Газизова Маншук
Тарих пәні мұғалімі
Ақкөл орта мектебі
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ақкөл селосы
Сабақ тақырыбы: Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы жөнінде терең мағлұмат беру.
Дамытушылық: Оқушыларды қаңлылардың шаруашылығы және тұрмысымен таныстыра отырып, жүйелі ойлау мен талдай білуге, жан-жақты іздене білуіне, еркін сөйлеп, ойын жеткізе білуге үйрету.
Тәрбиелік: Қаңлылар тарихынан түсінік бере отырып, оқушылардың бойына ұлтжандылық сезімін қалыптастыру.Отанымыздың мәдени мұрасын қастерлеп, бағалай білуге,құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту және өздігінен оқып-үйрету сабағы.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, тақырыптық слайдтар,Қазақстан картасы, Дүние жүзінің саяси картасы,тірек-сызбалар.
Оқытудың әдістері: зерттеу, «ой қозғау» стратегиясы, картамен жұмыс,
сұрақ-жауап, ойын.
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. «Ой қозғау» стратегиясы.
1.Қаңлылар туралы қандай деректер бар? Оларда қаңлылар туралы не айтылады?
2. Қаңлылар мекендеген жерлердің табиғи-климаттық жағдайын сипаттап айтыңдар.
3.Қаңлылардың қоғамдық құрылысы туралы әңгімелеңдер.
4.Қаңлылардың археологиялық ескерткіштері орналасқан жерлерді картадан көрсет
2. «Кім шапшаң?» ойыны.
1. Қаңлылар туралы мәліметтер қай елдің деректерінде кездеседі?
(Қытай,Шицзи,Цянь Ханьшу)
2.Қаңлы тайпаларының ең негізгі атамекені қай жер?
(Сырдария өзенінің орта ағысы)
3.Қаңлылар археологиялық ескерткіштері қандай мәдениеттерге бөлінеді?
(Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетіасар)
4.Ақтөбе қонысы қай мәдениеттің ескерткішіне жатады?
(Қауыншы)
5.Қаңлы елін кім биледі?
(Ұлы хан)
6.Қаңлы елінде құлдық қалай пайда болды?
(Соғыстан түскен тұтқындардан)
3.Жаңа сабақты меңгерту.
Жоспар:
1.Егіншілік.
2.Мал шаруашылығы мен кәсіпшілігі.
3. Металл өндірісі.
4. Сауда қатынастары.
I. Тірек-сызбалар арқылы түсіндіру.
Егіншілік
қоныстары
Арал өңірі Ташкент алқабы
егістік аңғарлары
Сырдария өңірінде
дәнді және бау-бақша өсірілді
егістік арықтары
Зах арығы Ханарық арығы
(Шыршық өзенінің
оң жағалауының
20 шақырым орналасқан)
Қаңлылардың маңызды шаруашылығы
Төрт түлік мал өсіру
Кәсіптері
Аң аулау балық аулау құс аулау
Жүн өңдеу, құмыра жасау
Металл өндірісі
Темір ұсталығы қола құю зергерлік
Металл өндірісінің орталығы
Шаш-Илақ Ежелгі Құлата қаласы
Аймағы
Сауда қатынастары
Ұлы Жібек жолы
Сырдария алқабы
Б.з.б 4ғ. Әр түрлі 1300 –дей теңге табылды.
Отырар алқабы
Мардан қорымынан Қытай теңгелері табылды б.з.б 2ғ.
4. Жаңа сабақты пысықтау тапсырмалары.
1. «Анықтап орналастыр»
Қаңылылар шаруашылығы.
Шаруашылықтың маңызды бір саласы................................. оның дәлелі
Қаңлылар қандай кәсіптермен айналасады?......................................
2. Кестемен жұмыс.
Қаңлылардың шеберлері
Темірден балта, шот, кетпен,ат абзелдері
мыс Орақ, пышақ, біз
қоладан шеге, қазан,айна,қару-жарақ
сүйектен қын жасаған, жұмырлағыш, түйме
зергерлер алтын,күміс білезік, сырға,сақина
асыл тастар алқа, моншақ,қаптырма
Қаңлылар сауда байланысы
Жасаған елдер
3. Өзін-өзі тексеру сұрақтары.
1.Қаңылар соғыс бола қалған жағдайда қанша жауынгер жасақтай алады?
а/ 600мың ә/120мың б/ 300мың в/80мың г/210мың
2. Қаңлы бірлестігінің территориясын белгіле
а/Ертіс бойы ә/Ыстық көл жағалауы б/Қаратау жотасынан Сырдарияның орта ағасына дейін в/Жетісу г/ Еділ бойынан Сырдарияға дейін
3.Қаңлы елінің билеушісі кім?
а/Гуньмо ә/Ұлы хан б/ уәзір в/ сұлтан г/ кіші хан
4. Қаңлы елінің астанасы
а/ Жетіасар ә/ Көк-Мардан б/Битьян в/Қостөбе г/ Пұшық- Мардан
5. Қаңлылардың негізгі шаруашылыққа қосымша айналысқан кәсібі
а/ мал шаруашылығы ә/ егіншілік б/ металл өндіру в/ аң аулау г/ сауда
6. Сырдария аймағынан қаңлылардың қанша теңгесі табылды?
а/ 1300 ә/ 3120 б/210 в/310 г/ 1200
Кілті: 1ә.2б.3ә. 4б. 5а.
4. Жылдам жауап.
Сұрақтар:
1.Қаңлылар Шыршық оң жағалауынан қандай арық қазды?
(Зах)
2. Егісті суарудың қандай тәсілі көп қолданды? (көлдете жайып суару тәсілі)
3. Қандай мал өсірген? (Төрт түлік мал)
4. Қаңлы қыстаулары қай аймақта болған? (Сырдария жағасында)
5.Қазіргі уақытта қаңлылардың қанша теңге табылды? (1300)
6.Қаңлы елі неше бөлікке бөлінді? (бес)
7. Қаңлы тайпаларының негізгі кәсіптері: ( аң аулау, балық аулау, құс аулау)
8.Қаңлыларда сауданың қандай түрлері дамыған? ( ішкі ж/е сыртқы)
Қаңлы
тайпасы
4. Топтастыру стратегиясы.
5. Ой қорыту.
1. Біз қаңлылардың қай кезеңдегі тарихымен таныстық?
2. Қаңлылардың шаруашылығы мен негізгі кәсіптері туралы айтып беріңдер.
3.Қаңлы тарихы жөнінде қандай қорытындыға келдіңдер?
Үйге тапсырма: Қаңлылардың шаруашылығы туралы мәнжазба жазып келу.
Тест құрап келу.
Оқушыларды бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |