Сабақтың ортасы
|
Жаңа сабақ. Сен білесің бе?
-Біз қай мемлекетте тұрамыз?
-Қазақстанда қазір қандай жыл мезгілі?
-Дұрыс,Қазақстан солтүстік жарты шарда орналасқан? (Еуразия)
(Глобустан полюстерді - жер осі өтетін тұсты көрсету.)
–Олардың орналасуында қандай ерекшелік бар? (Остің көлбеу болу себебінен бұл жерлерге Күн сәулесі ұзақ уақыт бойы түседі немесе керісінше, мүлде түспейді). Солтүстік полюсте қазір 6 ай бойы поляр түні. Яғни оларда 6 ай бойы күн түспейді. Поляр түні түн деп аталғанымен, ол көбірек ымыртқа ұқсайды. Күн көкжиектен көп түспейді де, сәулелері көрініп тұрады.
(глобустың астына жарық жағу арқылы көрсету)
-Қай кезде күн мен түн теңеседі?
-Дұрыс, 21-наурыз күні. Солтүстік полюсте алғашқы таң атып, содан 6 ай бойы күн батпай тұрады. Ал,керісінше оңтүстік жарты шарда 6 ай бойы поляр түні болады.
V. Зертте. Зерттеу барысы:
Теллурий – Жердің Күнді айналатын жылдық қозғалысы мен өз білігінен айналғандағы тәуліктік айналымын көрнекі түрде көрсетуге арналған құрал.
Күн мен түннің біртіндеп алмасуын көрнекі құралмен көрсету. Егер жоқ болса, үстел шамы мен глобусты пайдалану.
VI. «Тәулік мезгілдерін бейнеле». постер қорғау.
3 топқа таң, күндіз, кеш - Суреттерді сипаттау.
Саралау. Кейбір оқушылар дала туралы сипаттама-әңгіме құру.
Суреттер несімен ерекшеленеді? (әртүрлі тәулік мезгілдері)
Суреттерді ретімен орналастыр (таң, күндіз, кеш, түн).
Неліктен осы ретпен орналастырдың? Түсіндір.
Саған тәуліктің қай мезгілі ұнайды?
VII. Сергіту сәті
VIII.Топтық жұмыс. «Сиқырлы конверт»
І топ- аспан денелері: (темірқазық,жұлдыз,ай)
ІІтоп- түнгі тіршілігі белсенді жан-жануарлар.(үкі,жапалақ,жарқырауық қоңыз)
ІІІ топ -жұмбақ пен мақал
1.Күндіз кірер «інге»,
Жұрт қалады білмей.
Шығады тек түнде,
Болам дейді күндей. (Ай)
2.Ай мен күн ауысты,
... ... .... ..... (Тәулікті тауысты)
3. Ай жарығы әлемге,
.... ..... ..... ..... (Күн жарығы төменге)
4. Күндіз білінбейді,Түнде күлімдейді. (жұлдыз)
|
Достарыңызбен бөлісу: |