Сабақтың мақсаты: і-ііі-ші аналитикалық топтардың катиондарының қоспасын жүйелік анализдеу барысында зерттеу



бет2/8
Дата06.02.2022
өлшемі30,04 Kb.
#81635
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
5-6 лаб

Жұмыстардың орындалу реттілігі
І-ІІІ-ші аналитикалық топтардың катиондарының қоспасын жүйелік анализдеу барысында зерттеуге берілген қоспада Na+, K+, Ag+, Pb2+, Ba2+, Ca2+ иондары бар деген болжам жасалады. Осы жағдайда жүйелік талдау келесі сызба бойынша жүргізіледі.
1.Қоспаның рН-нің мәнін анықтау.
2.Ерітіндінің 5-6 тамшысынан NН4+ иондарының бар-жоғын анықтау.
3.І-ші топ катиондарын басқалардан бөлу үшін қоспаға тұнба түзілу тоқтағанша НСІ-ның 2 н ерітіндісін қосып, сүзгіден өткізу. № 1-ші тұнбада иондары; № 1-ші сүзіндіде және иондары болады.
4.Тұнбаны 1-2 рет дистильденген сумен шайып, Ag+, Pb2+ иондарын ІІ-ші топ катиондарын анықтау бойынша табады.
5.PbCl2-нің ерігіштігі төмен болғандықтан (0,04 г-ион/л), аздаған мөлшері сүзіндіге өтеді де, Pb2+-иондары Ва2+ -иондарын анықтауды қиындатады. Ол үшін № 1-ші сүзіндіге КІ-нің ерітіндісін Pb2+ -иондары тұнбаға толық түскенше қосып, сүзгіден өткізеді. № 2-ші сүзіндіде – Pb2+-иондарының жоқтығын байқағаннан соң, № 2-ші тұнбаны тастайды, сүзіндіден иондарын бөледі.
6.ІІ-ші топ катиондарын бөлгенде № 2-ші сүзіндіге толық тұнба түзгенше Н24–ның 2 н ерітіндісін қосып, сүзгіден өткізеді. № 3-ші сүзіндіде Ва2+, Са2+ иондарының жоқтығын байқайды.
7.№ 3-ші тұнбадан Ва2+, Са2+ иондарын ІІІ топ катиондарын анықтау бойынша табады.
8.№ 3-ші сүзіндіден Na+, K+, NН4+ иондарын І-ші топ катиондарын анықтау бойынша табады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет