Атты әскер Жаяу әскер Жаяу әскер
Македондықтардың әскери сап жүйесі – фаланга
ІІ Филипп аса ірі әрі жеңімпаз әскер жасақтады. Әскерді гректердің үлгісімен фаланга түрінде сапқа тұрғызды. Әр сапта 16 қатардан жауынгер болған. Барлық жауынгерлер қатал белгіленген тәртіп бойынша сапқа тұруға және әскери басшылардың бұйрықтарын бұлжытпай орындауға тиісті болды. Әрбір жаяу әскер дулыға, сауыт, қалқан, және ұзын найзамен қаруланды.
ІІ Филипп қайтыс болғаннан кейін оның ұлы Александр патша тағына отырды. Александрдың жасы жиырма бірде еді. Ол жігерлі, батыл, өте қабілетті болды, әрі мақтансүйгіштігімен көзге түсті.
Александр Македонский (б.з.б. 356-323ж) ежелгі дүниедегі аса ірі қолбасшы және мемлекет қайраткері болды. ІІ Филипп ғұлама ғалым Аристотельдің өзінің 13 жасар баласы Александрды ғылым мен өнердің болашақ билеушіге қажетті барлық салаларымен таныстырды. Александр Гомердің өлеңдерін сүйіп оқып, көпшілігін жатқа білген.
Б.з.б. 334 жылы грек – македон әскерлері Кіші Азия жеріне енді. Парсылар бұл кезде Парсылар бұл кезде атты және жаяу әскерлерін Граник өзенінің жағасына орналастырды. Олардың мұндағы мақсаты Александр әскеріне тосқауыл жасау еді. Бірақ та парсы державасында бірлік болмады. Парсылар жаулап алған халықтар тарапынан өкіметке қарсы наразылықтар туған еді. Ал мұндай жағдайлардың бәрі македондықтардың Азия жеріне басакөктеп кіруіне қолайлы болды.
Александр Македонский Кіші Азия жерлерін жаулап алғаннан кейін Жерорта теңізін жағалай оңтүстікке қарай бет алды. Сөйтіп, Финикия жеріндегі Библ, Сидон және Тир қалаларын жаулап алды.
Орасан зор Парсы мемлекетінің әскерін талқандаған Александр Македонский шығысқа қарай бет алды. Б.з.б. 330 жылы Әмудариядан өтіп, Соғды елінің астанасы ежелгі Самарқан қаласын басып алды. Бұдан соң Александр әскерлерін Сырдарияға қарай бастады. Бұл кезде сырдарияның батыс жағында бірнеше үлкенді - кішілі қалалар болды. Ал дарияның шығыс жағында сақтардың көшпелі тайпалары өмір сүрді. Александр Сырдарияның жағалауына келіп тоқтады. Ондағы қалаларға әскери қосындарын орналастырды. Александр жергілікті ақсүйектер мен байларды өз жағына тартуға әрекет етті.
Кешікпей Сырдарияның жеті қаласының тұрғындары грек – македондықтарға қарсы көтеріліске шықты. Дарияның арғы бетіндегі көшпелі сақтар топталып, өзеннен өтіп, көмекке келуге дайын тұрды. Осы кезде бүкіл Соғды және Бактрия жерлерінде көтеріліс басталды. Бұл Орта Азия халықтарының грек – македондық басқыншыларға қарсы жаппай көтерлісінің басталуы еді.
Достарыңызбен бөлісу: |