Сабақтың мақсаты: Білімділік: Әдеби тіл және мемлекеттік тіл туралы түсінік қалыптастыру, «Тіл туралы» заң туралы мағлұмат беру



бет7/7
Дата11.01.2017
өлшемі1,35 Mb.
#7485
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту
252-жаттығу

1. Меңгеріле байланысқан сөз тіркестерін табу

2. Синтаксистік талдау жасау


Ол сенің айыбыңды ашпайды, сырыңды сыртқа шашпайды.
253-жаттығу


  1. Мәнерлеп оқып, негізгі ойды анықтау

  2. Септік жалғаулы сөздерді тіркескен сөздерімен теріп жазу


Түндерді өткізуші ем, кітаппен өткізуші ем, «Иллидадан бас көтермей» т.б.
254-жаттығу

Меңгеріле байланысқан сөз тіркестерін тауып, бағыныңқы, басыңқысын анықтау, сөз тіркестерінің түрлерін анықтау

Дүниеде жасамадым ба, адаммын деуге болады.

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Тіл мәдениеті халықтың әдет-ғұрпы мен тіл өнерінде

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тіл мәдениеті, тіл тазалығы туралы түсінік беру, дұрыс жазу, сөйлеуге, қосымшаларды нормаға сай орынды қолданып, ұтымды сөйлей білуге үйрету

Тәрбиелік: Жаттығу мәтіндерінің мазмұны арқылы халықтық дәстүр, салт-сана, сөз өнерін қрметтеуге, дұрыс, мәдениетті сөйлей білуге тәрбиелеу

Дамытушылық: Мәнерлеп оқып, мәтінге өз көзқарасын жеткізе білуін, ойын, тілін дамыту

Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс –тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, мәнерлеп оқу, талдау


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Жаңа сабақ
Тіл мәдениеті деп - сөйлегенде, жазғанда тіл құралдарын ( сөз, сөз тіркесі, сөйлем) дұрыс қолдануды айтамыз.

Олқылықтары:



  • басқа тілді араластырып сөйлеу

  • қосымшаларды дұрыс қолданбау

  • сөз аяғын жұтып қою

  • керексіз қыстырма сөздерді жиі пайдалану


ІІІ. Жаңа сабақты бекітуге арналған жаттығу жұмыстары
298- жаттығу Ауызша


  1. Мәнерлеп оқу

  2. Мазмұндау

  3. Теңеу сөздердің мәнін ашу

  4. Қарашаштың өлгенін Жиренше қалай білді?


299-жаттығу
1. Өлеңді мәнерлеп оқу

2. Исатайға сипаттама беру

3. Сөз тіркесінің түрлеріне талдау
300-жаттығу

1. Өлеңді мәнерлеп оқу

2. Әбдірахман туралы не біледі?

3. Тапсырма бойынша жұмыс

4. Синтаксистік талдау жасау
ІҮ. Қорытынды

Ү. Бағалау

ҮІ. Үйге тапсырма: 1. Оқу

2. ауыз әдебиеті үлгілерінен үзінді жаттау




Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Тіл мәдениеті халықтың әдет-ғұрпы мен тіл өнерінде

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Халықтың әдет-ғұрпы мен шешендік сөздерінің, халықтың ауыз әдебиетінің тіл мәдениетін қалыптастырудағы орны жайлы алған білімдерін тереңдету.

Тәрбиелік: Оқушыларды парасаттылыққа, достық, жолдастық қатынастарды құрметтеуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушылардың ойын, қиялын, тілін, сөздік қорын дамыту

Сабақтың типі: Пысықтау сабағы

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс –тәсілдері: Жұмбақ сайысы, мәнерлеп оқу, талдау, ауызша тіл дамыту


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Үйге шешендік сөздер жаттап келуге берілген бюолатын. Үй тапсырмасын сұраймын.


ІІІ. Өткен сабақты пысықтауға арналған жаттығу жұмыстары
292-жаттығу

1. Жұмбақтарды мәнерлеп оқып, шешуін табу

2. Жұмбақ мәтінінің құрамында кездесетін бейнелеуіш сөздерге мән беру, олардың көркемдегіш қызметін аңғару

2-тапсырма

Үйге жұмбақ жаттап келуге берілген болатын. Үш қатардың оқушылары бір-бірімен жұмбақ айтып, шешуін тауып жарысады.


