Алматы обл.Қарасай ауданы «Абай ауылындағы орта мектеп» МДШО
Технология пәні мұғалімі Бектемисова Раиса Даркенбаевна
БЕЛДЕМШЕНІ ПІШУ.ПІШІМ БӨЛІКТЕРІН ӨҢДЕУГЕ ДАЯРЛАУ.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Үлгі бойынша киім пішіп үйренуді жетілдіру,технологиялық нұсқау картасы бойынша жұмыс жасай білу.
Дамытушылық:
Теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу.
Тәрбиелік:
Өз бетімен жұмыс жасауға үйрету.
Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,сарамандық.
Көрнекіліктер: үлгі,кесте,нұсқау карта.
Құрал-жабдықтар: түйреуіш,қайшы,бор,ине-жіп,мата,сабын.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
3.Жаңа сабақ.
4.Сергіту сәті.
5.Бекіту.
6.Қорытындылау.
Үй тапсырмасы
Оқушылар 2топқа бөлінеді. « Мен саған,сен маған» ойыны арқылы 2топ бір-біріне сұрақтар береді.
Сұрақтары:
1.Белдемше тігу үшін қандай өлшемдер алынады?
2.Қосымша өлшем не үшін беріледі?
3.Белдемше қандай бөліктерден тұрады?
4.ЖЖО-өлшемі қалай аталады?
5.АБҰ-өлшемі қалай аталады?
6.БЖО-өлшемі қалай аталады?
7.Белдемшені қандай киімдермен киеді?
8.Белдемше қандай киім түріне жатады?
9.Белдемше сызбасын сызу үшін қандай құрал-жабдықтар керек?
10.Сызба не үшін сызылады?
Жаңа сабақ
Белдемше құрастырылуы,силуэті жағынан ерекше болып келеді.
Силуэті жағынан
|
түзу
|
кеңейтілген
|
кең етекті
|
Құрастырылуы жағынан
|
Бір,екі тігісті
|
Көп тігісті
|
Қарама-қарсы
|
Қыржымды
|
Қиықты
|
Әр түрлі белді
|
Әр түрлі әшекейлі
|
Сонымен бірге әр түрлі қалталардан да тұрады:жатырма,тілік,бедерлі,ішкі тігісті т.б..Негізінен барлық белдемшелердің құрастырылуы екі жолмен түсіріледі.Пішу жоспары берілген матаға қарап жасалады.Пішу жоспарында қандай маталар бір қабат қандай маталар қос күйінде көрсетілетініне назар аударған жөн.Бір қабат матаны оның бет жағы бойынша пішеді.Егер мата қос қабатталып пішілсе,онда оның бет жағы ішіне
-Сыртқы киімдер үшін-1,5см
-Жеңіл көйлектер үшін-1см
-Төменгі бүктемелер үшін-3см
-Ішкі тігістер үшін-0,7см
Пішім бөліктерін маьаға жаю.Барлық бөлшектерді матаның бойлық жіптерімен және белгісімен пішім бөліктеріндегі бойлық жіптер бағытымен жаяды.Алдымен матаға ірі бөлшектер жайылады.Бөлшектер матаға түйреуішпен түйреледі.
Үлгіні пайдалана отырып белдемше пішудің нұсқау картасы.
Сарамандық жұмыс:Жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережелерін еске түсіреміз.
1.Қайшыны жолдасыңа үшкір жағымен берме.
2.Қайшымен ойнауға болмайды.
3.Қайшыны ашық қалдыруға болмайды.
4.Ине түйреуіштер қорапшада салулы болу керек.
5.Жұмыс орнын таза,ұқыпты ұстау керек.
Сергіту сәті
Жалғасын тап ойыны
1.Өнерлінің қолы алтын
Өлеңшінің ............ алтын.
2.Еңбектің наны тәтті
............ жаны тәтті.
3.Еңбек түбі ............
4.Еңбек етпесең елге өкпелеме
............ екпесең жерге өкпелеме.
5.Ақыл көпке жеткізеді
............ көкке жеткізеді.
6.Кесте тіксең зерлеп
Мұның аты ................
7.Өнерді үйрен,өнерсізден ............
8.Көз қорқақ,............ батыр.
9.Адам көркі .................
10.Адамды адам еткен ............
Сабақты бекіту
Тест сұрақтарын беру.
1.Белдемшенің түрлерін ата?
а/үлкен,кіші. ә/әдемі,көркем. б/тік,қиықты.
2.Тігістер қандай болу керек?
а/біркелкі,түзу. ә/әр түрлі. б/сапалы.
3.Белдік қандай бөлік?
а/үлкен. ә/ұсақ. б/негізгі.
4.Матаның қай бетінен пішеді?
а/теріс. ә/оң. б/кез-келген.
5.Өлшем алу үшін керекті құрал?
а/сызғыш. ә/см лента. б/бор.
6.Матаны пішу үшін керекті құралдар?
а/сызғыш,қарындаш. ә/қайшы,бор. б/мата,жіп.
7.Белдемше қандай киім түріне жатады?
а/ұлттық. ә/жеңіл. б/күнделікті.
8.Белдемшенің ірі бөліктері?
а/алдыңғы,артқы. ә/белдік,қалта. б/алды,жаны.
9.Белдемшенің ұсақ бөлшектері?
а/белдік,қалта. ә/үсті,асты. б/алды,арты.
10.Қайшыны жолдасыңа қай жағымен беру керек?
а/үшкір жағын өзіңе қаратып. ә/үшкір жағын жолдасыңа қаратып. б/бәрібір.
Үйге тапсырма:Үлгіні үтіктеу,тігуге дайындау,құрал-жабдықтар әкелу.
Достарыңызбен бөлісу: |