Үй тапсырмасын сұрау
Үй тапсырмасы сұрақ – жауап әдісі арқылы сұралады. Сұрақтарға дұрыс жауап берілсе жауаптың алғашқы әріптерінен сөз құрау арқылы жаңа тақырыптың атын шығарамыз.
1.Қағаздағы кескінді компьютер экранына шығаруға арналған құрылғы - МӘТІНАЛҒЫ
2. батырмасының қызметі - ОРАУ
3. «Электрондық есептеу құрылғысын, логикалық құруды алдын – ала қарастыру» идеясының авторы - ДЖОН ФОН НЕЙМАН
4. Санау жүйесі – ЕКІЛІК
5. Ең алғашқы программалаушы – ЛАВЛЕЙС
6. Жіңішкелік белгісі - Ь
1960 жылы пайда болған ЭЕМ қалай аталды ? - МИКРОСЫЗБА
Компьютердегі ең қызықты ақпарат - ОЙЫН
Ақпараттың қасиеті - ДӘЛДІК
Жартылай өткізгіш транзисторлар ЭЕМ қай буынында пайда болды? – ЕКІНШІ
1673 жылы арифметикалық машина жасап шығарған неміс математигі – ЛЕЙБНИЦ
Жіңішкелік белгісі – Ь
Құрылғылар арасында деректер алмасу үшін жауапты шина – ДЕРЕКТЕР ШИНАСЫ
1946 жылы пайда болған есептеуіш машина – ENIAC
ЭЕМ – ның ІІ буынында ақпарат тасығыш ретінде қолданылған магинттік таспа – УРАЛ -14
Оқушыларға сұрақ: Жаңа сабақтың тақырыбы қандай?
«Модель және модельдеу»
Сабақ электронды оқулықтан түсіндіріледі.
Модель дегеніміз – нақты объектіні, процесті немесе құбылысты ықшам әрі нақты түрде бейнелеп көрсету.
Әрбір адамның күнделікті іс - әрекетінде белгілі бір мәселені шешу немесе кез келген жұмыс орындалмас бұрын оның санасында алдын ала оның орындалу моделі жасалады. Мысалы, жолдан өту немесе дүкенге бару, сабақ оқу т.б. әрекеттерді орындау алдында өз ойымызша жолдан қалай өту, қандай жолмен бару, қай сабақтан бастап дайындалу сияқты іс - әрекеттер тізбегінің моделі жасалады.
Модель – көрнекті түрде жазбаша жоспар, сызба ретінде жасалуы мүмкін. Мұндай модель барлық уақыттта біздің ойымызда бейнеленетін прототип болғанға дейін жасалады.
Бір объект (процесс, құбылыс) үшін әр түрлі жасалуы мүмкін. Модельдің жасалуы зерттеу мақсатына және прототип жөнінде жинақталған мәліметтердің көлеміне тәуелді
болады.
Достарыңызбен бөлісу: |