293-жаттығу


  1. Мәтінді мәнерлеп оқу

  2. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау


294-жаттығу Ауызша


  1. Мәнерлеп оқу

  2. Әңгімелеу

  3. «Азамат» сөзінің қандай жағдайларда қолданылатынын анықтау

  4. Жиреншенің төрт жасар баласын «азаматым» деп атауының себебін түсіндіріңдер


295-жаттығу
1. «Байлық пен ақыл» және «Достық туралы» әңгімелерін мәнерлеп оқу

2. Мазмұнын әңгімелеу

3. Сөзге тоқтау, сөзден жеңілу деген сөздердің мағынасын ажыратып айту

4. Адамның сырт тұлғасын бейнелейтін сөздерді тауып, сөз таптарына, тұлғасына ажырату




ІІІ. Қорытынды

ІҮ. Бағалау

Ү. Үйге тапсырма: 1. Оқу

2. Шешендік сөздерден үзінді жаттау




Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Тіл мәдениеті халықтың әдет-ғұрпы мен тіл өнерінде

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тіл мәдениеті, тіл тазалығы туралы түсінік беру, дұрыс жазу, сөйлеуге, қосымшаларды нормаға сай орынды қолданып, ұтымды сөйлей білуге үйрету

Тәрбиелік: Жаттығу мәтіндерінің мазмұны арқылы халықтық дәстүр, салт-сана, сөз өнерін қрметтеуге, дұрыс, мәдениетті сөйлей білуге тәрбиелеу

Дамытушылық: Мәнерлеп оқып, мәтінге өз көзқарасын жеткізе білуін, ойын, тілін дамыту

Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс –тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, мәнерлеп оқу, талдау


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Жаңа сабақ
Тіл мәдениеті деп - сөйлегенде, жазғанда тіл құралдарын ( сөз, сөз тіркесі, сөйлем) дұрыс қолдануды айтамыз.

Олқылықтары:



  • басқа тілді араластырып сөйлеу

  • қосымшаларды дұрыс қолданбау

  • сөз аяғын жұтып қою

  • керексіз қыстырма сөздерді жиі пайдалану


ІІІ. Жаңа сабақты бекітуге арналған жаттығу жұмыстары
298- жаттығу Ауызша


  1. Мәнерлеп оқу

  2. Мазмұндау

  3. Теңеу сөздердің мәнін ашу

  4. Қарашаштың өлгенін Жиренше қалай білді?


299-жаттығу
1. Өлеңді мәнерлеп оқу

2. Исатайға сипаттама беру

3. Сөз тіркесінің түрлеріне талдау
300-жаттығу

1. Өлеңді мәнерлеп оқу

2. Әбдірахман туралы не біледі?

3. Тапсырма бойынша жұмыс

4. Синтаксистік талдау жасау
ІҮ. Қорытынды

Ү. Бағалау

ҮІ. Үйге тапсырма: 1. Оқу

2. ауыз әдебиеті үлгілерінен үзінді жаттау


Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Сөз мағынасы – тауып сөйлеудің кілті

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың тіл мәдениеті жайлы алған білімдерін толықтыра отырып, сөз мағынасы, шешендік сөздер мен ұтымды сөздерді орынды қолдана білуге үйрету

Тәрбиелік: Оқушыларды сөйлеу мәдениетіне, адамгершілікке, ұстамдылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін, сөздік қорын, шығармашылықпен жұмыс жасай білуін дамыту

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Мәнерлеп оқу, жатқа оқу, мазмұндау, талдау, шығармашылық жұмыс
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Үйге жаңылтпаш жаттап келуге берілген болатын. Үй тапсырмасын сұраймын.


ІІІ. Жаттығу жұмыстары

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Сөз мағынасы – тауып сөйлеудің кілті

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ұтымды сөздер, жұмбақ, мақал-мәтелдер арқылы оқушыларды сөйлеу мәдениетінек, дұрыс сөйлеп, сөздерді орынды қолдана білуге үйрету

Тәрбиелік: Оқушыларды еңбексүйгіштікке, адамгершілікке, пайымдылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін, қиялын дамыту, дүниетанымын кеңейту



Сабақтың типі: Қайталау сабағы

Сабақтың түрі: Ойын сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Жұмбақ, сұрақ-жауап, ойын, талдау, өзіндік жұмыс
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Үйге жаңылтпаш жаттап келуге берілген болатын. Үй тапсырмасын сұраймын.


ІІІ. Жаттығу жұмыстары
1-тапсырма Жұмбақ – мақалдар

Тамақ ішіп-жемесе адам семіре ме? – деп сұрайды Базарбай. Балалардың кейбіреулері «семіреді» десе, кейбіреулер «семірмейді» деп таласып жатыр.



  • Семірмек түгілі, тамақ ішпесе, адам өліп те қалады, - дейді Амантай. Оған да бір күлісіп алған балалар:

  • Шынында да қалай болады екен? – деп ойласып жатыр. Бұл сұраққа қандай мақал жауап береді?

Арымақ, семірмек көңілден,

Адам құлақтан азады,

Көңілден семіреді.




  1. Қандай ас тәтті?

Ағайынмен ішкен ас тәтті.

2. Аурудың жаманы не?

Жалқаулық жаман ауру


  1. Нені жасыруға болмайды?

Жамандық жасырылмас.

  1. Адамды көкке жеткізетін не?

Өнер адамды көкке жеткізер.

  1. Кім қартаймайды?

Халық қартаймайды.

  1. Ердің атын не шығарады?

Ердің атын еңбек шығарады.

  1. Ненің көркі не?

Сөздің көркі не? Мақал

Беттің көркі не? Сақал

Ауылдың көркі не? Қыз –ауылдың көркі.

Жігіттің көркі не? Өнер – жігіттің көркі

Өзен көркі не? Тал

Кісінің көркі не? Кішіпейілділік – кісінің көркі.



  1. Ненің түбі не?

Еңбек түбі не? Береке

Көптің түбі не? Мереке

Кәсіп түбі не? Нәсіп

Бейнет түбі не? Зейнет

Ынтымақ түбі не? Игілік

Тірлік түбі не? Бірлік

Ұрлық түбі не? Қорлық

Уайым түбі не? Тұңғиық

Тәуекел түбі не? Жел қайық.
2-тапсырма. Өлеңдерді қара сөзге айналдырып жазу.


  1. Отыруға уақыт жоқ үзбей жағып

  2. Қақты қанат жаңадан,

Кең даламда домбырам.

  1. Құмарланып сүюші еді,

Отанын балап жанына.

  1. Өкпемнен барады өтіп күзгі суық.

  2. Күресте жігіт емес беті қайтқан,

Еш қауіп жоқ жүрегін оның шайған.

  1. Өнер-білім бар жұрттар,

Тастан сароай салғызды.
3-тапсырма Бұларды кім дейді? Ауызша


  1. шешенің туыстары?

  2. Ағаңның жұбайы

  3. Әпкеңнің күйеуі, баласы (жезде, жиен)

  4. Шешеңнің апасының баласы

  5. Жездеңнің балдызы саған кім болады (апа)

  6. Сенің шешеңнің сіңлісінің жездесі саған кім болады? Ол алыс адам ба, жақын адам ба? (әке)


4-тапсырма Кім дұрыс түсіндіре алады?


  1. Жұмысқа илікпейтін, еш нәрсеге икемі жоқ адамды (оқтау жұтқан)

  2. Отбасынсыз жалғыз басты адам ( салт басты; салт атты, сабау қамшылы)

  3. Жөнімен істейтін істі бүлдіріп, қырып-жойып келетін адам. (шаш ал десе, бас алады)

  4. Қауіп-қатер ойлап сақтандыру ( сақтықта қорлық жоқ, жаман айтпай жақсы жоқ)

  5. Қалай істесе де ешбір жөні, қисыны келмейтін іс ( былай тартса өгіз өледі, былай тарса арба сынады)

  6. Көрге-білгенін жоққа шығарып, бар болса да жоқ дейтін адам ( аузын қу шөппен сүрту)

  7. Молшылыққа кездесіп, мол олжаға бату (шаша етектен бату)

  8. Біреуді өзіне тәуелді етіп алу (ашса алақанында, жұмса, жұдырығында)

  9. Мардымсыз іс, болымсыз тіршілік туралы ( құрыққа сырық жалғап)

Осы тіркестерді қатыстырып, сөйлем құрау


ІҮ. Қорытынды

Ү. Бағалау

ҮІ. Үйге тапсырма: Жоғарыда берілген мақал-мәтел, тұрақты тіркестерді кірістіріп, сөйлем құрау

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Сөйлеудің диалогтік және монологтік түрлері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сөйлеу тілінің түрлері, сөйлеудің монологтік, монологтік ерекшеліктерін танытып, ұсынылған тақырып бойынша монолог, диалог құра білуге үйрету.

Тәрбиелік: Оқушыларды еңбексүйгіштікке, адамгершілікке, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушы ойын, қиялын, шығармашылықпен жұмыс істей білу қабілетін дамыту



Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндірмелі, рөлге бөліп оқу, талдау, өзіндік жұмыс, жатқа оқу, т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Жаңа білімді игерту
Диалог- сөйлесу, әңгімелесу деген сөз. Көркем шығармада екі я одан да көп адамдардың бір-бірімен тікелей сөйлескен сөздерін диалог дейміз.

Диалог көркем шығармада да, ауызекі сөйлеу тілінде де кездеседі.


Монолог – бір кісінің сөйлеуі, ойы. Монологта белгілі бір тақырыпты баяндап, сипаттап, әңгімелеп айтып беру мақсаты көзделеді. Онда адамдардың ойы, пікірі, көңіл-күйі, психологиялық ішкі толғанысы, саяси-ғылыми көзқарасы, дүниетанымы – бәрі ашық байқалады.

Лекция, баяндамалар да монологқа жатады. Монолог әдеби сөйлеу үлгісіне жатады.

Мысал ретінде Абайдың қара сөздерін, «Жыр құдіреті», «Ақтамберді жырау», 144-146 беттер (дидактикалық материалдар) оқып беріп, оқушылардың өздеріне ажыратқызамын.
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту
307-жаттығу

1. Рөлге бөліп оқу

2. Тәрбиелік мәнін анықтау
308-жаттығу

1. Үзінділерді мәнерлеп оқу

2. Рөлдерге бөліп оқу


  • Автор

  • Шешесі

  • Зере

  • Абай

  • Жиренше

  1. Қай шығармадан үзінді екенін анықтау


Өзіндік жұмыс

Кез-келген тақырыпта жұптаса отырып диалог құрау



  • Туған жер

  • Достық

  • Қызылоданың 70 жылдық мерейтойы

  • Адамгершілік

  • Ата-ананың алдындағы парыз


309-жаттығу

1. Мәнерлеп оқу

2. Монолог екенін дәлелдеу

3. Сөздердің байланысу түрлерін анықтау


ІҮ. Қорытынды

Ү. Бағалау

ҮІ. Үйге тапсырма: Диалог, монолог жаттап келу

Қазақ тілі



Сабақтың тақырыбы: Спорт қашан пайда болды?

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сын есімнің түрленуі, сөйлемдегі қызметі тақырыбы бойынша оқушылардың алған білімдерін қорытындылау, жазу сауаттылықтарын тексеру

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа, байыптылыққа, спортты сүюге тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушылардың жазу сауаттылықтарын дамыту, естігендерін сауатты жаза білу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше жұмыс жасауға үйрету

Сабақтың типі: Білім сынау сабағы

Сабақтың түрі: Диктант

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Мәнерлеп оқу, талдау

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Диктант жазуға дайындық
ІІІ. Диктант жаздыру
Спорт қашан пайда болды?

Тарихқа үңілер болсақ, спорттың дүниеге келуі діни нанымдардан бастау алатын сияқты. Ертеде адамдар құдайға құлшылық етіп, әр түрлі ырымда билейтін болған. Олардың билері жауынгерлер мен аңшылардың қимылына ұқсайтын. Келе-келе бұл билер спорттың бір түріне айналған.

