Сабақтың тақырыбы: Шешендік сөз -асыл ойдың өрнегі Сабақтың мақсаты:
Білімділік
Дамытушылық
Тәрбиелік
Оқушыларға ата-бабамыздан қалған асыл мұралардың бірі –шешендік өнер тұлғасында мағлұмат беру, Қазақ даласында өмір сүрген дуалы, от ауызды, орақ тілді шешендердің ұрпақтан ұрпаққа, атадан балаға мұра ретінде жеткен асыл сөздерімен таныстыру.
Оқушыларға шешендік сөздер арқылы зерделі, білікті де, білімді, ой –қиялы ұшқыр, ақылды, парасатты тапқыр болуға баулу.
Шешендік сөздер арқылы оқушыларды атадан қалған сыйластық, инабаттылық достық, жолдастық сияқты асыл мұраларды үйренуге, тәрбиелеу.