Сабақтың тақырыбы: Суды қорғау
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік. Оқушыларға судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы, суды пайдалану және оны қорғау туралы түсінік беру. 2. Дамушылық. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, өз ойын толық жеткізе білуін қалыптастыру, ой - өрісін, ойлау қабілетін дамыту, шығармашылығын шыңдау, қорытынды жасай білуге машықтандыру. 3. Тәрбиелік. Тіршілік судың қатысымен жүзеге асытынын ұығындыра отырып, суды қорғауға, табиғатты сүюге баулу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, тест, жұмбақ шешу, қысқаша сюжетті фильм, шығармашылық суреттер, видео т. б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу: Қонақ келсе құт келер,
Мұны бүкіл жұрт білер.
Қонаққа сәлем бермесек.
Әдепсіз екен деп күлер.
Психологиялық дайындық.
- Балалар, бір – біріміздің қолымыздан ұстап, көзімізді жұмып, бір – бірімізге жақсы тілектер тілейік. (Енді көзімізді ашып, бір – бірімізге жарқын жүзбен қарайық. Өйткені біз бәріміз доспыз. Достар әрқашан тату болады.) Мен де сендерге сәттілік тілеймін. Аспандарың ашық, жұлдыздарың жарық, мәртебелерің биік болсын! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, - деп Ыбырай атамыз айтқандай, бір Аллаға сыйынып, сабағымызды бастайық! (ІІ топқа бөлініп жұмыс жүргіземіз І – топ, ІІ – топ)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Өзен және көл.
- Балалар, сендердің алдарыңада кішкентай көлшіктер бар, сол көлшіктерге балықтар жіберіп, өсірейік. Балықтардың артында тест сұрақтары бар екен. Балықтар сусыз тіршілік ете алмайды. Сондықтан, сұрақтарға тез жауап беріп отырайық, балықтарды аман – есен көлшікке жіберейік. Дайынбыз ба? – Иә. Ал оай боса іске сәт!
Балалар, сендер балықтарды аман - есен көлшікке жіберіңдер.
Табиғатты қорғауға өз үлестеріңді қостыңдар.
ІІІ. Білімді тексеру. Сендер өзен, көл, оның пайдасы туралы білдіңдер. Еңбек етіп шаршадыңдар. Балалар, бұл балықтар жәй балық емес екен. Теледидарға қосып көрейік. Теледидар көріп демалайық. (Сергіту сәті). Енді аздап демалып, теледидардан сюжетті фильм көрейік. (теледидардан сюжетті фильм көреміз). Балалар, сендер тамаша табиғатқа тамсана қарап, демалдыңдар. Осындай әдемі табиғатты, мөлдір, тұнық судың құрып, шөлге айналуын қалар ма едіңдер? Жоқ, әрине. Олай болса не істеуіміз керек? – суды қорғау керек.
ІV. Мақсат қою.
Біздің бүгінгі тақырыбымыз: «Суды қорғау» деп аталады. Сендер ластанған су және суды қорғау туралы білетін боласыңдар.
V. Жаңа сабақ.
Су тазалығы – денсаулық өлшемі туралы айту.
Су – байлық негізі, тіршілік көзі болумен бірге, ол әсемдіңтің, сұлулықтың, тазалықтың, адалдықтың өлшемі.
Қазақта: «Ағын су тоқтамай, тіршілік тоқтамайды немесе қырық күн аштыққа шыдарсың, бір күн шөлге қалай шыдарсың» деген аталы сөз су құдіреті мен қасиетін дәлелдей түседі. Адам баласы табиғаттағы суды пайдаланғанда оны жүйелі пайдалануды, үнемдеп пайдалануды ойлау керек. Қазіргі кезде жеке шаруашылық қожалары көбейіп кетті. Олар суды сұраусыз өз мүдделеріне пайдалануда. Ертең су тапшылығына ұшырамасқа кім кепіл.
Су жағасына кірпіш құю, қала тұрғындарының машина жууы, жағаға, суға қоқыс төгуі, қаал тұрғындарының пайдаланған шайынды лас суын суға ағызуы:
Судың тазалығының бұзылуына.
Судың азаюына.
Судың ағысының бәсеңдеуіне әкеп соғады.
Еліміздің әл – ауқатын экономикалық дамуын арттыратын негіз, табиғат пен оның байлықтары. Табиғат байлықтарының бір көзі – су.
Болашақтың алтын кілті сендерсіңдер. Сондықтан алған білімдісаналы жұмыстармен ұштастырып, суды, жалпы табиғатты қорғауда өз үлестеріңді қосыңдар дегім келеді.
Ал енді кітаппен жұмыс жүргізейік.
VI. Білімді тиянақтау
І – кезең.
Кітаппен жұмыс
І топ, ІІ топ (мазмұнын айту)
Сурет бойынша әңгіме айту.
ІІ – кезең. Шығармашылық жұмыс
І топ 1)өлең құрастыру; тыйым сөз айту ІІ - топ 1)жұмбақ құрастыру; тыйым сөз айту
ІІІ кезең. І топ Сурет арқылы мақал – мәтел, тыйым сөз айту
ІІ – топ: Сурет арқылы мақал – мәтел, тыйым сөз айту
IV кезең І топ Сурет бойынша әңгіме құрастыру
ІІ топ Сурет бойынша әңгіме құрастыру
VII. Қорыту.
Су туралы не білдік?
Шипалы су
Электр қуаты өндірі Сурет арқылы мақал – мәтел, тыйым сөз айту летінін
Дүние жүзіндегі ең терең көл Байкал екенін
Тынымсыз айналыста жүреді
Минералды су
Судың маңызы
Судың пайдасы
Жер асты суы
Арал теңізі туралы
Қасиетін
Өзен, көл, теңіз
Су ғажайып зат
Су туралы ән:
Кең байтақ жеріміз,
Бақытты еліміз.
Жарқырап айнадай,
Айдынды көліміз.
Қ – сы:
Шалқысын суымыз,
Жайқалсын нуымыз.
Гүлденіп Қазақстан,
Биікке көтерілсін туымыз.
Кен құсып жеріміз,
Таусылмас кеніміз.
Өндірп аламыз,
Болашаққа жол саламыз
Қ – сы:
Шалқысын суымыз,
Жайқалсын нуымыз.
Гүлденіп Қазақстан,
Биікке көтерілсін туымыз.
VIII. Үйге тапсырма, бағалау
Су бөлімін қайталау 56 – 63 беттер
Балалар: Біз әдепті баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Алақай – ау, алақай,
Үзіліске шығамыз.
Т. Рысқұлов атындағы №9 мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар жалпы білім беретін орта мектеп
Ашық сабақ:
Тақырыбы:
Мұғалім: Тауекелова С. М.
Талғар қаласы
2014 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |