Бейнелеу өнерінің әрбір түрі өмірдің сан белесін көрсете отырып дамытады. Бейнелеу өнерінің түрлері шындықты қабылдаумен, көркемдік міндеттермен, сонымен қатар бейнені сомдағанда қолданатын материалдардың әртүрлілігімен ерекшеленеді. Оның әрқайсысы әр кезеңде дамып, өзіндік сипат ала бастады. Алдымен сәулет өнері және жанды бейне бейнелеу өнерінің басты үш түрі болып есептеледі. Содан кейін өнердің бір түрі графика қызыметтік және қосалқы түрден өнердің жеке және дербес түріне айналады. Сонымен қатар сәндік қолданбалы өнер түрі де ерекше сипатта бағыт алады. Соңғы жылдары өнердің дизайн сияқты түрі де өте айқын бенесін тапты.
-1.Графика
-2.Композиция
-3.Дизайн
-4.Кескіндеме – (живопись)
-5.Мүсін өнері – (скульптура)
-6.Сәулет өнері – (архитектура) Бейнелеу өнерінің жанрлары.
Бейнелеу өнері д/з – айналамыздағы өмір көріністерін жазықтықта әрі кеңістікте бейнелеу арқылы суреттейтін өнері түрі. Бейнелеу өнері бірнеше түрге бөлінеді. Олар: кескіндеме,графика, мүсін, сәндік қолданбалы өнер, сәулет өнері.
Кескіндеме – жазық бетінде бояу түрлері арқылы орындалатын көркем шығарма. Кескіндеме орындалу ерекшелігіне қарай бірнеше жанрға бөлінеді. Олар: натюрморт, пейзаж, портрет.
-1)Натюрморт д/з – заттар мен бұйымдарды үйлесімді етіп бейнелеген көркем шығарма. «Натюрморт» француз сөзі «өлі табиғат» дегенді білдіреді.
-2)Пейзаж д/з – табиғат көрінісін бейнелеген көркем шығарма. Пейзаж әр алуан кейбір пейзаж шығармалары өмірде бар нақты өлкелердің көрінісін бейнелесе, кейбіреуі суретшінің қиалынан туады.
-3)Портрет д/з – адамның бет пішіні бейнеленген көркем шығарма.
Бейнелеу жанрлары да бірнеше түрге бөлінеді. Тарихи, баталдық, маринист, анималистік. Тарихи жанр д/з – белгілі бір оқиғалармен тарихи кезеңдер бейнеленген көркем шығарма. Баталдық жанрда – соғыс оқиғалары мен бейнеленеді. Маринист – теңіз, көл сияқты табиғат көріністерін бейнелейтін шығарма.
Графика д/з – қағаз немесе картон бетіне карандаш, қылқалам немесе басқада құралдармен орындалатын сурет. «Графика» атауы гректің «жазамын, сурет саламын» деген сөзінен шыққан. Кескіндеме д/з – әр түрлерімен жазықтық бетінде ороындалатын көркем шығарма. Кескіндеме суреттері қағазға, картонға, тақтайға, кенепке т.б. салынады. Негізінен қолданылатын бояу түрлері: акварель, гуащь, майлы бояу, пастель, сангина және т.б. Кескіндеме монументтік, станокты болып екіге бөлінеді.