
* Еңбексүйгіш пен Еріншектің әрекеттерін салыстырып, ерекшеліктерін айтып беріңдер
* «Нағыз адамның өткен жылдары өшпейді» дегенді қалай түсінесіңдер?
* Еңбексүйгіштің бойындағыжақсы қасиеттерді атап беріңдер.
Балалардың жауаптарын мұғалім түйіндейді:
-Еңбекті сүйетін адам көп еңбектенеді.Өз еңбегінің арқасында ұрпағына, халқына мұра қалдырады.Ал еріншек жалқаулығының нәтижесінде өз күнін өзі әрең көреді.
Сергіту сәті
Еңбек
Қырға шықсаң,өрлеп (Қолдарын кезек –кезек жоғары көтереді.)
Мұның аты-еңбек. (Екі қолын жаяды.)
Кесте тіксең, зерлеп, (Оң қолымен ине ұстап, тіккен қимылды көрсетеді.)
Мұның аты-Еңбек. (Екі қолын жаяды.)
Сабағыңа жөндеп (Жанындағы көршісіне қарап сол қолын жаяды.)
Әзірленсең-Еңбек.
Қиындықтың бәрін (Құшағын ашады)
Еңбек қана жеңбек. (Екі қолын жаяды.)
Тапсырма
Оқушыларға «адал еңбек», «өнімді еңбек» деген ұғымдарды қалай түсінетіндері туралы айтып беруді тапсыру.
Дәйексөз
Бабалардың жауаптарды дәйексөздің түсіндірілуімен түйінделеді.
-Еріншектік,жалқаулық әңгімеде айтылғандай бір қиындықтан екінші кедергіні тудырады,жолын болдырмайды.Нәтижесінде көңіліңде,қарның да тоқ болмайды. Сондықтан да ұлы Абай атамыз «Еңбек-қуаныш, жалқаулық-айырылмас азап»деп айтқан болатын.
Шығармашылық жұмыс
Сабақта оқушылардың алған білім-біліктерін іс жүзінде көрсете алуларына жағдай туғызу үшін
«еңбек пен бақыт-егіз» мақалын көзқарас-себеп-мысал-қорытындылау әдісімен талқылау.
Сабақ тақырыбының мазмұнына сәйкес тапсырмасы беріледі.
- М.Әлімбаевтың «Ұшпақ па әлде еріншек пе?» «Менің оған нем кетті»өлеңдерін салыстыра оқыту.
Жаңа ақпарат
«Адам ерінбей еңбек ету арқылы қуанышқа,шаттыққа бөленеді» деген жаңа ақпаратпен таныстырып, олардың алған білімдерін толықтырып бекіту.
Тапсырма
Оқушылардың тақырып бойынша білімдерін тиянақтау мақсатында «Еңбекқор бала мен еріншек балаға мінездеме беріңдер» деген тапсырма беремін.
Дәптермен жұмыс
1-тапсырма: Дәптерде берілген кестеге еріншек пен еңбекқорға тән белгілерді бөліп жазыңдар. Жазғандарын салыстыра отырып өз қорытындыларын шығарту.
2-тапсырма: Мақалдарды оқытып,түсініктерін айтқызу.
«Еңбек- ырыстың бұлағы, бақытттың шырағы».
«Адал еңбек, алғыр ой-анық досың біліп қой»
Оқушылардың жауаптарын тыңдау.
Қорытындылау
-Адам бойынан табылып жататын ең бір жағымсыздық-еріншектік. бұл әдет- бүкіл дүниедегі өнердің дұшпаны. Өйткені еріншек кісінің мойны іске жар бермейді.Осыған байланысты Абай атамыз 38-қарасөзінде: «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек.Әуелі-надандық, екінші-еріншектік, үшінші-залымдық,-деген екен».
Жүректен жүрекке
Балалар шеңбер құрып тұрады. Бір-біріне жақсылық , ізгі тілектерін білдіреді. «Еңбек» атты өлеңді оқыту.
Өзін- өзі тану . 4-сынып.3-тоқсан
23-ші сабақ.16-ақпан.2011- жыл.
Мақсаты: Оқушыларға «төзімділік», «табандылық» адами қасиеттер туралы түсінік беру.
Міндетттері:
-төзімділік пен табандылықтың адам өміріндегі маңыздылығынтүсіндіру;
-төзімділікке,табандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: үнтаспа, ақ қағаздар, оқулық, дәптер, қарағайдың сұлбасы, қағаздан жасалған «ағаш бүрлері».
Шаттық шеңбері
Балалар шеңбер құрып тұрады. Үнтаспаға қосылып ән шырқайды.
Мектеп полькасы
Сөзін жазған: Т.Молдағалиев
Әнін жазған: И.Нүсіпбаев
Біз бейбіт ел ұланы,
Өнер-білім ұраны.
Алдымыздан жақсы арман
Күлім қағып тұрады
Қайырмасы:
Біз-батыр ел жастары,
Бақыт алға бастады.
Тербетіліп алтын дән
Теңіздейін толқыған.
Даламызда тасқындап,
Еңбек күйі шалқыған.
Қайырмасы:
Әңгімелесу
* Төзім,табандылық дегенді қалай түсінесіңдер?
* Өз бойыңнан осы қасиеттерді сезіндің бе?
Мәтінмен жұмыс
Мұғалім сабақтың тақырыбын таныстыра отырып, төзімділік,табандылық туралы түсінік беру мақсатында әңгімелеу ұйымдастыру.
Р. Әбілқадырова «Әдемі әже» әңгімесін оқу.
* Әңгімеде
Достарыңызбен бөлісу: |