Осыдан 4 мың жыл бұрын египеттіктер спорттың бірнеше түрін білген. Бірақ спорт жеңіл атлетика түрінде алғаш рет Грекияда пайда болыпты. Біздің заманымызға дейінгі 776 жылы Грекияда алғашқы олимпиадалық ойындар өткізілген.

Грекияда әр түрлі спорттық мерекелер өте көп болған. Соның ішінде ең ежелгісі және ең маңыздысы – олимпиадалық ойындар. Жарыстарға он айлық дайындықтан өткен грек ұлтының жас жігіттері ғана қатыстырылған. Алғашқы кезде жарыстар жүгіру мен секіруден ғана өткізілсе, кейін оған күрес, бокс, найза мен диск сияқты спорт түрлері қосылған.

Бүгінде спорт әуесқой және кәсіпқой спорт болып екіге бөлінеді.
ІҮ. Грамматикалық тапсырма
1. Сын есімдерді теріп жазып, түріне, шырайына ажырату, сөйлемдегі қызметін анықтау

2. Синтаксистік талдау

Грекияда әр түрлі спорттық мерекелер өте көп болған.

Жарыстарға грек ұлтының жас жігіттері ғана қатыстырылған.


Ү. Қорытынды

ҮІ. Бағалау

ҮІІ. Үйге тапсырма:

Өткенді қайталау



ІІ-деңгей 1-тапсырма

Тұрақты сөз тіркестерін көшір де, тұсына мағынасын жаз.

Үлгі: Тілі шығу – сөйлеу.

Арасынан қыл өтпейтін –

Бармағын шайнау –

Ит арқасы қиянда –

Екі езуі екі құланда –

Жұлдызы қарсы –

Қас пен көздің арасында жоқ болу –

Бетінен оты шықты –

Ағаштан түйін түю –

Қырғи қабақ болу –

Жүрегі зу ету –
І-деңгей 1-тапсырма

Төмендегі тұрақты сөз тіркестерін қатыстырып сөйлемдер ойлап жаз.

Көзі жеткізу. Қолды болу. Мысы құру. Қыр көрсету. Сабасына түсу. Көңіліне келу.


Мына сөздердің қайсылары тұрақты тіркеске жатады?

Ақ халатты абзал жандар, дала кемесінің капитаны, былғары қолғап шебері, адам жанының инженері, мектептің жүрегі, қас-қабағын аңду, қолы ұзын, жүрегінің түгі бар, көзі ашық, ит арқасы қиянда, түйе үстінен сирақ үйту.



1-тапсырма

Сөйлемдегі сөздерді сөз тіркесінің құрылысына қарай сызба бойынша талда


Халқымыздың ертеден-ақ өзіне тән дәстүрлі музыкасы болды. Қазақтың ән мен күйлері еліміздің әр кездегі тіршілік-тынысын танытады.

Ауыл-ауылды аралап ән айтып, күй тартқан сал-серілер сол дәуірдің музыка мәдениетін таратушылар болды. ХІХ ғасырдың ортасы мен ХХ ғасырдың басында композитор-әншілер қазақ музыкасын жоғары сатыға көтерді. Әнші-композиторлар шығармалары халық музыкасының классикалық қорына қосылды. Одан кейінгі жылдарда да қазақ музыкасының жанры мықтап дамыды.



4-тапсырма.

Сөйлемдерге морфологиялық талдау жаса


Құрметті қонаққа немесе өздерінің жақын- жуығына арнап сақталған кәделі ет мүшелері сыбаға деп аталады. Айталық, ақсақалдарға, құдаларға, жолы үлкен адамдарға сыбаға әдейі сақталады. Бас, жамбас, ірі малдың белдеме омыртқалары сыйлы мүшелер болып саналады. Өзі келе алмайтын қарт адамдардың сыбағасын беріп жібереді. Қазақ дәстүрі бойынша әр адам жолаушы өзі қонатын үйде сыбағам бюар деп санаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет