Әртүрлі жұмыстарды орындау барысында еңбек гигиенасы ережелері мен қауіпсіздік техникасын қадағалау қажет.
Ескертпе:
Пәнді тиімді оқыту үшін сабақ кестесінде сабақтарды жұптап өту жоспарлау қажет. Бұл жағдайда мұғалім мен оқушыларға бекітілген оқыту мақсаттарын толық көлемде іске асыру мүмкіндігі болады.
Оқу пәнінің мазмұны көркем еңбектің мазмұндық тізбегі 1-4 сыныптарға үш бөлімде оқыту идеясының жүйесінде қалыптасуға бағытталған.
1-бөлім."Шығармашылық идеяны зерттеу және дамыту" - қазақ халқының және басқа халықтардың дәстүрі мен мәдениетін меңгеріп, қоршаған ортада әр түрлі материалдарға зерттеу жасау үдерісінде, зерттеу дағдыларын және шығармашылық елестету қабілеттерін дамыту бағытында өз идеяларын жасайды.
2-бөлім."Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау" -әр түрлі жұмыс техникаларын меңгеріп және өзінің іс-әрекетін жоспарлап, әр түрлі материалдармен эксперемент жүргізіп, қоршаған ортаның бейнелеу дағдыларының тәжірибелерін дамытуға бағытталған.
3-бөлім. "Презентация, талдау және бағалау" комуникативтік және сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған, соның аясында өзінің және басқалардың жұмысын бағалайды, презентациялайды және түсіндіреді.
Үйге тапсырма: Бастауыш сыныптарда технология пәнінің базалық білім мазмұның құзыреттіліктері түрлері туралы толық мәліметер