Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: Оқушыларға зат есім жайлы түсінік бере отырып,сұрақтар қоя білуге үйрету



бет4/4
Дата04.10.2020
өлшемі19,21 Kb.
#63883
түріСабақ
1   2   3   4
(түсіндірем)

Кемпір мен шал шығады.

Ерте,ерте,ертеде бір шал мен кемпір болыпты.Бір күні шалы кемпіріне бауырсақ пісіріп бер деп айтады.Кемпірі қапшықтың түбінде қалған ұннан нан илейді.Оны ашытып,бауырсақ пісіреді.Бауырсақты суу үшін терезе алдына қояды.

Дәптерімізді ашайық,

Қолға қалам алайық.

Салақтықтан қашайық,

Әдемі етіп жазайық.

ІІІ. Ақпанның он бесі

Жаттығулар жұмысы

Бб Бб Бб Бб Бб Бб Бб Бб Бб Бб Бб Бб Бб Бб Бб

Бауырсақ терезеден домалап түсіп кетіп қашып кетеді.Жолда келе жатса алдынан қоян кездеседі.

-Балалар біз бауырсаққа көмектесемізбе?

-Иа.

Қоянның тапсырмасы:

317- жаттығу.

Мен дала бардым,

Қыр гүлін берді.

Көл суын берді,

Күн нұрын берді.

-Жарайсыңдар балалар.

Сенендердің арқаларында бауырсақ қояннан да құтылды.Бауырсақ жолда келе жатып аюға кездеседі.Аюдың тапсырмасы оқулықтағы 318-жаттығу.
Жалқы:

Омаров Әділ

Қазақстан Қарулы күштері

Жалпы:

Омаровтар отбасы



Ауылдағы балалар


Отбасы-үлгілі,жақсы дегенді білдіреді.

Мағынасы жуық: Отбасы-әулет.

Үлгілі-озат,-тәртіпті-жақсы-адал.

Шығармашылық жұмыс:

Сыныпты үш топқа бөлемін.

-Балалар қазір жылдың қай мезгіл? Қыс мезгілі.

І-топ. Қыс туралы біршумақ өлең.

ІІ-топ. Қыс туралы мақал-мәтел айту.

ІІІ-топ. Қыс туралы сурет салу.

Сергіту сәті.

Ал, балалар, тұрайық,

Алақанды соғайық

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иіліп

Бір отырып, бір тұрып,

Орнымызды табайық

-Жақсы балалар! Орындарымызға отыра қояйық.

Қашып келе жатқан бауырсақ қасқырға кездеседі.

Қасқырдың тапсырмасы оқулықтағы 319-жаттығу.

Ташкент-Өзбекстанның астанасы.

Бішкек-Қырғыстанның астанасы.

Ашхабад-Түркменстан астанасы.

Бұл елдер – біздің көршілеріміз.

-Балалар осы жалқы есімнің жалпы есімнен қандай айырмашылығы бар.

(Жалқы есім бас әріппен жазылады,ал жалпы есім кіші әріппен жазылады)

Балалар біз бұл елдерден басқа да Қытай,Ресей мемлекеттермен көрші тұрамыз.1992 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан өз алдына мемлекет атанды.Біздің тәуелсіз Қазақстанды дүниежүзі біледі.Балалар Қазақстандай ұлан байтақ жеріміз бар,біз оған мақтанамыз және біз бақыттымыз.Қазақстанның бас қаласы-Астана қаласы.Ол Есіл өзенінің жағында орналасқан.Астана күн санап өсіп келеді.

(Осы кезде 6 балаға үлестірме қағаз таратам )

1) Зат есімді тап. (Айгүл сыныпқа кірді)

2) Дәрігер сөзін буынға бөліп жаз.

3) Қыс сөзіне сөйлем құрастыр.

4) Мына сөздердің қарсы мәндес сөздерін тап.

Ұзын-....... кең-...........

5) Абай Құнанбаев кім? (ақын,жазушы)

6) Сан есімді тап? Біздің сыныптап жиырма төрт оқушы бар.

7) Бауырсақ жолда келе жатып түлкіге кездеседі.Түлкінің тапсырмасы оқулықтағы

320-жаттығу. «Туған жер» туралы әңгіме жазу.

Менің туған жерім Бейнеу.Бейнеу қазір үлкейіп,көркейіп келе жатыр.Біздің ауылда Бекет ата мешіті бар.Бейнеуде көптеген мектептер, дүкендер,биік үйлер көп.

-Жарайды балалар,бәрің де шығарманы тамаша жазған екенсіңдер.

- Біздің ауылымыз жылдан-жылға көркейіп келе жатыр.Былтырдың өзінде екі балабақша,бір мектеп салынды.Біздің ауылымызда ұн зауыты және бірнеше тас карерьлері жұмыс жасап тұр.Ескі Бейнеу жерінде Бекет ата мешіті бар.Бір тоғыз жолдың торабында тұрамыз.Тағы да айта кетерім Жезқазған-Бейнеу темір жолының алғашұы қадалары қағылып,жұмысы жүріп жатыр.Біздің ауылымыз бұданда көркейіп,сәулеттенеді деген сөз.

ІV. Сабақты қорыту

-Жарайсыңдар,балалар.

-Бүгінгі сабақта: -Не үйрендік?

-Не білдік?

-Балалар: Жалқы есім,жалпы есімдерді үйрендік,ертегімен таныстық

-Мұғалім: Жалқы есімдер қалай жазылады.

-Балалар: Жалқы есімдер бас әріппен.(адам,жер-су аттары,)Жалпы есімдер кіші әріппен жазылады.

Х. Үйге тапсырма.

Оқулықтың 118-бетіндегі 321- жаттығу.(дұрыс үлгіні дәптерге көшіріп жазып,әрі қарай жалғастыру)Ереже жаттау.

ХІ. Бағалау

Жарайсыңдар балалар бүгінгі біздің сабағымыз бір керемет сабақ болды.Сендерде сабаққа өте тамаша қатыстыңдар. Рахмет сендерге.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет