Сабақтың мақсаты білімділік: студенттерге ішек қызметі бұзылған кездегі мейіргерлік үрдіс



бет12/13
Дата11.01.2022
өлшемі41,97 Kb.
#110761
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
«Ішек қызметі бұзылған кездегі мейіргерлік үрдіс. Стомаларды күту.

Эпицистостома күтімі
Кейбір ауруларда, мысалы, простота безінің аденомасында зәрдің табиғи ағымы бұзылады, қуықтың жоғарғы тұсы кесіледі. Ота барысында эпицистостома (уростома түрі) - қасаға үсті тұсынан қуық-зәр жыланкөзі салынуы мүмкін.
Кез келген денені өзгертетін отада пациент болашақ жағдайы ерекшеліктері туралы толық ақпаратты қажет етеді. Зәр қалай ағатынын пациентке, оның туыстарына дәрігер айтып түсіндіреді.
Егер эпицистостома ұзаққа қалдырылса не тұрақты болады деп есептелсе, зәр дренажды Пеццер не Малеконың басты катетері арқылы іске асырылады. Олар жыланкөз қалыптасқан болса, бекітуді қажет етпейді. Катетердің зәр тастарымен бітелмеуі, бұзылмауы не ауыстырған кезде басы сынып қалмауы үшін дәрігер катетерді кемінде айына бір рет ауыстырады. Егер катетер кездейсоқ шығып кетсе, оны қалай салуға болатынын пациентке көрсету керек.

Катетердің дистальды шеті түтік арқылы зәр қабылдағышпен қосылады. Егер пациент жүрсе, зәр қабылдағыш оның балтырына не санынабекітіледі, ал жатса кереуетке ілінеді.
Эпицистостомасы бар пациенттер ұзақ мерзім бойы амбулаториялық бақылауда бола алады. Егер пациент жағдайы және жасы үйреншікті істерімен айналысуға мүмкіндігі болса, оған ешқандай қарсы көрсетпелер жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет