Сабақтың мақсаты: Деректердің құпиялылығы ұғымымен толық таныстыру және оның жұмыс жасау принципін түсіндіру


Тақырыбы: Желіде жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік шаралары



бет2/4
Дата21.01.2022
өлшемі437,57 Kb.
#112832
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
ақпарат қорғау

Тақырыбы: Желіде жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік шаралары


Жоспары:

  1. Ақпараттық қауіпсіздік қатері

  2. Қауіп түрлері

  3. Интернет желісінде жұмыс істеу ережелері 

1-тапсырма.

Біздің еліміздегі ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің қандай шаралары, заңдары бар? Талдаңыз.



«Миға шабуыл» әдісі

  • Желіде жұмыс істеуде қандай қауіп-қатер бар деп ойлайсың?

  • Интернетте қандай ақпаратты жариялауға болмайды?

  • Әлеуметтік желілерді пайдалануда қандай қауіп-қатер бар?

III. Жаңа сабақ.

Жоспар:

  1. Ақпаратты қорғау мен оның құпиялық стратегиясы.

  2. Интернеттегі қауіпсіздік пен құпиялылық

  3. Мәліметтерді, файлдарды шифрлау


Ақпараттық қауіпсіздік — мемлекеттік ақпараттық ресурстардың, сондай-ақ ақпарат саласында жеке адамның құқықтары мен қоғам мүдделері қорғалуының жай-күйі. Ақпаратты қорғау — ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені. Тәжірибе жүзінде ақпаратты қорғау деп деректерді енгізу, сақтау, өңдеу және тасымалдау үшін қолданылатын ақпарат пен қорлардың тұтастығын, қол жеткізулік оңтайлығын және керек болса, жасырындылығын қолдауды түсінеді. Заңмен тыйым салынған ақпаратты таратуға шектеу қойылған.

Есептегіш техникада қауіпсіздік ұғымы өте кең мағынада. Ол компьютер жұмысының сенімділігін де, құнды мәліметтердің сақталуын да, ақпараттың өкілеттілігі жоқ адамдардың өзгеріс енгізуінен қорғауын да, электронды байланыспен хат жазысу құпиясын сақтауды да меңзейді. Ақпарат қауіпсіздігінің қаупі ретінде ақпараттың жойылуына, тұтастығына нұқсан келуге, құпиялық немесе ақпараттың қол жеткізуге болатындығына әкеліп соқтыруы ықтимал оқиға, процесс немесе құбылыс түсініледі. Компьютерлік жүйелердегі ақпараттың қауіпсіздігіне төнетін қатердің көпшілігі екі жікке бөлінеді: кездейсоқ және қасақана қатер төндіру.

Әлбетте, барлық өркениетті елдерде азаматтардың қауіпсіздік сақшысы ретінде заңдар тұр, бірақ есептегіш техника саласында құқық қолданатын іс-тәжірибе әзірге дамымаған, ал заң шығарушы процесс технология дамуына ілесе алмайды, сондықтан компьютерлік жүйе жұмысының сенімділігі көбіне өзін-өзі қорғау шараларына сүйенеді.

Ақпаратты рұқсат етілмей (рұқсат берілмеген, тыйым салынған, символдық) қол жетуден қорғау мәселесі жергілікті, әсіресе, ғаламдық компьютерлік желінің кеңінен таралуымен байланысты елеулі түрде шиеленісті.

Ақпаратты қорғау иесі үшін бағалы ақпаратты жоғалту (жою) немесе жаңғыртып, жетілдіру (қасақана бұрмалау), тарап кету (жариялау) ықтималдығын азайту үшін қажет.

Ақпарат пен оның құпиялығын онлайндық немесе автономды жұмыс режиміндегі қорғау стратегиясы сайып келгенде біреу: ақпаратты бақылау. Сіз ақпараттың сақталу орнын, оған қол жеткізуді шектеу мен оның тұтастығын сақтауды бақылауыңыз керек. Негізгі стратегияларды атап көрсетейік.



Жүйені қорғау. Жұмыста да, үйде де – компьютеріңізге пайдаланушылардың қолы жетуін, мүмкіндігінше, әрқашан және қайда да болмасын шектеңіз. Бұл үшін компьютерді заттай орналастыру және парольмен қорғау сияқты мүмкіндіктерді қарастыруға болады. Бұл шығу тегі белгісіз программамен қамтамасыз ету көмегімен жанама жетуге де қатысты, бұл вирус программасы немесе Троян аты (алдау, көз бояушылық) болуы мүмкін.

Ақпаратты жасыру. Егер сіздің ақпараттарыңыздың қайда сақталғандығын өзіңізден басқа ешкім білмесе, ақпараттың құпиялығының бұзылуы немесе ақпараттың бүліну қаупі едәуір азаяды. Бұл үшін файлдардың жалған аттары немесе файлдар немесе каталогтардың “көрінбейтін” аттары сияқты айла-шарғыны қолдануға болады. Мәліметтеріңіздің барлық іздерін өшірген жөн, бұл бәрінен бұрын ашық файлдар мәзірін және Windows құжаттарын тазалауды меңзейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет