Сабақтың мақсаты: Егемендік алған Қазақстан мемлекетінің білім-ғылымы мен мәдениетін саралау. Лекция мәтіні



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата18.04.2024
өлшемі88,6 Kb.
#201003
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
12-lektsiya



№12 Лeкция caбaғының тaқыpыбы: Қазіргі әлемдік үдерістер контекстіндегі қазақ
мәдениеті.
Caбaқ жocпapы:
1. 
Егемен
 
Қазақстандағы мәдени үрдістер 
2.
Қазіргі Қазақстандағы мемлекет және мәдени процестердің жаңа форматы
Сабақтың мақсаты:
Егемендік алған Қазақстан мемлекетінің білім-ғылымы мен
мәдениетін саралау.
Лекция мәтіні: 
Қазақстандағы заманауи мәдени үрдістер көпқырлы және әр алуан. Оны
қазіргі таңда дамып келе жатқан өнердің барлық түрлері мен жанрларын қоса,
мәдениеттің, ғылымның, білім берудің әр түрлі салаларын қамтитын түбегейлі
өзгерістерді, инновациялар мен өзгертулердің кең шеңбері ретінде түсінуге болады. Білім
беру, мәдениет және ғылым идеологиялық догмалар мен стереотиптерден босап, өзін-өзі
дамытуға кең кеңістікке ие болды. Мазмұнның жаңа тәсілдері рухани өмірдегі бір ізділік
пен үлгіге салушылықты жоюға мүмкіндік береді. Тарихи жағдайлар кешеніне
байланысты Қазақстан көп этносты қоғам болып табылады. Сол себепті мұндай мәдени
үрдіс ұлттық мәдениеттердің өзара әрекеттесуі мен өзара ықпалымен байланысты
құбылыстарды таңдайды. Бұл жағдайда, Қазақстанда әлеуметтік дамудың басқа ешқандай
саласында көрініс таппаған ұлттық мәдениет дербес, «таза түрде» деуге боларлық түрде,
басқа ұлттардың ең жақсысын сіңіре отырып көрінеді. Сонымен бір мезгілде қазақстандық
қоғамдағы мәдени үрдістер елдің географиялық масштабының ұлттық мәдениетімен
шектелмейді. Қазақстан аумағында орын алып отырған алуан түрлі саяси, тарихи,
қоғамдық-экономикалық үрдістер мен өзгерістердің арқасында, адамзаттың рухани
мұрасының ең таңдаулысын бойға сіңіруге мүмкіндік беретін қолайлы жағдай
қалыптасты.
Егеменді Қазақстан мәдениетінің қалыптасуы көптеген қиындықтар мен қарама-
қайшылықты бастан кешірді. Жолдың басталуына жоспарлы экономиканы өндіріс
көлемінің құлдырауымен қатарласа жүрген нарықтық қатынастар арнасына көшіру
«мәдениет, халыққа білім беру және ғылым мекемелерін материалдық-техникалық,
қаржылық қамтамасыз етуде елеулі қиындық туғызды. Осы кезеңдерде Қазақстан ҒА
бірнеше ғылыми мекемелері біріктіріліп, ғылыми кадрларды даярлау және ғылыми-
техникалық үрдістердің аса маңызды бағыттары – машинатану, радиоэлектроника,
автоматика бойынша ғылыми мекемелерді ұйымдастыру қарқыны артта қалды. Ғылыми
әзірлемелер тиімділігі күрт төмендеді.
Білім беру жүйесі белгілі бір дағдарысты бастан кешірді, балабақшалар жабылып, орта
мектептердің саны қысқарды. Сонымен қатар бір мезгілде мемлекеттік емес оқу-білім
мекемелерінің – мектептер мен жоғары оқу орындарының пайда болу үрдісі басталды.
Тәуелсіздіктің әр жылын Қазақстан қоғамының көкейкесті проблемаларына арнау
дәстүрге айналды. Президенттің жарлықтарына орай Қазақстанда 1997 жыл – «Ұлтаралық
келісім және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы»; 1998 жыл – «Халықтардың
бірлігі және ұлттық тарих жылы»; 1999 жыл – «Ұрпақтардың бірлігі және сабақтастығы
ұлттық тарих жылы»; 2000 жыл – «Мәдениетті қолдау жылы»; 2001 жыл – «Қазақстан
Республикасы егемендігі мен тәуелсіздігінің 10 жылдығы» деп жарияланды.
Егеменді мемлекеттің қоғамдық ғылым саласындағы алғашқы қадамдары қуғын-сүргінге
ұшыраған ғалымдарды, жазушыларды және сталинизм құрбандарын ақтауға бағытталды.
Қоғамдық – гуманитарлық бағыттағы ғылыми – зерттеу институттары осы күрделі іске


