Сабақтың мақсаты. Ірі азықтардан сынама алып, санитариялық гигиеналық баға беруді үйрену



бет3/3
Дата08.12.2023
өлшемі34,05 Kb.
#195626
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Документ (79)

Нитриттің бар жоғын анықтау. Жаңадан дайындалған қызылша тілігінің үстіне дифениламиннің бірнеше кристалын қойып, шыны таяқшалардыңкөмегімен күкірт қышқылының бірнеше тамшысымен ылғалдндырады. Егер қызылша тілігінің етінде анық көк түс пайда болса, аз мөлшерде болғаны, ал егер бояу көрінбесе шамалы ғана болғаны.

5.Сүрлемдегі хлоридттерді және сульфаттарды анықтау


Сульфатты анықтау Сүзіндінің 10мл, 25 түз қышқылының ертіндісінің 5 тамшысын қышқылдадырады, 10 процент ВаСL2 ертіндісінің 5-10 тамшысын қосады.сульфат бар болған жағдайда ақ тұнба пайда болады.
Хлоридті анықтау. Сүзіндінің 10мл азотты қышқылдың бірнеше /3-5/ тамшысын қышқылдандырып және оған 5 ертіндісінің 5 тамшысын қосады.

Хлорид бар болған жағдайда ақ ірімшікті тұнба пайда болады.


6.Картоптағы салонинді анықтау


Глюкозид – салонин картопта әдетте шамалы мөлшерде /100г 2-3 мг жуық/ болады. Дұрыс сақталмаса ол көбейе түседі. Салонин мөлшері едәуір ұлғайып, кей жағдайда картоптың 100 грамында 50 мг дейін көбейеді. Мұндай картоппен азықтандырған кезде малдың улану қаупі туады. Салонинді анықтау үшін картоп түйнегін өзегінің бойымен қалыңдығы 1 мм етіп тіледі, сөйтіп жоғарғы ұшынан негізіне дейін көздерін қалдыра екі тілікке бөледі. Тіліктерді сағаттық шыныға немесе фарфор табақшаға салады да оған бір тамшыдан 80-90 % сірке қышқылы ерітіндісін, концентрацияланған күкірт қышқылын және 5 % сутегі тотығының ерітіндісін тамшылатып тамызады. Егерде картоп тілігінің бетінде қызыл немесе қою құлпынай түстес бояу байқалса салониннің бар болғаны.

8. Дәнді – дақылды азықтарды және құрама жемді санитарлық-гигиеналық бағалау





  1. Ораганолептикалық зерттеу

Түсі – жас сұлы, арпа, жүгері дәнінің өзіндік жылтыр түсі болады. Азық дәндерінің жылтыры жоқ, күлгін түсті, қара дақтарының болуы, оларды жинау мезгілі мен сақтау жағдайларының бүзылуына байланысты.


Исі – қалыпты әрі іріктелген дәннің өзіне тән жұпар исі болады, ал сапасы төмен дәннің шірік исі болады.


Дәмі – жас дәннің сүт татыған тәттілеу дәмі болады және дәмін татқан кезде ауызда иленіп қамырға айналады. Ал бүлінген, ескі, көгерген дәннің дәмі ащылау немесе ащы болады.


Ылғалдығы – құрғақ дәннің ылғалдылығы 15 процент, орташа – 17 процент, ал дымқыл дәндегі ылғал 20 процент болады.


Астықты дәннің нақты салмағын анықтау. Дәнді азықтың жұғымдылығын 1000 дәннің граммен алғандағы нақты салмағын анықтайды. Сұлының таңдаулы сортының нақты салмағы 33 г орташа -28,5 г, осыған сәйкес арпанікі 44-30 – 23,6 г болады. Дәннің нақтты салмағын анықтау үшін қатарынан 300 дән санап алып оны өлшейді алынған салмақты 10-ге көбейтіп, 3-ке бөледі.


Дәннің балаусалығын анықтау. Дән бұзылған жағдайда бос қышқыл пайда болып, органикалық заттар ыдырайды. Дән неғұрлым көп бүлінген сайын оңдағы бос қышқылдар көп болады (сірке қышқылы, майлы, қымыздық қышңьшдар амин қышқылдары). Дәннің қшқылдылығы градуспен белгіленеді. Бір градус қышқылдылық 100 грамм дәннің қышқылын бейтараптауға кеткен 0,1 нормальды сілтінің I мл ерітіндісіне тең.


Дәннің қышқылдылығын бағалаудың мына төмеңдегідей шектері белгіленген: 3,50-4,6° - бүліну процесінің басталуы; 5,5°-сақтауға қауіпті; 9,5°- бүлінген дән, бұл дәннен құны төмен малдарды және өте аз мөлшерде азықтандырған жөн.


Анықтау жолы: 5 г дәнді алып, келіге мұқият түйеді. Сыйымдылығы 200 мл колбаға 40 мл дистилді су құйып жармаланған дәңді салып, 2-3 минуттай мүқият шайқайды да шыны таяқшамен пайда болған түйіршіктерді майдалайды. Қабырғаларына жұққан бөлшектерін таза сумен шаяды. Осы қоспаға фенолфталеиннің I% ерітіндісінің 5 тамшысын қосып NaOH немесе КОН-тың 1 % ерітіңдісімен қызғылт түс пайда болғанша титрлейді.


Х = А х 20 : 10,

NaOH немесе КОН-ның жұмсалған миллилитр ерітіндісінің мөлшері /А/ 20-ға көбейтіледі, өйткені небары 5 г дән алынған болатын; көбейтіндіні 10-ға бөледі, оның себебі титрлеген кезде 0,1 % сілті ерітіндісі пайда болады.





  1. Дәндегі гранозанды анықтау.

Өсімдік шаруашылығында әртүрлі дақылдардың тұқымын өсімдік ауруларының қоздырғыштарының бүлдіруінен сақтап қалу үшін сынапты препараттар /гранозан, формалин, меркуран, тағы басқаларын/ кеңінен қолданады. Формалинді, гранозанды және басқаларын пайдадану барысында сақтық жөніндегі нұсқауларды орындамаған жағдайда мал мен құс мұндай дәңді жеп улануы мүмкін.


Анықтау жолы: 1. Зерттеу үшін фарфор ыдысқа 25 г дән салады, оған тұз қышқылының 18 % ертіндісін құяды. Бұдан кейін алдын ала наждак қағазбен тазаланған мыс пластинканың немесе сым темірді шыны ілгішпен қоспаға түсіреді де спиртовкада 30 минут бойына қайнатады. Сынап болған жағдайда пластинканың бетінде күміс түстес дақтар пайда болады.





  1. Колбаға зертелетін 10 г дәнді салып, 20 мл дистильді су құяды да 10 минуттан кейін оны араластырып сүзгіден өткізеді. Натрии гипосульфат ертіндісі сіңген сүзгіш қағаздың жолақтарына сыналатын ертіндінің тамшыларын тамызады. Егер де катион бар болса сары дақтар пайда болады.

3.Дәндегі формалинді анықтау


Анықтау жолы: 1.Колбаға зерттелетін 10 г дән салып, 20 мл дистильді су құяды. Тұнба алу үшін қоспаны үй температурасында 3-4 сағат қояды да соңынан сүзеді. Зерттеу үшін пробиркаға 1 мл сүзінді құйып, 1 мл жаңадан дайындалған пептонның 1 % ертіндісін және бромды калий түйіршіктерін қосады.


Бромды калий еріп болғанша пробирканы сілкілегеннен кейін оған күшті күкірт қышқылының қоспасын қосады. Егерде сүйықтық қышқыл араларында сарғыш күлгін түсті шеңбер пайда болса формалиннің бар болғаны.





  1. Пробиркадағы 1 мл сүзіндіге 1 мл 2 % резорцин ерітіндісін қосады. Қоспаны жақсылап шайқап, сақтықпен 1мл концентрацияланған күкірт қышқылын төменгі қабаттан қосады. Формалин бар болса сүйықтықпен қышқыл аралығында солғын қызыл бояу пайда болады.

9. Құрама жемге санитарлық-гигиеналық баға беру


1.Құрама жемдегі ас тұзын анықтау


Анықтау жолы: Мал азығының орташа сынамасынан алынған ет сүйек ұны немесе балық үнының 5 грамын колбаға салып 50 мл дистилді су қүяды Әбден шайқаған соң колбаны 5-10 минутқа қалдырады ауық-ауық әлгі қоспаны айналдыра шайқайды. Соңынан сұйықтықты сүзгіден өткізеді, колбаға 10 мл сүзінді құйып (K2Cr2O4) хромды қышқыл калий индикаторының 2-3 тамшысын қосып қызыл түс кеткенше 0,1 н азотты – қьшқыл күміс ерітіндісімен титрлейді, 0,1 н азотты – қышқыл күміс ерітіндісінің I мл ас түзының 5,845 мг тең. Балық немесе ет сүйек ұнының сынамасындағы түздың % мөлшерін есептеп шығару үшін мына төмендегідей формуланы пайдаланады:


Х= A x 0,0056 x 100 x 50 (16) 5 x 10


Мұндағы А – титрлеуге /мл есебімен/ жүмсалған 0,1 н AqNO3 ерітiндісінің мөлшері;


0,0058 – 0,1 AqNO3 ерітіндісінің 1 мл-на сәйкес келетін хлорлы


Натрий мөлшері /гр есебімен/;


50 – экстрагирлеу үшін алынған судың жалпы көлемі; 5 – балық немесе ет-сүйек ұнының салмақ шамасы; 10 – титрлеуге алынған сүзінді мөлшері /мл есебімен/.


Азықтық балық ұнының бойында ас тұзы жоғары сортты ұнда 3 %,


Бірінші сортта 4 % болуы тиіс.


2.Құрама жемнiң жалпы қышқылдылығын анықтау


Анықтау жолы: сыйымдылығы 500 мл конус колбаға 25 г құрама жем салып, 250 мл тазаланған су құяды, колбаны тығындап, 10 минут бойына шайқайды. Бұдан кейін колбаны 35 минутқа қалдырады, оны әрбір 3-4 минута араластырып тұрады. Колбадағы сұйықтықты таза колбаға құрғақ сүзгіштен өткізеді колбаға немесе стаканға 25 мл сүзінді кұйып фенолфталеиннің I % спиртті ерітіндісінің 1-2 тамшысын қосады да ашық қызыл бояу пайда болғанша КОН немесе NAОН-нің 0,1 н ерітіндісімен титрлейді. Қьшқылдылықты мына формуламен анықтаймыз:


К= А х П х 40 : 10 (17)


Мұндағы К – қьшқылдылық градусы;


А – титрлеу барысында жүмсалған NA ОН-ның 0,1 н ерітіндісінің мөлшері.


П- сілтінің нақты 0,1 н ерітіндісімен NA ОН ерітіндісінің титрына түзетуі. Сапалы мал азығының көрсеткіштерi мынадай болуы тиіс: ылғалдылығы 15 %, қышқылдылығы 5°-тан, құм 2 % аспағаны, арам шөп тұқымы 0,02-0,1 %, қара күйе 0,05-0,06 % аспағаны жөн.


3.Күнжара мен шроттағы госсиполды анықтау


Анықтау жолы: мақта күнжарасы мен шротында госсипол глюкозиді болған жағдайда ол улы болып келеді.Мақта күнжарасы мен шротының әр жерінен шамалы бөлігін алып, келіге түйеді де ұсақ ұнтақты араластырады. Бұдан соң оның шамалы мөлшерін алып 20 мг өлшейді сонан кейін оны 10-15 төсеніш шыныларға бірдей етіп бөледі. Шыныдағы ұнтақты 2 тамшы күкірт қышқылымен ылғалдап, жұқа шынымен жабады. Сөйтіп кіші ұлғайту арқылы микроскоппен қарайды. Ұнтақты микроскоппен қарардың алдында күкірт қышқылымен ылғалдайды. Микроскоп арқылы дайындалған барлық препараттардағы қызыл түске боялған нүктелерді санайды. Госсиполдың % құрамы мынадай формуламен анықтайды:


Х = а : б х 0,85 (18)


Мұндағы а – барлық препараттардағы боялған нүктелер; б - бөлік өлшемі, мг есебімен 0,085 – тұрақты коэффициеит X – госсипол құрамы, % есебімен.


Құнжара мен шроттың бойыңда госсипол 0,01% аспаса малды азықтандыруға зияны жоқ деп есептеуге болады.


4.Мочевинаның (карбомидтiң) негiзiн анықтау




Анықтау жолы: құрғақ пробиркаға мочевинаның бірнеше түйіршікгерін салып, жайлап қыздырады. Мочевина алдымен балқиды, содан кейін қата бастайды, қыздыру кезінде мочевинадан биурет құралады, ал аммиак. Болса ұшып кетеді (мұны исінен ажыратуға болады). Пробиркадағы биуретке 1 мл NAOH ерітіндісін қосып шайқайды, бұдан соң биурет ертіндісіне күкірт қышқылды мыс ерітіндісінің 1-2 тамшысын қосады. Шайқау кезінде қызғылт түс пайда болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет