Жарыс ережелері және оны ұйымдастыру және өткізу.
Сабақтың мақсаты: Жарыс ұйымдастыру ережелерін үйрену
Сабақтың міндеті: 1. Сауықтыру. 2. Тәрбиелеу. 3. Білім беру
Жоспары:
Биіктікке секіру техникасын талдау және оқыту әдістемесі
Жүгіріп келіп ұзындыққа (аяқтарды иіп) секіру.
Үйретуді сыныптың барлық оқушыларымен бір уақытта өткеріп түсіндіру қажет. Тұрып көрсету және кейін команда бойынша барлығын орындауды талап ету қажет. Кейін «жүгір» командасы бойынша барлық оқушы 10-15 метрге жүгіреді. Мүғалім негізгі қателерге көңіл бөлуі тиіс. Олар мыналар: аяқтардың дұрыс қойылуы, қолдардың дұрыс емес болуы, аяқтардың өте кең қойылуы. Жоғарғы сүренің техникасы толық үйренілгеннен кейін оның жетілдіруге бекітіледі. Бұл үшін мұғалім оқушыларды 5-7 баладан топтарға бөліп жаттығу қайталанады. Жүгіріп келіп ұзындыққа (аяқтарды иіп) секіру. Негізгі міндет жұмсақ жерге түсу көндігуін нығайту, адымдап ұшуды үйрену.
4-сыныпта тура жүгіру «аяқты ию» әдісімен ұзындыққа және секіру биіктікке секіру (оң және сол аяқтарды реттестіріп аттап секіру әдісімен), орнында тұрып допты лақтыру, тосқауылдардан өтіу техникаларын үйретеді. Тура жүгіру оқушыларға өткен сыныптарда таныс жүгіру техникасы тереңдетіліп үйретіледі. Жүгіру кезінде кейде қолдар алдына өткерілген жағдайда шынтақта иіп, аяқтардың табаны бір-біріне параллель қойылады. Қолдардың жылдам жұмыс істеуі аяқ әрекетінің тездігін жоғарылатады. Жүгіру кезінде әрекет ақырын, жеңіл орындалуы тиіс. Оқушыларды жүгіру техникасына үйрету үшін көмекші және дайындық жаттығуларын пайдалану қажет. Аяқтардың ұшымен басып жүгіру. Оқушы табанды аяқтың ұшынан бастап қоюды (толықбаспай) үйренуі тиіс.
Қатар қойылған топтардан аттап жүгіру. Бұл жаттығуды топтардың арасын тарылтып және кеңейтіп әр түрлі орындаған пайдалы. Мұнда адамның аттау техникасы үйретіледі.
Ұзақ уақыт (4 минут) шамасында бір тездікпен жүгіру.
Мұғалім жаттығуды орындаған уақытта аяқтар мен қолдардың әрекеті бас және кеуде жағдайының дұрыстығын бақылап барады.
Туры сызық бойлап жаймен жүгіру.
Туры сызық бойлап тездікпен жүгіру.
Алдына еңкейіп жүгіріп әдеттегі жағдайға өту.
Секіріп жүгіру. Бұл кең адым атып жүгіруге үйретеді. Алғаш маттың үстінде үйретіледі. Бір аяқпен күш алып екінші аяқпен түсу. Жаттығу бірнеше рет қайталанады.
Төмендегі қателер болуы мүмкін дұрыс емес жағдай:
күш алған аяқтың толық созылмауы, жол әрекеттері т.б. Жоғарғы сүрені дұрыс орындау үшін аяғын сүре сызығына қойып шамалы иілген түрде болады. Ал кеудені алға еңкейтіп ұстап тұрады. Жалпы тартылу орта күші аяқтың ұшында болады. Екіншіден аяқ 10-15 см кейінге қойылады (өзіне ыңғайлы етіп). Тізе иілген түрде аяқтың ұшымен тіреледі. Қолдар шынтақта иілген түрде біріншісі алға, екіншісі кейінге шамалы тартылып тұрады. Басты көтеріңкіреп тұрады (10-15 метрдегі жолды көретіндей). Егер жүгіретін аралық қысқа болса аяқтар иіліңкірейді, кеуде алға көбірек еңкейеді. Төмендегі көмекші жаттығуларды пайдалануға болады.
2-4 қадам аттап жүгіріп секіру.
Қысқа аралықтан жүгіріп келіп ұзындыққа секіру. Алға көтерілетін аяқ тізесі мен жоғарыда асылып тұрған допқа тигізуі
керек (доп тізе жететін жерге ілінеді).
40-60 см биіктік кедергі арқылы секіру.
30-40 см биіктіктегі тартылған жіптен секіріп өту.
Оқушылар аяқтарын иіп отырып үйренеді. Мұғалім кеуденің және аяқтардың қалай тұруын түсіндіреді.
Жоғарыдан (өте биік емес) төменге қарай секіру - гимнастикалық скамейкадан т.б. заттардан тұрып секіру.
Әр түрлі жаттығуларды орындаған кезде оқушыларға ұшу кезінде күш алған аяқты тізені иіп кеудеге тартуды үйрету керек. Жерге түскен кезде аяқтар табаны паралель ойын кеңдігінде және жеңіл отырумен қолдар алға созылған болады.
Балаларды ұзындыққа секіріп үйреткен кезде күш алатын сызықтан 70-80 см қашықтықта биіктігі 20-40 см тосқындықты қою керек.
Бір орында тұрып максимал аралыққа секіру. Бір орында ұзындыққа секіру үшін аяқтар табан кеңдігінде қойылады. Бұл жағдай барлық бармақтың ұшында күш алуға ыңғайлы болады. Бір орында тұрып ұзындыққа секіруді үш басқышта команда бойынша үйрету қолайлы болады. Мысалы, бір дегенде аяқтардың ұшына көтеріледі, қолдар бастың үшін жоғары көтеріледі және жоғарыға созылады. Екі дегенде аяқтар тізеде иіледі, қолдар жаймен кейінге созылады. Кеуде алға еңтеріледі, кеуденің барлық салмағы аяқтардың ұшына түседі. Үш дегенде қолдарды алға созып аяқтармен бірден күш алып жоғарыға және алға секіреді. Жерге түсу кезінде аяқтарды асығып тура созу керек емес. Себебі бұл жағдайда аяқтар жақынға түседі. Жерге өкше мен тізені иіңкіреп қолдарды және кеудені алға қарай жіберіп түсу керек.
Бұл жаттығуды орындағанда кейбір қателер жіберілуі мүмкін. Бұлар күш алу алдында тереңірек отырып қалу, көп шайқатылып түру, аяқтарды алшақтап тұру.
Үйрету кезінде фронталь әдісі пайдаланылады, үлкен қателері түзетіліп барылады. Секіруді команда бойынша орындау керек. Оқушылар толығымен әрекетті үйреніп алғаннан кейін оны жетілдіруге өтеді. Жаттығу топ болып орындалады (5-7 оқушыдан). Кейін әр бір оқушы максимал аралыққа секіреді. Нәтижелері мұғалім тарапынан анықталады. Бұл оқушылардың белсенділігін арттырады.
Әдебиеттер
Платонов В. Н. Тәжрибелі спортшыларды даярлау. М., ФиС, 1986
И. Тер-Ованесян Жеңіл атлетиктерді даярлау. Терра-спорт, М., 2000
Озолин Н. Г. Жаттықтырушының жұмыс кітабы. (ғылым жеңеді) Москва АСТ Астрель, 2004
Тапсырмалар
Лақтыру техникасының бөлшектері, олардың міндеттері
Диск лақтырудың даму тарихы
Екпіндеп жүгірудегі соңғы қадамның ерекшеліктері
Ұзындыққа секіру түрлері
Ұшудағы секірушінің қозғалысы
Достарыңызбен бөлісу: |