үлкен үлестерін қосты. А. Байтұрсыновтың, Ш. Құдайбердиевтің, М. Жұмабаевтың, Х.
Досмұхамедовтың, М. Дулатовтың, Ж. Аймауытовтың т.б. кітаптары жарық көрді.
Егемендік жылдары Оралда, Өскеменде, Петропавлда, Павлодарда Қазақ драма театрлары
және Астанада К. Байсейітова атындағы опера және балет театры ашылды.
Құрманғазы атындағы Халық аспаптар симфониялық оркестр, «Алматының Жас балеті»
ансамблі, «Гүлдер», «Отырар сазы», «Сазген» ансамбльдері республикада және шетелде
кеңінен танымал.
Алматының «фестивальдар қаласы» деп аталуы кездейсоқ емес. Тәуелсіздік жылдары
мұнда «Азия дауысы», «Шығыс маусымы», «Дәстүрлер жүлдесі», «Жас қанат», «Үкілі
домбыра», «Айналайын» музыка фестивальдарын өткізу дәстүрге айналды.
Қазақстандық орындаушылар республика тәуелсіздік алғаннан кейін әлемнің түрлі
елдерінде болған аса ірі халықаралық конкурстарда талай табыстарға жетті. Елдер мен 
Қазақстан XXI ғасырдың басында қол жеткізген экономикалық өсу қарқыны мәдени
үрдістердің дамуына игі ықпалын тигізді. Қазіргі заманғы Қазақстандағы мемлекеттік пен
мәдениеттің жемісті байланысының мысалы деп «Мәдени мұра» мемлекеттік
бағдарламасын заңды түрде есептеуге болады.
«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш
Президенті Н.Ә.Назарбаев бастауымен құрылған болатын. Бағдарламаны жүзеге асыру
2004 жылы басталған болатын және екі жылға есептелген. Кейін тағы екі кезең құрылды:
2007 жылдан 2009 жылға дейін және 2009 жылдан 2011 жылға дейін.
«Мәдени мұраның» мақсаты – елдің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, қалпына келтіру
және сақтау, тарихи-мәдени дәстүрлерді қайтару, шет елде Қазақстанның мәдени мұрасын
үгіттеу. 2004 жылдан бағдарламаны жүзеге асыра бастаған кезден бастап тарих пен
мәдениеттің 78 ескерткішінде реставрациялық жұмыстар бітірілген, олардың 28-і (35%) –
2008-2011 жылдары реставрацияланған. Біздің түп-тұқияндарымыз туралы көптеген
мәлімет беретін ғылымды мыңдаған артефактылармен байытқан 26 ғылыми-қолданбалы,
40 археологиялық зерттеу жүргізілген.
«Мәдени мұра» бағдарламасы Қазақстан тарихындағы теңдессіз гуманитарлы акция бола
тұрып, қазақ халқының ұлттық рухани байлығын әлемге паш етті.
Тәуелсіздікке қол жеткізген Қазақстан арман-тілегі бір көптеген түрлі ұлт өкілдерінің
Отанына айналды. Бірге тұрып жатқан халықтардың тарихи қалыптасқан рухани
байланысы Қазақстан Республикасында ұлттық келісімнің негізін қалады.
2. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет